Технологиядан Шынжыр жасау тақырыбына сабақ жоспары

Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 сынып сабақ№18 өткізілетін күні:

Сабақ тақырыбы: Шынжыр жасау.

Мақсаты: оқушыларды шынжыр тоқу технологиясымен таныстыру

  1. Шынжыртүрлері мен шынжырларға арналған түйіндердің нұсқаларымен, шынжырларды жасау тәсілдерімен таныстыру.

  2. Сымтемірмен жұмыс жасу дағдыларын дамыту

  3. Ұқыптылыққа, үнемшілдікке, өзбетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: сымтемір, тістеуік, шеге, арнайы қондырғы

Сабақ түрі: сарамандық.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) сәлемдесу

Б) түгендеу

С) сабаққа дайындығын тексеру.

Психолгиялық бағыттау:

-егер таңертең мектепке қуанышты сезіммен келсеңдер, оң қолдарыңды бұлғаңдар

- егер адамдарда шынайылық пен ұқыптылық қасиеттерін бағаласаңдар, онда алға қарай бір қадам жасаңдар

-егер өз өздеріңе сенімді болсаңда, аяқтарыңды топылдатыңдар.

-егер сендер біздің еліміздің тағдыры мазаласа, алақанмен шапалақ жасаңдар.

-егер өздеріңдң өз еліңнің патриоты санасаңдар, екі қолдарыңды жоғары көтеріңдер.

-егер сендер біздің еліміз әлемде беделді орын алатындығына сенетін болсаңдар, екі қолдарыңды алға қарай созыңдар.

-егер еліміздің болашағы сендерге байланысты дегенге сенсеңдер 6 адамнан бірігіп, қолдарыңнан ұстаңдар.

-ал мен сендердің сабақта зерек,зейінді, тапқыр , ал ең бастысы, қалай жұмыс жасай алатындықтарыңды көрсете білгендеріңді қалаймын.

Ал ендеше осындай жақсы көңіл-күймен сабағымызды жалғастырайық.

ІІ.Үй тапсырмасын қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тақырыпты хабарлау

Тақырыпты баяндау:

Сымтемірден дөңгелек сақина жасау үшін алдымен сымтемірдің ұзындығын анықтап алу маңызды. Сымтемірден жасалған сақинаның өлшемі, әдетте, оның диаметр өлшемімен анықталады. Сондықтан дөңгелек сымтемірден сақина жасағанда сымтемірдің ұзындығын анықтау үшін осы сақина диаметрін 3,14 -ке көбейтеді.

Адамның қиялында шек жоқ екені белгілі, ал шынжырлардың түрлері сан алуан. Шынжырлар үшін, әдетте, мыс, жез, болаттан жасалатын сымтемірлер пайдаланылады. Шынжыр жасау үшін алдымен қимагүлі жасалады. Ол үшін 50х50 мм өлшеміндегі ағаш тақтай мен 4 шеге қажет. Шегеленген шегелер тақтайшаның астыңғы жағынан 10 мм-дей шығып тұруы керек. Шегелердің өткір ұштары егеумен өңделеді. 1 және3-шегелер жіңішке, олардың арақашықтығы 10 мм 2,4-шегелер жуан, бір-бірінен 30-35 мм арақашықтықта қағылған. Осындай қимаүлгіде үшкір тістеуішпен созылыңқы ілмек фигураларды иеді. Сымтемірдің артық жерін тістеуікпен қиып алып тастайды.

Кейін түйін үшін сымтемір кесіндінің ұзындығы нақты анықталғанда дайындаманы дәл «өлшем» бойынша кеседі.түйіндерді дөңгелектермен біріктіреді. Ол үшін сымтемірді қарындашқа орап, әрбір орамды кеседі. Дөңгелектер берік ұстап тұу үшін атауызбен қысады.

Түйіндердің пішіні әртүрлі болуы мүмкін, мұның бәрін қиялдарыңа байланысты түрлендіруге болады. Әрбір дөңгелек пен түйінді қылауықпен, қажауқағазбен мұқият тазалап, кішкентай балғамен түзейді.

Шынжырлар барынша мықты болуы үшін олардың бөлшектерін біріктіргенде жіңішке және берік сымтемірді пайдаланған дұрыс. Мұндай жұмыстардың бәрін сымтемірді қыздырмай жасайжы. Шынжыр мойынтұмарын ағаштан жасау бұйымға сән береді.

ІY. Сарамандық жұмыс. Шынжыр жасау.

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

Сергіту сәті. Дене жаттығуларын жасау.

Сарамандық жұмысты жалғастыру. Нұсқау картаға қарап, шынжыр сакиналарын жасау.

Сабақты қорытындылау. Шынжыр жасаған оңай ма екен? Қай жерінде қиындық туындады? Тағы нені үйренгің келеді.

Оқушылар осы сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қорытындылаймыз.

Жасалған жұмыс сапасын тексеру. Бағалау.

Үйге тапсырма: шынжырдың басқа нұсқасын қарастырып, үйде жасау.






«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі»ММ

«№19 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ













Ашық сабақ жоспары


Тақырыбы: Шынжыр жасау.

5 сынып


Өткізген: Елубаев А.Б.- технология

пәні мұғалімі















Семей 2016ж.

© 2010-2022