Ою өрнек 4 сынып

Раздел Технология
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ою-өрнек


Тарихи деректер арқылы ұлттық ою-өрнек өнерінің қалыптасып, дамып отыруына бірнеше факторлар әсер ететінін байқаймыз.

  1. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, соның ішінде: мал, егін шаруашылығы, қолөнер кәсіпшілігі, сауда-саттық.

  2. Табиғат, соның ішінде: дала табиғаты, табиғат сыры, жәндіктер мен аң, құстар т.б.

  3. Халықтың рухани өмірі: ұлттық салт-дәстүрлер, наным-сенімдер. Осы факторлардың әсерімен ұлттық ою-өрнектердің өзіндік мазмұндық ерекшеліетері қалыптасты.

  1. Мағыналық ерекшеліктері.

  2. Бояу түстеріне байланысты ерекшеліктері.

  3. Құрылымдық жүйесінің ерекшеліктер.

  4. Басқа, халықтардың өрнектерімен байланысты ерекшеліктері.

Ұқсастығы: ою-өрнек формасы, тоқылуы, қолданылуы, атауының бірдей болып келуі.

Тұмар ою - қарақалпақ, өзбек, тұркімен, тәжік, ою-өрнегінде кездеседі. Қарақалпақ тілінде «тұмар», тәжік, түрік, өзбек тілінде де «тұмар» деп аталады. Бүгінгі таңда қазақ ұлттық ою-өрнектері бойынша бірнеше классификациялар бар. Олар мотивтеріне қарай, балалардың қабылдау әсеріне орай топтасырылған.

Тәрбиелік мүмкіндіктері: ою-өрнекті үйрену негізінде балалардың ісмерлігі артады, эстетикалық талғамы жоғарылайды.

Дайындалған түрлерден өрнек түсіруді көру, үйрену негізінде талғамы дараланады, өрнектердің мазмұны, мағынасымен таныса отырып, ақыл-ойы өседі, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігі артып, қолөнер мұраларын бағалай білетін дәрежеге жетеді.

Ою-өрнек өнерінің тәрбиелік тағылымдық мүмкіндітері жоғары, өйткені ол ұрпақ тәрбиесіне кешенді түрде әсер етеді.

Ою-өрнектердің орналасу үйлесімділігі

Халық тұтатын бұйымдар мен мүліктерге нақыштап ою салып, өрнектеудің көнеден қалыптасқан заңдылықтары бар. Ою-өрнектердің қолданылуы, оның орналасу реті белгілі орныққан тәртіпке бағынады.

Қандай өрнекті пайдалану, біріншіден өңделетін шикізатқа,сонымен бірге жасалатын бұйымның пішіні мен көлеміне қарасты болады. Мысалы: текеметте қолданылатын ою-өрнектің пішіні жазық. Бояу түсті қарапайым, монохромды, сыртқы жазықтары көрнекілеу. Алаша, бау-басқұрларда өрнек жолақ бойымен өтеді.

Темірге күміспен жалатылған өрнектің композициясы жинақы. Күміс түсі көбіне темірмен конрасты шешімде.

Көп жағдайда зерттеушілер ою-өрнектерді формасына ғана байланысты ажыратып, оларды бірнеше топқа бөледі: жануарлардың жеке мүшелерімен олардың басқан іздеріне ұқсастырылған өрнектер («арқар мүйіз», «түйе табан», «ит құйрық», т.б.) ою-өрнектердің екінші тобы, көне өрнектердің бірі - геомтриялық өрнектер (полеолит кезеңінен жеткен құмыралар мысал бола алады, кейіннен саптыаяқтар, ожауларды нақыштап оюлаған) оның жиі кездесетін бір саласы өсімідік тәріздес ою-өрнектер.

Осы жерде бірнеше сұрақтар туады.

Біріншіден, ою-өрнек біздің эмоциямызға қалай әсер етеді?

Екіншіден, адамның одан алатын эстетикалық ләззаты немен байланысты?

Сыртқы әдемілігіне ғана ма? Оның эстетикалық және көркем құндылығы неде?

Бұл айтылғандарға жауап беру үшін ою-өрнектің жалпы композициялық орналасу тәртібін, оның қандай элементтерден тұратынын, осы элементтер атқаратын міндеттерді ұғуымыз керек.

Жалпы қазақ халқының оюлары Орта Азия өрнектерімен салыстырғанда композиция қарапайымдылығымен, бояу түсінің ұстамдылығымен, формаларымен ерекшеленеді. Ою-өрнек арқылы халық шеберлері өз ойларын,көңіл күйін жеткізіп отырған.

Жаңа ғана атап өткен элементтер ою-өрнектің көркем тілін құрайды. Оның көркем тілі бейнелеу өнеріндегідей бояу түсіне, олардың үндестігіне, сызықтар ырғағына, жарық қатынасына байланысты. Сол секілді ою-өрнектің басты элементтерінің бірі - бояу түсінің де орналасу реті бар. Бояу түстері ырғақты үндестігімен әуенді үйлесіміне байланысты бейнелеу өнеріне жақындайды деп айтуымызға болады. Әр бояу түсінің атқарар міндеті бар. Одан шындықтың шартты бейнелері көрінеді. Ол өмір символы. Осы бояу түстерінің үйлесімді шешімдерінен көшпелілердің өмір туралы түсінігі, әлеуметтік және ұлттық ерекшеліктері, олардың қуаныштары мен күйініштері көрінеді. Ою-өрнектерге салынған бояу түсі жарықты жойып жібереді. Жарық қатынасын салыстырмалы ғана ұғамыз. Композицияда бояу түсі жарықты алмастырғандықтан, онда кеңістік те байқалмайды. Осыған байланысты кеңістік мәнділігі де жойылады. Халық шеберлері ырғақты сызықтар, үйлесімді бояу түсі, айқын формалар арқылы ешқандай перспектива мен жарық қатынастарынсыз-ақ көз қуантарлықтай тамаша өнер шығармаларын тудырған. Осыған орай ою-өрнектердің көркем шешімі оны прозаға қарағанда поэзияға жақындатады дейміз. Ою-өрнектердің бояу түсі шын дүниенің объективті көшірмесі емес, оның шартты ұғымын ғана білдіреді. Ой астарлы жеткізіледі.

Қай жағдай да ою-өрнектегі тұтастық сақталып отырған. Композициядағы тепе-теңдікті, тұтастық пен жинақылықты, қайта өрлеу дәуіріндегі классикалық шығармалармен салыстыруға болады.


Абишева Лаура Ақылтайқызы

Бейнелеу өнері

© 2010-2022