Ашық сабақ Ою-өрнек түрлері

Раздел Технология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

жоспары:

Күні:

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ою-өрнек түтлерін таныстыра отырып, жасалу жолдары туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ізденісін дамыту, икемділігін, сабаққа қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, сұлулыққа, әсемділікке баулу, эстетикалық талғамын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі:сарамандық, түсіндіру,сұрақ- жауап.

Көрнекілік: ою-өрнек түрлеріне буклеттер, слайд.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А)оқушыларды белгілеу.

Б)Cабаққа қажетті құралдарының дайындылығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

"Зергерлік бұйымдармен аксессуарлар" тақырыбы бойынша сабақтарын тексеру.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ою-өрнек халқымыздың мәдени шежіресі. Халқымыз қай заманда болмасын сұлулыққа ұмтылған, әсем дүниелер жасауда айнала қоршаған табиғаттан үлгі алған. Ойын ниетін ою-өрнек тілімен тұспалдап жеткізген. Ал көне түріктердің түсінігі бойынша «құс-көктің, балық-судың, ағаш жердің» белгісі болған.

О ю-өрнек өнерінің классификациясы бес топқа бөлінеді.

Космогониялық ою-өрнектер: а) космос денелері; ә) табиғат құбылыстары; б) жер көрінісінің элементтері.

Геометриялық ою-өрнектер: а) сызық түрлері.

Геометриялық фигуралар: а) сызық түрлері; ә) геометриялық фигуралар.

Зооморфтық ою-өрнектер: а) құс. Жәндіктердің символдық бейнесі; б) жабайы және үй жануарларының символдық бейнесі.

Өсімдіктектес ою-өрнектер (белгілі бір стильге түскен): а) жапырақтар; ә) гүлдер; б) дәндер мен жемістер.

  • Қазақтың ұлттық ою-өрнегі - қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.

  • Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, ұйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі.

  • Өрнектердің түстері мен бояулары

  • Қолөнерде пайдаланылатын бояуларды шеберлер өздері қолдан жасап алатьін оларға әр түрлі қоспаларды қосып. бұрын табиғатта жиі кездесетін және сол күйінде пайдалануға жарай беретін ақ, сары, көк, қызыл және қара топырақтар, түрлі түсті жосалар (сары, көк, қызыл) ағашты, теріні, қайысты бояуға жұмсалған. Сол сияқты малдың қанын, қара бауырын, көк бауырын да бояу ретінде пайдаланған. Көк тікеннің бүрі, мойыл, долана, қарақат, бүлдірген, итмұрын және тағы басқа да осылар тәрізді түрлі жемістердің шырыны да даяр тұрған бояу болған





  1. Сарамандық жұмыс.

"АҚҚУ"- оюын ою.

Құрал - жабдықтар:калька қағазы, мата, биссер, түрлі түсті қағаз, ине-жіп, қайшы, сызғыш, қалам.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Алдымен "аққу" оюын ақ қағазға бастырып алу.

2. Бастырып алған оюды әдемілеп қиып алу керек.

3. Қиып алған оюды матаға орналастырып, сызып алу.

4. Сызылған бойынша түзу етіп матадағы оюды қиып алу.

5. Қиып алынған оюды негізгі матаға орналастырып, шетін асемду.

6. Кестелеу немесе биссермен шетін жүргізу.

7. Техникалық қауіпсіздікті есте сақта.



  1. Сабақты бекіту.

  1. Ornamentum сөзі қандай мағына береді?

  2. Өрнек түрлерінің классификациясын атаңдар?!

  3. Ою-өрнек түрлерін ата, анықтама бер!

  4. Зооморфтық ою-өрнектер қандай заттарда кеңінен қолданысқа ие?

VI. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма

Сыныптағы жұмысты аяқтапкелу. Ою-өрнек түрлеріне буклет жасау, әр ою түріне анықтама жазу.

© 2010-2022