Сабақтың тақырыбы: Ағашты көркемдеп оюдың түрлері

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ағашты көркемдеп оюдың түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларды өрнектік немесе мазмұндық сарың бейнелері жөніндегі жұмыс ережелерімен, суретті әзірлеу ережелерімен таныстыру.

Дамытушылық: ойлауды, танымдық қабілеттерді дамыту.

Тәрбиелік: жеке және топта жұмыс істей білуге әдемілікті сезінуге тәрбиелеу, оқушыларда көркемдік талғамды көркемдік білімді, икемділіктерді, дағдыларды қалыптастыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: оюдың үлгісі, технологиялық карта, шеңберсызғы, сызғыш, қалам, бөлшектердің дайындамалары аспаптар салынған қорап.

Пәнаралық байланыстар: бейнелеу өнері, тарих.

Болжамдап отырған нәтиже: ағашты көркемдеп оюдың түрлерін меңгере алатын тұлға.

Сабақ жоспары:

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Жаңа сабақ.

ІІІ Сарамандық жұмыс.

ІV Жаңа материалды бекіту.

V Қорытынды

VІ Бағалау

VІІ Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Жаңа сабақ.

Оюдағы сурет сипатына орындау техникасы мен композицияның жазықтық құрылымы ықпал етеді. Бедер материалды тереңдете оюдың нәтижесінде алынатын жарық пен көлеңкенің, қуыстаулардың түр өзгерістері есебінен құралады. Ою заттың жалпы пішінін, сондай-ақ композициялық әзірлеменің тұрақтылығын немесе белгілі бір серпінділігін сақтауға мүмкіндік береді.

Оюда қандай да бір кескіндемелік картаның көшірмесін жасауға болмайды. Өйткені сәндік қолданбалы өнердің техникасында көркемдіктің өз тілі мен жалпылау шегі бар. Бізді қоршағандардың бәрі айқын нышандарға айналады. Оюда адамның психологиялық көңіл-күйін беруге тырысу қажет емес - бұның сәті түспейді, өйткені сұлба тек сызықтардан тұрады.

Кез келген әзірлемеде өрнектік немесе мазмұндық сарынның айқын бейнесі болуы тиіс. Әрбір оюшының жұмыс мәнері мен шығармашылық қиялының өз ерекшеліктері бар, сондықтан да оюдың бір түріндегі бірдей мазмұн жалпылаудың әртүрлі дәрежесінде орындалатын болады. Бұл жердегі басты нәрсе - бұл оюды орындау техникасын еске ала отырып, материалдың сәндік қасиеттерін пайдалану мен сақтауға тырысу.

Жазықтық-қуыстап оюда бейнелеулерді құруды геометриялық және пішіндік ою техникасының сипатты ерекшеліктерін зерделеуден бастау ұсынылады. Пішіндік оюда барлығы сызықтық ырғақта, ал геометриялық ою тұтастай алғанда, сондай-ақ жеке алғанда әрбір ою элементінің бейнесін нақты құрумен орындалады. Алғашында барлық әзірлемелерді әрбір элементті оюды жеке үйренуден бастау керек, одан кейін бұл элементтерден белгілі бір тізбектер, жыланшалар түріндегі өрнектер, т.б. өрнектік композициялық құрылады.

Геомтериялық оюды орындауға арналған сурет нобайы сызықтық пішінімен және реңктік өтулер арқылы жасалады (1-сурет).

Сарамандық сабақтар үшін жарықтың жазықтықтағы реңктік өзгерісі көрсетілген суретті пайдалану керек.

Суреттің көлеңке жақтары қара түспен, ал жарық ауысатын жақтарын негізгі реңктік жарты дәрежесінде орындаған жөн. Әдетте, суреттің сипаты әсемделетін жазықтықтың формасына байланысты болады. Мысалы, өрнектің тікбұрышты немесе шаршы бөлігін бірнеше композициялық бөліктерге бөледі, олардың әрқайсысын бірдей элементтермен әсемдейді. Бқл бөліктерді бір-бірінен пішіндік бунақтар - кертіктер арқылы бөледі. Егер композиция шеңберде жасалса, онда шеңбердің бүкіл алаңын аймақтарға бөледі, ал ортасына гүлөрнектің негізгі сарынын орналастырады.

Кіріспе нұсқама. Оқушыларды сарамандық жұмысты орындауға бағыттау.

ІІІ Сарамандық жұмыс.

Оқушылар өздерінің технологиялық карталарына сәйкес, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, сарамандық жұмысты өздігінен орындайды. Мұғалім ағымдағы нұсқаманы өткізеді және оқушылардың шығармашылық жұмысының барысын тексереді.

Ағымдағы нұсқама:

а) жұмыс орындарын ұйымдастыру;

ә) еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру;

б) ҚТЕ-нің сақталуын тексеру;

в) неғұрлым үлгеріп жатқан оқушыларға қосымша тапсырмалар беру.

ІV Жаңа материалды бекіту.

Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.

V Қорытынды:

а) сипатты қателіктер мен себептерге талдау жасау.

ә) оқушылардың жұмысын бағалау.

VІ Бағалау _____________________________________________________

VІІ Үйге тапсырма ________________________________________________









Тексерілді ________________________________________________________

© 2010-2022