Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер

Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер екі я одан да көп түбірлердің бірігуі арқылы жасалатын сөздерді айтамыз. Мысалы: Екібастұз, итмұрын, Астана, Ақмола, кемпірқосақ т.б. Бұл тәсіл сөзжасамның аналитикалық тәсіліне жатады.Бірігу арқылы жасалған туынды сөздердің ерекшелігі- мұнда екі я одан көп түбір сөздер өзара бірігеді. Олар жер, су, өсімдік т.б. атаулар болуы мүмкін.Бірігу арқылы жасалған сөздер күрделі сөздердің құрамына енеді. Себебі құрамындағы түбірлердің саны екі немесе  одан да көп бол...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылындағы

Абай атындағы № 3 орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Болатбек Динара Болатбекқызы

Сынып: 5

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер

Сабақтың мақсаты:

1.Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер туралы мәлімет бере отырып,, оқушылардың білімдерін меңгерту.

2.Әр түрлі әдістерді қолдана келе, оқушылардың ой өрісін, есте сақтауын, шапшаңдығын,шығармашылығын дамыту.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, талдау

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Көрнекілігі: сызба кесте

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушыларды түгендеу.

3.Оқушыларды сабаққа дайындау.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

«Атакалау» әдісі:

*Жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды сөздердің ерекшілігі неде деп ойлайсыңдар?

*Сөзжасам нені зерттейтін сала?

*Сөзжасамның жасалуының қандай тәсілдерін білесіңдер?

373-жаттығу, 167-бет. Шарты: жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді табу.

ІІІ.Жаңа сабақ

Әр топ өздері жаңа сабақты оқып, түсіндіреді. (топтық жұмыс)

АКТ бойынша жұмыс жүргізеді. (ғаламторды қолдану)

Екі я одан да көп сөзден бірігіп, жаңа лексикалық мағына беретін сөздер жасалады. Мысалы: Ақтөбе, Үштөбе, Сырдария т.б.

ІҮ.Жаңа сабақты меңгерту

Деңгейлік тапсырмалар әр топқа беріледі.

І деңгей:

374-жаттығу, 168-бет. Шарты: төмендегі сөздердің қандай сөздерден бірігіп жасалғанын айтыңдар.

ІІ деңгей:

375-жаттығу,168-бет. Шарты: төмендегі біріккен сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңдар.

ІІІ деңгей:

376-жаттығу, 168-бет. Шарты: бірігу тәсілімен жасалған қандай құс, аң, өсімдік, жер атауларын білесіңдер? Өз білімдеріңді тексеріңдер.

Талдау жұмыстарын орындау.

Төмендегі сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.

Ойла, жұмысшы, малшы, айлакер, әдепті, мектепке, білімсіз, айтыс, күрек, жолбарыспен.

Осы сөздердің орысша баламасын айт.

Шығармашылық тапсырма

Біріккен сөздерді қатыстырып, сөзжұмбақ құраңдар.Әр топ өзінің сөзжұмбағын жасырады.

Ү.Бекіту

Бірігу жолымен жасалған туынды сөздердің ерекшелігін ашу.

Әр топ бүгінгі тақырып бойынша және өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.

ҮІ.Үй тапсырмасын беру

379-жаттығу, 169-бет.

ҮІІ.Бағалау







© 2010-2022