Сабақ жоспары: Бисквиттік қамыр

Раздел Технология
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бисквиттік қамыр

Сыныбы: 10

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға бисквит қамырын дайындау технологиясын, сұраныс заңы туралы айту;

Дамытушылық: оқушыларды тамақ дайындау мәдениетіне қалыптастыру;

Тәрбиелік: оқушыларды эстетикаға, этикаға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ жауап

Сабақтың көрнектілігі: оқулық

Пәнаралық байланыс: биология

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

1. Кондитерлік ыдыстарға не жатады?

2. Миксер дегеніміз не?

3. Кондитерлік пышақпен қалай пайдаланамыз?

4. Сұраныс шамасы дегеніміз не?

  1. Сұраныс пен сұраныс шамасының айырмашылығы не?

llІ Жаңа сабақ

Бисквит қамыры деп - жұмыртқаға қант қосып, көлемін 2-3 есе арттырып көпіртіп, ұнмен араластырған қамырды айтады. Бұлғау кезінде масса құрамында көптеген ауа көпіршіктері пайда болуы арқасында көлем артады. Бисквит қамырының негізін қант, жұмыртқа, ұн құрайды. Дәм бергіш қосындылар ретінде лимон немесе апельсин қабықтары, ванилин, ұнтақ - какао немесе мейіз, жаңғақ, бадам қолданылады.

Бисквит қамырды қопсытқышсыз немесе ашытқысыз дайындалады. Тек майлы бисвит дайындағанда аздап ас содасын қосады. Басқа ұн тағамдарына қарағанда бисвит бұйымдары жеңіл, жұмсақ және жұқа тегіс қабықты болады. Бисквит қамырынан торт, пирожныйлар, орама нандар пісіріледі.

Қант - жұмыртқа қоспасын жылдам көпсіту және жедел қамыр илеу бисквит қамырын дайындау технологиясының ерекшелігі болып табылады. Дайын қамырды бірден қалыпқа құйып пісіруге қояды. Алынатын бисквит қамырының сапасы жұмыртқаның ескі болмауына және көпсіту уақыты мен пісіру жағдайына байланысты.

Бисквит қамырының негізгі рецептурасы

Қамыр түрі

Ұн

( стакан)

Қант

(стакан)

Жұмыртқа

(дана)

Сары май

Крахмал

Су

Жай бисквит қамыры

1

1

4-5




Картоп крахмалды бисквит қамыры

3 ас қасық

3 ас қасық

5


3 ас қасық


Суға иленген бисквит қамыры

1/4

3/4

5



4-5 ас қасық

Сары майлы бисквит қамыры

2/3

1/2

4

4 ас қасық



Қалыпты бисквит көлемінің пісіру кезінле өзгеруін ескере отырып жартылай толтыру керек. Бисквитті 180 -200 С температурада 30 -45 мин пісіреді. Орама мен бисквит қамыры 8- 10 мин азырық пісіріледі, басылып қалмау үщін бисквитті піскен соң біраз уақыт қаңылтырпеште ұстау керек. Піскендігін ортасына ағаш шыбық кіргізу арқылы тексереді. Егер шыбық құрғақ болса, бисквит дайын. Бисквит қалып ыдыстан жеңіл бөліну үшін оны алдын ала майлайды, қағаз төсейді немесе құрғатылған нан қоқымын себеді.

1. Жұмыртқаларды жарып ыдысқа түгел құяды да, үздіксіз араластыра отырып субылауда 40- 50С- қа жылытады. Сонан соң ыдысты судан түсіріп, қоюланғанша араластырады. Аздап ұн себе отырып қамыр иленеді. Бұл тәсілді сары уызды бөлу қиындаған жағдайларда қолданады. Бұл тәсілдің артықшылығы - бисквит пісіп болған соң отырып қалмайды.

2. Жұмыртқаларды бір-бірден жарып, ыдысқа құяды. Әр жұмыртқадан соң 2 ас қасық қант қосылып, көпсітіледі. Қант түгел қосылып, барлық жұмыртқаны көпсіту аяқталған соң, ұн салып қамыр иленеді. Бұл тәсілде уақыт үнемдеу үшін электр миксерін қолданған дұрыс.

Сұраныс заңы

Кестеден сатып алушалар апта ішінде 100 теңге бағамен 400 л шырын сатып алуға әзір екендігі көрініп тұр. Бағаны 110 теңгеге көтеру сатылу көлемін 360 литрге дейін қысқартады, яғни тауар бағасының өсуі оған сұраныстың шамасын азайтады. Осыдан тауарға деген сұраныстың шамасы оның бағасына байланысты екендігін және бұл байланыс кері (жағымсыз) екендігін көреміз, яғни сұраныстың шамасы мен баға өзара қарама-қарсы бағытта өзгеріп отырады: тауар бағасы қымбат болған сайын оған деген сұраныстың шамасы азая түседі (P↑ Q↓) және керісінше баға арзандаған сайын сұраныс шамасы көбейеді (P↓ Q↑).

Мұндай бақылау сатып алушының нарықтағы іс-әрекетінің заңдылығын тұжырымдауға мүмкндік береді: арзан бағамен тауар жоғары бағадағы тауарға қарағанда көбірек сатып алынатын болады (сұраныс заңы).

ІҮ Жаңа сабақты бекіту

1. Бисквит қамырының негізін құрайтын қандай тағамдар?

2. Бисквит қамырын дайындаудың неше тәсілі бар?

3. Әр қайсысына сипаттама беріңдер.

4. Бисквит қамырының сапасы неге байланысты?

  1. Сұраныс заңы дегеніміз не?

Ү Сабақты қорыту. Бүгінгі сабақта біз, бисквит дайындау технологиясын, сұраныс және сұраныс икемділігі туралы білдік.

ҮІ Үйге тапсырма. Бисквит жасау.

ҮІІ Оқушылардың білімін бағалау

ҮІІІ Рефлексия

ІХ Жұмыс орнын ретке келтіру




© 2010-2022