Табиғи материалдарды дайындау

Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдарды дайындау    Сабақтың мақсаты:    1. Білімдік: табиғи материалдар туралы жалпы түсінік қалыптастыру.    2. Дамытушылық: қол қимылы арқылы саусақтар моторикасының дамуына жағдай жасау.    3. Тәрбиелік: табиғи материалдарды ұқыппен пайдалануға баулып, экологиялық мәдениетін жетілдіру.    Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: қайың ағашының өңдеуге дайындалған кесіндісі, оны дайындаудың технологиясы көрсетілген плакат, ара.    Еңбек нысаны: қайың ағашын дайындау.           Сабақтың барысы:    3-сыныпта мұғалім табиғи материал туралы техникалық-технологиялық мағлұматтарды қайың ағашын мысалға келтіре отырып, түсініктеме беріледі. Қайың ағашы «жапырақты ағаштар» топтамасына жататындығы, қаттылау және серпінді, талшықтары түзу де жіңішке, біртүсті болып келетіндігі қайың ағашының шағын кесіндісі көрсетіліп түсіндіріледі. Басқа ағаштарға қарағанда, қайың талшықтары мен қабығында өзіндік өрнектері болады. Қайың ағашы көбіне құрал-сайман, жиһаз жасауға қолданылады, қайың материалының жақсы жонылатындығы және өңделген материалы жылтырақ болып келетіндігін айту керек. Қайың материалы бөлшектері ауа кірмейтін жабық жерде көп тұр...   2-сағат    Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдардан пішіндер құрастыру 11-сабақ    Сабақтың мақсаты:    1. Білімдік: табиғи материалдардан пішін құрастыруды үйрету.    2. Дамытушылық: икемділік, ептілікті, қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру.    3. Тәрбиелік: табиғи материалдарды әртүрлі пішіндер құрастыру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, экологиялық мәдениетін жетілдіру.    Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: қайың ағашынан алынатын табиғи материалдар.    Еңбек нысаны: қайың ағашынан әртүрлі пішін құрастыру      Сабақтың барысы:    Қайың ағашы құрал-сайман, үй жиһаздарын жасауға, жалпы үй шаруашы - лығында материал ретінде кеңінен пайдаланылады. Қайың ағашы және одан жасалатын табиғи материалдардың түрлері, қасиеті мен ерекшелігі, пішін құрастыруға қажетті табиғи материалдары, материалды таңдау және дайындау туралы түсінік беру.    Біріншіден, табиғи материалдан композиция жасауға қажет негізгі және қосымша материалдар туралы түсінік. Пішін жасауға қажетті материал көлемін анықтау (үлкен не кіші, пішіннің динамикалық қимыл бағытын көрсетуге икемдігі және т.б.), материалды өңдеу, әрлеу, үйлестіру, орналастыру, оны орындау реті, бекіту және түрлендіру туралы мағұлматтар беру. Қайыңнан алынатын табиғи маттериалдарға - жапырағы, бұтағы, қабығы, безі, тамыры, тілінін алынған белігі туралы жеке-жеке мағлұмат беру.   Екіншіден, табиғи материалды өңдеу алдында материалмен, құралдармен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері, сабақ барысында сақтықпен жұмыс істеу туралы түсінік беріледі.    Үшіншіден, табиғи материалдармен пішін немесе композициялық көрініс жасауда табиғи материалды көріп, тани білу, ағаш немесе бұта сынығы, бөлігі, томары қандай екенін пайымдау (қандай пішін түрін жасауға болатыны), шешім қабылдау мәселелеріне түсінік беріп, оқушылардың шығармашылық қиялының кеңейе түсуіне ықпал ету.   Сабақтың сарамандық бөлімінде оқушының материалды таңдау, байқау, қажеттісін алып, шаң-тозаңын тазалау, қабығын аршу, өлшеу, кесу, әрлеу, үйлестіру, құрастыру, бекіту, түрлендіру, кептіру, дайын болған бұйымға сын көзбен қарау, орындаған жұмысын түсіндіре білуіне қарай мұғалім оқушының қабілетін, еңбекке деген ынтасын байқайды. Оқушылар еңбектенудің қарапайым тәсілдерін меңгереді, олардың бойында политехникалық таным негізі қалана бастайды.    Сарамандық жұмыста сыпырғыш жасауға қандай материалды пайдалану қажеттігі туралы оқушылармен пікірлесе отырып, оған қажетті материалдар - пышақ, қайшы, ине, жіпті не үшін қолданатынын түсіндіру керек. Пішіні мен сапалық деңгейін оқушылар өз талғамына қарай жасауға тиіс. Оқушылар берілген тапсырманы орындауда топтасып (үш оқушыдан) жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Бұл арқылы оқушылар ақылдасып, бірлесіп жұмыс істеуге дағдыланады.   Сабақты қорыту: Үйге тапсырманы аяқтап келу
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдарды дайындау

Сабақтың мақсаты:

1. Білімдік: табиғи материалдар туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

2. Дамытушылық: қол қимылы арқылы саусақтар моторикасының дамуына жағдай жасау.

3. Тәрбиелік: табиғи материалдарды ұқыппен пайдалануға баулып, экологиялық мәдениетін жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: қайың ағашының өңдеуге дайындалған кесіндісі, оны дайындаудың технологиясы көрсетілген плакат, ара.

Еңбек нысаны: қайың ағашын дайындау.

Сабақтың барысы:

3-сыныпта мұғалім табиғи материал туралы техникалық-технологиялық мағлұматтарды қайың ағашын мысалға келтіре отырып, түсініктеме беріледі.

Қайың ағашы «жапырақты ағаштар» топтамасына жататындығы, қаттылау және серпінді, талшықтары түзу де жіңішке, біртүсті болып келетіндігі қайың ағашының шағын кесіндісі көрсетіліп түсіндіріледі. Басқа ағаштарға қарағанда, қайың талшықтары мен қабығында өзіндік өрнектері болады. Қайың ағашы көбіне құрал-сайман, жиһаз жасауға қолданылады, қайың материалының жақсы жонылатындығы және өңделген материалы жылтырақ болып келетіндігін айту керек. Қайың материалы бөлшектері ауа кірмейтін жабық жерде көп тұрса, ұштары үгіліп, қасиетін жоғалта бастайтындығын ескерту.

2-сағат

Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдардан пішіндер құрастыру 11-сабақ

Сабақтың мақсаты:

1. Білімдік: табиғи материалдардан пішін құрастыруды үйрету.

2. Дамытушылық: икемділік, ептілікті, қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру.

3. Тәрбиелік: табиғи материалдарды әртүрлі пішіндер құрастыру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, экологиялық мәдениетін жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: қайың ағашынан алынатын табиғи материалдар.

Еңбек нысаны: қайың ағашынан әртүрлі пішін құрастыру

Сабақтың барысы:

Қайың ағашы құрал-сайман, үй жиһаздарын жасауға, жалпы үй шаруашы - лығында материал ретінде кеңінен пайдаланылады. Қайың ағашы және одан жасалатын табиғи материалдардың түрлері, қасиеті мен ерекшелігі, пішін құрастыруға қажетті табиғи материалдары, материалды таңдау және дайындау туралы түсінік беру.

Біріншіден, табиғи материалдан композиция жасауға қажет негізгі және қосымша материалдар туралы түсінік. Пішін жасауға қажетті материал көлемін анықтау (үлкен не кіші, пішіннің динамикалық қимыл бағытын көрсетуге икемдігі және т.б.), материалды өңдеу, әрлеу, үйлестіру, орналастыру, оны орындау реті, бекіту және түрлендіру туралы мағұлматтар беру. Қайыңнан алынатын табиғи маттериалдарға - жапырағы, бұтағы, қабығы, безі, тамыры, тілінін алынған белігі туралы жеке-жеке мағлұмат беру.

Екіншіден, табиғи материалды өңдеу алдында материалмен, құралдармен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері, сабақ барысында сақтықпен жұмыс істеу туралы түсінік беріледі.

Үшіншіден, табиғи материалдармен пішін немесе композициялық көрініс жасауда табиғи материалды көріп, тани білу, ағаш немесе бұта сынығы, бөлігі, томары қандай екенін пайымдау (қандай пішін түрін жасауға болатыны), шешім қабылдау мәселелеріне түсінік беріп, оқушылардың шығармашылық қиялының кеңейе түсуіне ықпал ету.

Сабақтың сарамандық бөлімінде оқушының материалды таңдау, байқау, қажеттісін алып, шаң-тозаңын тазалау, қабығын аршу, өлшеу, кесу, әрлеу, үйлестіру, құрастыру, бекіту, түрлендіру, кептіру, дайын болған бұйымға сын көзбен қарау, орындаған жұмысын түсіндіре білуіне қарай мұғалім оқушының қабілетін, еңбекке деген ынтасын байқайды. Оқушылар еңбектенудің қарапайым тәсілдерін меңгереді, олардың бойында политехникалық таным негізі қалана бастайды.

Сарамандық жұмыста сыпырғыш жасауға қандай материалды пайдалану қажеттігі туралы оқушылармен пікірлесе отырып, оған қажетті материалдар - пышақ, қайшы, ине, жіпті не үшін қолданатынын түсіндіру керек. Пішіні мен сапалық деңгейін оқушылар өз талғамына қарай жасауға тиіс. Оқушылар берілген тапсырманы орындауда топтасып (үш оқушыдан) жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Бұл арқылы оқушылар ақылдасып, бірлесіп жұмыс істеуге дағдыланады.

Сабақты қорыту:

Үйге тапсырманы аяқтап келу



© 2010-2022