8 сыныпқа арналған «Ағаш ұқсату өнері» факультатив сабағының бағдарламасы

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің  үлгісі қалыптасу үстінде.Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүруде.Жаңа білім беру бірінші орынға –баланың тұлғасын, білім алу арқылы жан-жақты дамуын қойып отыр. «Ағаш ұқсату өнері» факультатив сабағының ерекшелігі,оқушыларды қолданбалы өнер түрімен,дизайн мүсін,ағашқа күйдіру өнерлерімен таныстыра отырып,тұлға ретінде танымдық қызығушылықтарын қанағаттандырады.Олардың ой өрісін кеңейтеді,шығармашылық қабілеттерін дамытады.Осы арқылы оқу... Өзектілігі:Бағдарламада көрсетілген бағыт – қазақ мектептерінде білім беру саласында алған білімдерін тереңдетіп, сапасын жаңа заман талабына сай жақсартып, оқушылардың технология, бейнелеу пәні бойынша теориялық білімін практикамен ұштастыра игертіп және көркемдік, эстетика танымдық қызығушылығын арттыру. Мақсаты: оқушылардың әр түрлі бұйымдар жасау арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, көркем – эстетикалық біліктілігін қалыптастыру
Раздел Технология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 сыныпқа арналған «Ағаш ұқсату өнері» факультатив сабағының бағдарламасы.

Түсінік хат.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің үлгісі қалыптасу үстінде.Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүруде.Жаңа білім беру бірінші орынға -баланың тұлғасын, білім алу арқылы жан-жақты дамуын қойып отыр. «Ағаш ұқсату өнері» факультатив сабағының ерекшелігі,оқушыларды қолданбалы өнер түрімен,дизайн мүсін,ағашқа күйдіру өнерлерімен таныстыра отырып,тұлға ретінде танымдық қызығушылықтарын қанағаттандырады.Олардың ой өрісін кеңейтеді,шығармашылық қабілеттерін дамытады.Осы арқылы оқушылардың өзіне тән икемділігі анықталады,тұлға ретінде көркем-эстетикалық біліктілігі,талғамы,қабілеттері қалыптасады. «Ағаш ұқсату өнері» факультатив сабағының барысында оқушылар әртүрлі материалдармен жұмыс жасап дағдыланады.Бұйымдарды жасау технологиясымен танысады,құрал-саймандарды пайдаланып еңбек етуге машықтанады,технология пәніне қосымша мәліметтер алады. «Ағаш ұқсату өнері» факультатив сабағы халықтың ұлттық дәстүрін зерделеуге және оқушының өзіне тән бағдарын таңдауға мүмкіндік береді.

Өзектілігі:Бағдарламада көрсетілген бағыт - қазақ мектептерінде білім беру саласында алған білімдерін тереңдетіп, сапасын жаңа заман талабына сай жақсартып, оқушылардың технология, бейнелеу пәні бойынша теориялық білімін практикамен ұштастыра игертіп және көркемдік, эстетика танымдық қызығушылығын арттыру.

Мақсаты: оқушылардың әр түрлі бұйымдар жасау арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, көркем - эстетикалық біліктілігін қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Сәндік қолданбалы өнер және басқа өнер саласындағы материалдардың өңдеу технологиясын білу;

  • Бұйымдарды жасау жолын меңгеру;

  • Қазақ халқының өнерінің түрлерін танып білу;

  • Жұмысты жүйелеп қорытындылай білу;

  • Құрал-саймандарды ажырата білу;

  • Техника қауіпсіздік ережесін білу;

Күтілетін нәтиже:

Білуге тиіс:

  • Шеберханада техника қауіпсіздік ережесін меңгереді;

  • Халықтың сәндік-қолданбалы өнер түрлерін ажырата біледі;

  • Бұйымдардың көркемдеп өңдеу технологиясын, дұрыс ұйымдастыруды меңгереді;

  • Дизайн, композиция ұғымдарын ажырата біледі;

Игеруге тиіс:

  • Шеберханада жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырады;

  • Құрал-саймандарды дұрыс қолдана біледі;

  • Шығармашылық жұмыстарды істей біледі;

  • Ақпарат жүйесін пайдалануды біледі.


Р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Айы, күні

Көрнекіліктер, жабдықтар мен құралдар

Сарамандық зертханалық жұмыстар

1

Кіріспе. Шеберханада жұмыс істеу ережесі.

1 с

ТҚЕ

Техника қауіпсіздік ережесін жаттау

2

Ағаш ұқсату шеберлігі.

1 с

Сәнді-қолданбалы өнер туындыларының фотосуреттері

3

Ағаш ұқсату өнерінің даму тарихы.

1 с

4

Ағаш өңдеу шеберінің кәсібі.

1 с

Үйші,ұстаның қызметтері

5

Ағаштың алуан түрі.

1 с

Ағаш материалдар

Ағаш құрамына шолу

6

Ою-өрнектің даму тарихы.

1 с

Өрнектердің таралуы

7

Ою-өрнекті қолдану жүйесі.

1 с

Өрнекті бұйымға орналастыру

8

Ою-өрнек үлгілерін дайындау.

1 с

Техникалық сурет

Үлгі дайындау

9

Композиция туралы түсінік.

1 с

Композициялық үлгілер

10

Дизайн өнері.

1 с

Дизайн үлгісі

Сәндеу жұмыстары

11

Ақпараттарды пайдалану.

1 с

12

Көркемдеп оюға арналған ағаш түрлері

1 с

Құрал-саймандар түрлері

Құралдарың қызметі

13

Сандық жасау технологиясы.

1 с

Құрал жабдықтар

Ағаш материалдарын кептіру жолдары

14

Ағаш ұстасы, ағаш шебері, балташы мамандықтар туралы кең мағлұмат.

1 с

Қашаулар

Ою әдістері

15

Ағаш шебері мен ұсталық жұмысына қажет материалдар.

1 с

Ою әдістері

16

Нан кесетін тақтай жасау.

1 с

Суреттер , слайд

Ою әдістері

17

Жапсырмалау әдістері мен түрлері.

1 с

Ою әдістері

18

Фанер бетіне жапсырмалап ою-өрнек жапсыру.

1 с

Эскиздер, сызбалар

19

Ағаштан бұйымдар жасау.

1 с

Сызба үлгілері

Ою әдістері

20

Бұйымды соңғы өңдеуден өткізу.

1 с

Сызба жұмыстары

Ою әдістері

21

Ағашты ою жұмыстары.

1 с

Плакаттар

Лактеу жұмыстары

22

Әшекейлі ағаш беттеріне өң беру және күйдіру.

1 с

23

Ою-нақыш жұмыстарын орындау.

1 с

Суреттер

Аң бейнесін ою

24

Ағашты күйдіріп өрнектеу.

1 с

ТҚЕ

25

Ағаш бетіне, ұшқат бетіне пирография тәсілімен сурет салу.

1 с

Күйдіру аспаптары

Күйдіру жұыстары

26

Күйдіріп табиғат көрінісін салу.

1 с

Техникалық сурет

Күйдіру жұыстары

27

Анималистік жанр бойынша күйдіріп сурет салу.

1 с

Күйдіру жұыстары

28

Адам бейнесін күйдіріп салу.

1 с

Плакаттар

Күйдіру жұыстары

29

Адам бейнесін күйдіріп салу.

1 с

Күйдіру жұыстары

30

Жобаның тақырыбын таңдау, эскиздерін орындау.

1 с

Оқу көрнекілік құралдары

Жоба дайындау

31

Материалдар дайындау, экономикалық есебін шығару.

1 с

Жоба есебін шығару

32

Жобаны орындау кезеңі.

1 с

Сызбалар

Жобаны орындау

33

Жобаны орындау кезеңі.

1 с

Сызбалар

Жобаны орындау

34

Жобаны қорғау.

1 с

Дайын жоба

Жобаны қорытындылау









Арал қалалық № 262 мектеп-гимназиясының

технология пәнінің мұғалімі Мұқашев Нұрбектің

8 сыныпқа арналған «Ағаш ұқсату өнері»

факультатив сабағының күнтізбелік жоспары



2012-2013 оқу жылы.








Арал қаласы 2012жыл



Тақырыптық-күнтізбелік жоспар


«Бекітемін» «Келісілді» «Қаралды»

№ ____ мектеп директоры директордың оқу бірлестік отырысында

______ _______________ ісі жөніндегі орынбасары ______ _______________

______________ 2012ж _______ _______________ Хаттама № ___ «» _____ 2012ж




  • Пән мұғалімі: Мұқашев Н.Қ

  • Пән: Технология

  • Сынып: 8

  • Сағат саны: 34, аптасына 1 сағат

© 2010-2022