Ағашты күйдіріп өрнектеу 8 сынып

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 сынып

Пән: Технология

Сабақ № 14

Тақырып: Ағашты күйдіріп өрнектеу

Сабақтың мақсаты: оқушыға күйдіріп сурет салу жолымен таныстыру

Дамытушылық: Ағаш бетіндегі ою өрнекті арнайы электр күйдіргішпен өңдеуге деген қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік: Оқушыларды өнерге, шеберлікке, еңбекті бағалауға тәрбиелеу

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар:сурет, электр күйдіргіш, тақтай, қалам, тоқ көзі т.б.

Сабақ түрі: Аралас

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрсету, сұрау.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу

ә) тізім бойынша оқушыларды түгендеу

б) оқушының сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Ағаш бөлшектерін құрастыру тәсілдері қандай?

  2. Ағаш материалдарын жартылай қиыстыру деге не?

  3. Рейсмус дегеніміз не?

ІІІ. Қайталау білімді жанжақты тексеру

  1. Ағашты қалдықпен шабу

  2. Керекті құрал саймандар

ІV. Жаңа білімдерді қалыптастыру:

Тақырып: «Ағашты күйдіріп өрнектеу»

Сәндік қолданбалы өнер туындылары былай жіктеледі:

  • Бұйым типі бойынша: тұрмыстық заттар, үй керек - жарақтары және басқа қажетті заттар.

  • Бұйым материалы бойынша: фанер, көпқабатты фанер, ағаш.

  • Материалды өңдеу технологиясы бойынша: күйдіру, ою, аралау т.б.

Күйдіру жиектілік, сызықшалы және нүктелі әдіс деп үш топқа бөлінеді.

Жиекті әдісте өрнек бұйым шетін қуалай жолақ немесе таспа түрінде орналасады

Сызықшалы әдісте сурет бетіне электркүйдіргішпен жылдам қозғалыстар жасау арқылы сызықшалар түсіреді.

Нүктелік әдісте суретті әртүрлі жиліктегі нүктелер түсірумен орындайды, бұл салыстырмалы түрде күрделі жұмыс.

V. Жаңа білімді бекіту:

1) күйдіру әдістерін атаңыз

2) электр күдіргіш қандай бөліктерден тұрады?

3) техникалық қауіпсіздікті сақтау

VI. Сабақты қорыту:

Ағашты көркемдеп өңдеу

VII. Үйге тапсырма беру:

Ағаш бетіне сурет салып оны электр күйдіргішпен күйдіру

VIII. Оқушыларды бағалау

Ағашты күйдіріп өрнектеу 8 сынып Ағашты күйдіріп өрнектеу 8 сынып


Ағашты күйдіріп өрнектеу 8 сынып



© 2010-2022