Баяндама: Технология сабақтарында оқушыларды кәсіптік бағдарлау

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технология сабақтарында оқушыларды кәсіптік бағдарлау.

Технология пәнін оқытуда еңбек етудің алғышарттарын үйрету арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру үшін еңбек біліктілігін ұалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын ояту, еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру қажет деп ойлаймын. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, кәсіпке даярлау үшін әр оқушыға қабілетіне сәйкес келетін білім беру қажет.

Бір-бірімен жалғасып келе жатқан технология оқу пәнінің білім стандартындағы басты мақсат - оқушыларды белгілі бір кәсіпке бағдарлы оқыту болып табылады. Қазіргі кезде білім беру, оқушыларды кәсіпке бағдарлау кәсіптік білім, оқушыларды еңбекке тәрбиелеу қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре-көре, жүре-жүре жетіледі. Сондықтан жас ұрпақты ежелден келе жатқан қолөнер түрлерін оқып үйренуге баулу арқылы олардың өздігінен ізденіп жұмыстар жүргізуіне шеберлік деңгейін арттырып, ынта-ықыласын, қоршаған ортаға қызығушылығын оятуға жетелейтін технология пәнінің мұғалімдері. Өзім сабақ беретін 5 - 11 сыныптарда оқушыларға «Қолөнер - әрбір адамның міндеті екенін» үнемі айтып отырамын. Адамның өмір сүруіне қажетті игіліктің бәрі де еңбектен табылатынын, адамдардың барлығы еңбектің нәтижесінде жақсы жетістіктерге жетіп жүргендіктерін өмірмен байланыстырып түсіндіремін.

Сонымен бірге технология пәні мұғалімі әр оқушының іскерлігі мен белсенділігіне ерекше көңіл бөлуі қажет. Осындай жетістіктерге қол жеткізу бағытында технология сабағында оқушылардың кәсіби іскерліктерін жетілдіру, кәсіпке бағдарлау үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушыларға үйретемін. Атап айтқанда түсіндіру, сипаттау әдістерін қолданып, сабаққа жалпы түсінік беру арқылы оқушылар әр түрлі бұйымдар жасауды жан-жақты зерттеп, қолөнер түрлерін үйренеді. Жұмыс барысында оқушылардың арасында жаңа идеялар туындап, ойлау, салыстыру арқылы жұмыстар жүргізеді.

Технология сабақтарында кез келген шығармашылық жобаны іске асыру барысында жұмыстың технологиялық картасын құраймыз. Үлгілер жасаймыз. Технологиялық карта оқушыға уақытты тиімді пайдалануға, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға, өз жұмыстарының дұрыс жүргізілуіне қажетті материалдарды үнемді пайдалануына көмектеседі. Осындай әдістерді технология сабақтарында оқушыларды кәсіпке бағдарлау шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы ептілікке, іскерлікке үйретеміз. Міне, іскерлік өнердің арқасында өскелең ұрпаққа заман талабына сай технологиялық білім беруді мақсат еттім.

Мен 10 жылдай №21 мектепте ұлдар тобына технология пәнінен сабақ беріп келемін.Мектепте этнопедогогикалық топ бойынша жұмыс жасаймын.Шығармашылық тақырыбым;қолөнерді технология сабағында дәріптеу. Соның нәтижесі;оқушыларым қалалық байқаулардан соңғы жылдарда мынадай жетістіктерге жетті.«Інжу маржан - 2012» байқауында Жүсіпов Ерлан II дәрежелі дипломмен, «Техникалық шығармашылық - 2013» байқауында Бержанов Шынтас III орынды иеленсе, «Бабалар мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» көрмесінде Оңайбай Бақтығали I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сонымен ойымды түйіндей келе, Ахмет Байтұрсыновтың «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек» деген сөзімен аяқтаймын.

Баяндама жазған: Маштанова Манзира

технология пәні мұғалімі

Ақтау қаласы №21 мектеп


© 2010-2022