Белдемше түймелігін орнату тәсілдері

Белдемше түймелігін орнату тәсілдері Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Мата қасиеттерін ескере отырып белдемше түймелігін орнату тәсілдерін түсіндіру. Б) Тәрбиелік: Бұйымды өңдеу технологиясын оқытуда әсемдікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, шеберлікке тәрбиелеу; В) Дамытушылық: Белдемше түймелігінің түрлерімен және оларды орнату технологиясын оқытуда оқушылардың білім қорын молайту, еңбекке икемділігін, эстетикалық талғамын дамыту. Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге ықпал ету. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың типі: жаңа бі... VІІ. Жаңа сабақты қорытындылау:  Сабағымызда белдемше түймелігінің түрлерін, оларды өңдеу технологиясын меңгердік. Белдемшеге ысырманы қиықтардың ортасына орналастыру және қиыққа жылжыта орналастыру әдістерімен таныстық.  Оқушылардың білімін бағалау. VІІІ. Үйге тапсырма беру: Белдемше түймелігін орнату тәсілдері. Технологиялық карта Белдемше түймелігін ысырмамен өңдеу. Код Орындалатын операция Құрал - жабдықтар Нұсқаулар 1 Белдемшенің бүйір тігісін айыра үтіктеу Үтік   2 Ысырманы бүйір тігіске көктеу Қол ине 1 см 3 Тең түсуін тексеру - - 4 Ысырманы машинада тігу 22 - А 0,5 – 0,7 см 5 Дайын қақпақты артқы бөлікке  көктеу Қол ине   6 Қақпақты артқы бөлікке машинада тігу 22 – А   7 Тү...
Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Белдемше түймелігін орнату тәсілдері

Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Мата қасиеттерін ескере отырып белдемше түймелігін орнату тәсілдерін түсіндіру.
Б) Тәрбиелік: Бұйымды өңдеу технологиясын оқытуда әсемдікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, шеберлікке тәрбиелеу;
В) Дамытушылық: Белдемше түймелігінің түрлерімен және оларды орнату технологиясын оқытуда оқушылардың білім қорын молайту, еңбекке икемділігін, эстетикалық талғамын дамыту. Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге ықпал ету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ - жауап, баяндау.
Пәнаралық байланыс: математика, сызу, сурет, әдеп
Көрнекілігі: Белдемше түймелігін орнату тәсілдері - плакаттар
Технологиялық карта
Технологиялық схема
Белдемшені алғашқы өлшеуден өткізу - плакат
Дайын тігілген ысырмалар
Тест тапсырмалары.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Обработка ткани» Л. В. Мельникова, М. Е. Короткова
«Іс тіге біл» Р. И. Егорова, В. П. Монастирная
«Технология женского легкого платья» А. Т. Труханова
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушылар назарын сабаққа аудару.
түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Белдемшені алғашқы өлшеуден өткізудің мақсаты? Алғашқы өлшеу барысында неге мән беру керек? Қандай кемшіліктер пайда болуы мүмкін? Пайда болу себебі? Белдемшедегі кемшіліктерді жою жолдары қандай? Тест тапсырмаларын тарату.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту:
«Кубизм» әдісін пайланып үй тапсырмасын пысықтау. Оқушылардың білімін бағалау.
ІV. Жаңа сабаққа кіріспе:
«Белдемше түймеліктері» ассоциация аймағын құру.
Қолданылатын материалдар түріне қарай (мата, фурнитура) топтастыру;
Сабағымызда белдемшеде қолданылатын түймеліктер түрлерімен және орнату технологиясымен танысамыз.
V. Жаңа сабақ.
Белдемше түймеліктері бүйір тігісте, қатпарлар арасында ысырмамен немесе әдіппен өңделеді. Түйме, ілмектерде модельге байланысты қолданылады. Әйелдер киімінде ысырманы сол жақ бүйір тігіске орналастырады. Ысырманы екі түрлі әдіспен:
А) Қиықтардың ортасына орналастыру;
Б) Қиыққа жылжыта орналастыруға болады.
А) Бүйір тігісті айыра үтіктеп, ысырманың басы белдемшенің жоғарғы қиығынан 1 - 1,5 см төмен бекітіп, буындары қиықтармен сәйкес келетіндей етіп көктейді. Көктеу барысында ысырманың екі жағының тең түсуіне назар аудару керек. Ысырманы мата түстес жіптермен жиегінен 0,5 - 0,7 см тігіспен тігеді. Түймеліктің соңында қиыққа перпендикуляр тігіледі.
Б) Ысырманы қиыққа жылжыта орналастыруда белдемшенің артқы бөлігінің қиығынан 0,2 см оң бетіне жылжыта көктейді. Алдыңғы бөлігін тура қиығы бойынша көктеп үтіктейді. Ысырманы қиықтарға көктеуде артқы бөлігінің қиығына 0,1 - 0,2 см жеткізбей, алдыңғы бөлігін ысырманы толық жабатындай етіп көктеп, 0,8 - 1,2 см тігіс жалпақтығымен машина тігеді.
Қынама силуэтті бұйымдарды ысырма астына негізгі матадан дайындалған қақпақ тігіледі. Дайын қақпақты бұйымның теріс жағынан бүйір тігістің артқы бөлігіне ысырмаға жақын тігеді.
Белдемше түймелігін әдіппен өңдеу үшін оның бөліктерін түймелікке арналған арнайы әдіппен пішеді. Түймелік жиектері мықты болу үшін алдыңғы бөліктің әдібіне желімдегіш материалдар пайдаланады. Әдіптің жиегін торлап, көрінбейтін тігіспен алдыңғы бөлікке бекітеді. Артқы бөліктің әдібінің қиығын қосымша мата жолағымен өңдейді. Әдіптің жиегін артқы бөлікке көрінбейтін тігіспен бекітеді.
VІ. Жаңа сабақты бекіту:
Ысырманы белдемшеге қондыру технологиялық картасын оқушыларға жасату, технологиялық схемасын сызырту.
Көрнекіліктер бойынша тексеру.
(Кодоскоп пайдалану)
INSERT әдісін пайдаланып жаңа сабақты пысықтау.


VІІ. Жаңа сабақты қорытындылау:
Сабағымызда белдемше түймелігінің түрлерін, оларды өңдеу технологиясын меңгердік. Белдемшеге ысырманы қиықтардың ортасына орналастыру және қиыққа жылжыта орналастыру әдістерімен таныстық.
Оқушылардың білімін бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма беру:
Белдемше түймелігін орнату тәсілдері.
Технологиялық карта
Белдемше түймелігін ысырмамен өңдеу.


Код

Орындалатын операция

Құрал - жабдықтар

Нұсқаулар

1

Белдемшенің бүйір тігісін айыра үтіктеу

Үтік

2

Ысырманы бүйір тігіске көктеу

Қол ине

1 см

3

Тең түсуін тексеру

-

-

4

Ысырманы машинада тігу

22 - А

0,5 - 0,7 см

5

Дайын қақпақты артқы бөлікке
көктеу

Қол ине

6

Қақпақты артқы бөлікке машинада тігу

22 - А

7

Түймелікті үтіктеу

үтік



© 2010-2022