Тақырыбы: Сызбаны тексеру. Модельдеу. Үлгі дайындау. (5 сынып)

Раздел Технология
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Сызбаны тексеру. Модельдеу. Үлгі дайындау. (5 сынып)Тақырыбы: Сызбаны тексеру. Модельдеу. Үлгі дайындау. (5 сынып)Тақырыбы: Сызбаны тексеру. Модельдеу. Үлгі дайындау. (5 сынып)Тақырыбы: Сызбаны тексеру. Модельдеу. Үлгі дайындау. (5 сынып)

Технология пәнінен ашық сабақ

5 «А» сынып

3.02.2015 ж

Тақырыбы: "Сызбаны тексеру. Модельдеу. Үлгі дайындау."

Сабақтың мақсаты: оқушыларды таңдап алған үлгі бойынша алжапқышты үлгілеуді, дайындауды үйрету.

Білімділігі: Оқушыларға алжапқышты үлгілеуде, бұйым пішінін өзгертудің әдіс - тәсілдерін меңгерту;

Дамытушылығы: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой өрісін дамыту;

Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, талғампаздыққа, икемділікке тәрбиелеу, өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Құрал - жабдықтар: жұмыс дәптері, үлестірмелі карточкалар, тігінші сызғышы, мата, сантиметрлік лента, түрлі - түсті қағаз, желім, қайшы, қарындаш.

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ Өткенді қайталау:

Графикалық диктант. Бір-бірімен ауысып, өздерін бағалайды.

Бағалау рейтингісі көрсетіледі

ІІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Өткен сабақта біз алжапқыштың сызбасын құрғанбыз. Бүгін «Алжапқыштардың ғажайып әлемі» туралы әңгімемізді жалғастырамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Сызбаны тексеру. Модельдеу. Үлгі дайындау». Бүгін барлығымыз сәнгер құрастырушы боламыз. «Өнер» фабрикасында жұмыс істеймиз.

Сабақтың мақсаты - таңдап алған үлгі бойынша алжапқышты үлгілеуді үйрену. Сәнгер - суретші, сәнгер - құрастырушы, тігін өндірісінің технологы, тігінші мамандықтарымен танысып, жұмыс істеймиз.

Дәптерге тақырыпты жазғызу.

IV Жаңа сабақты меңгеру.

1. Оқушылармен әңгіме жүргізу

1 слайд - Тақырыбымыз жазылған

2 слайд - Графикалық диктант (15 сұрақ)

3 слайд - Бағалау рейтингісі көрсетіледі

4 слайд - 4 сұраққа жауап берсек, артынан бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ашылады (жасырынды сурет)

5 слайд - Техника қауіпсіздік ережесі көрсетілген

6 лайд - алжапқыштың шығу тарихы

7 слайд - алжапқыштар деген жазу шығады

8 слайд - алжапқыштың үлгілері, суреттері көрсетілген

9 слайд - мата таңдау

10 слайд - мата таңдауға қатысты сызбасы көрсетілген



Тақырыбы: Сызбаны тексеру. Модельдеу. Үлгі дайындау. (5 сынып)Тақырыбы: Сызбаны тексеру. Модельдеу. Үлгі дайындау. (5 сынып)

Тақырыбы: Сызбаны тексеру. Модельдеу. Үлгі дайындау. (5 сынып)

Тақырыбы: Сызбаны тексеру. Модельдеу. Үлгі дайындау. (5 сынып)Тақырыбы: Сызбаны тексеру. Модельдеу. Үлгі дайындау. (5 сынып)

11 слайд - алжапқышқа қойылатын талаптар (әдемілік, ыңғайлылық, экономикалық, гигиеналық)

12 слайд - электронды поштаға хат келеді. (алжапқышқа тапсырыс «Шуак» мейрамханасынан)

13 слайд - тапсырыс оқылады оқушылармен бірге

14 слайд - сарамандық жұмыста кәсіптің мамандарына бөлемін: 1-суретші - сәнгер, 2 - суретші - құрастырушы, 3 - тігін өндірісінің технологы, 4 - тігінші, 5 - модельер

15 слайд - әр маманның орындайтын міндеттері көрсетілеген

Суретші - сәнгер - киімді үлгілейді. Мұндай жұмысты орындау үшін адамның дене пішінін, оның тепе - теңдіктерін, икемділігін білу қажет. Тігін ісінің технологиясын, сондай - ақ костюмнің құралу заңдылықтарын, тігіс, әрлеу сызықтарын түсіну керек.

Суретші - құрастырушы - сызбалар мен пішін бөліктерін дайындайды.

Тігін өндірісінің технологы - сызбаларға сәйкес киімді даярлау тізбектілігін әзірлейді.

Тігінші - тігін операцияларын орындайды.

Модельер - таңдап алған қалыпқа сәйкес пішін сызбаларын өзгерту процесі. Бұл - сәні мен қиюы жаңа киімді құрастырудың шығармашылық процесі.

16 слайд - сәйкестендіру жұмысы берілген

Сарамандық жұмыс - тапсырыс бойынша алжапқышты орындау

17 слайд - Өткен тақырыпқа анализ жасау және бекіту.

Сабақты қорытындылау

- Сабақтың мақсатына жеткенін хабарлау.

- Оқушыларды бағалау.

18 слайд - Үйге тапсырма беру.

Үй тапсырмасы: Алжапқышты матадан пішуге пішім бөліктерін дайындау, шыт мата, жұмыс қорабы, инемен және қайшымен жұмыс қауіпсіздік ережелерін қайталау.

© 2010-2022