Көркемдік бұйымдарды ою тәсілімен дайындау технологиясы

Сабақтың тақырыбы:  Көркемдік бұйымдарды ою тәсілімен дайындау технологиясы. Сабақтың мақсаттары:  Ағашты көркемдеп оюдың түрлері туралы білім қалыптастыру. Білімділік :  оқушыларды ағашты көркемдеп оюдың түрлерімен,ағаш оюға қолданылатын материалдармен таныстыру. Дамытушылық:  ойлау,есте сақтау қаблетін,қол маторикасын,танымдық қаблеттерін дамыту.  Тәрбиелік:  жеке және топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу,көркемдік талғамды қалыптастыру,техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.Сабақ тү...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Көркемдік бұйымдарды ою тәсілімен дайындау технологиясы.

Сабақтың мақсаттары: Ағашты көркемдеп оюдың түрлері туралы білім қалыптастыру.

Білімділік : оқушыларды ағашты көркемдеп оюдың түрлерімен,ағаш оюға қолданылатын материалдармен таныстыру.

Дамытушылық: ойлау,есте сақтау қаблетін,қол маторикасын,танымдық қаблеттерін дамыту.

Тәрбиелік: жеке және топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу,көркемдік талғамды қалыптастыру,техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабаққа қолданылатын көрнекіліктер: Үлгілер,технологиялық карта,суреттер.

Сабаққа қажетті құрал- жабдықтар: пышақ,ДВП,қайрақ қағаз,көшірме қағаз,т.б.құралдар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылармен амандасу

ә) оқушыларды түгендеу

б) оқушылардың дайындықтарын тексеру

ІІ. Өткенді қайталау .Т.Қ.Е.

ІІІ.Тақырыпты баяндау

Оюдағы сурет сипатына орындау техникасы мен композицияның жазықтық құрылымы ықпал етеді. Бедер материалды тереңдете оюдың нәтижесінде алынатын жарықпен көлеңкенің, қуыстаулардың түр өзгерістері есебіненқұралады.ою заттың жалпы пішінін,сондай-ақ композициялық әзірлеменің тұрақтылығын немесе белгілі бір серпінділігін сақтауға мүмкіндік береді.

Оюда қандайда бір кескіндемелік картаның көшірмесін жасауға болмайды.

Өйткені сәндік қолданбалы өнердің техникасында көркемдіктің өз тілі мен жалпылау шегі бар. Кез келген әзірлемеде өрнектік немесе мазмұндық сарынның айқын бейнесі болуы керек. Әрбір оюшының жұмыс мәнері мен шығармашылық қиялының өз ерекшеліктері бар, сондықтан да оюдың бір түріндегі бірдей мазмұн жалпылаудың әртүрлі дәрежесінде орындалатын болады. Бұл жердегі басты нәрсе - бұл оюдың орындау техникасын есепке ала отырып, материалдың сәндік қасиеттерін пайдалану мен сақтауға тырысу. Ағаш ою үшін ағаштың алуан түрлерін қолданылады. Қандай да бір түрді таңдау әшекейленетін бұйымның дайындалуы мен формасына және ою түріне байланысты. Жапырақты ағаштардан ою үшін көбінесе жөкені пайдаланылады. Жөке ағашы оңай және таза ойылады. Бүгінгі сабақта біздің қолданалатын материалымыз ДВП болады.

ІV. Сарамандық жұмыс. Оқушылар берілген нұсқау карталарымен танысып, онда көрсетілген тапсырмаларды ретімен орындау керек. Алдымен суретті ДВП бетіне көшірме қағаз көмегімен көшіріп, сызық бойымен берілген жануар бейнелерін пышақпен ою. Жұмыс алдында пышақпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру, жұмыс барысында сақтау.

V. Сергіту сәті. Оқушыларға дене жаттығуларын жасату.

Жұмысты жалғастыру. Бедер әдемі , біркелкі түсу үшін пышақты түзу ұстап, сызық тереңдігін бақылап, сақтап отырған дұрыс. Пышақтың жүзін жиі- жиі қайрап отыру арқылы жұмыс сапасын жақсарту.

VІ. Сабақты қорытындылау .

Оқушылардың жұмыстарының сапасын тексеріп, бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма.

Ою түрлерін қайталау. Жұмысты жалғастыру.



© 2010-2022