Ашық сабақ Ағашты көркемдеп өңдеу. Ағашты ою технологиясы. (7 сынып)

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қалалық білім беру басқармасы

№43 мектеп гимназиясы.


Ағашты көркемдеп өңдеу.

Ағашты ою технологиясы.

7 сынып.

Ботабаев Рифхат.


Өскемен қаласы

.

Сабақтың тақырыбы: Ағашты көркемдеп өңдеу. Ағашты ою технологиясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушылардың еңбекке, ұлттық қолөнер түрлеріне деген ой-өрісін , технологиялық шеберлігін , дағдысын , сабақ үстіндегі белсенділігін арттыру .

Тәрбиелік : еңбексүйгіштікке ,іскерлікке, ұйымшылдыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ынта-ықыласын,икемділігін, қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекіліктері: технологиялық карта, жасалған бұйымдар, дайындамалар, шаблондар.

Құрал-жабдықтар: балға, егеу, ағаш оюға арналған пышақтар.

Пәнаралық байланыс: география, эстетика, сызу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезені.

а.Оқушыларды журналмен тексеріп, жұмыс орындарының сабаққа дайындығын байқау.

ә.Кезекшілікті қадағалау. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру.

б.Өткен сабақта қандай тапсырма берілгендігі жөнінде сұрапбілу.

2.Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру

а.Ұлттық қолөнер туралы түсініктерін тексеру.

ә.Темірден жасалған бұйымдар туралы сұрау.

б.Теріден жасалған бұйымдар туралы сұрау.

в.Ағаштан жасалған бұйымдар туралы сұрау.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Қазақтың ұлттық қолөнеріндегі ағаштан жасалған бұйымдарды ою тәсілін түсіндіру.Оюға келетін сәйкес ағаштарды таңдап алу.Шығыс Қазақстандағы қылқан жапырақты ағаштардың қай аудандарда өсетінің айтып түсіндіру.Осы ағаштардан тақтайларды кесіп алудың жолдарын айтып түсіндіру.Ағаштардың кептіру әдістерін түсіндіру.Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан ойып жасалған заттардың түрлерін айтып жеткізу.Оның ішінде келі келсап, ертоқым, сандық, астау, науа және тағы басқа заттардың қалай ойып жасалатынын айтып түсіндіру.Оқушылардың дайындамаларына берілген суреттерді ою тәсілдерін қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ою жолдарын түсіндіру.Оюдың түрлері: көлеңкелей, қиғаштай оюды үйрету.

4.Жаңа тақырыпты бекіту.

5.Практикалық жұмыс кезеңі

6.Оқушылардың жұмысын бағалау.

7.Үйге тапсырма.Үйде осы технологиялық картаны сызып өздерінің жобаларын дайындап келу,өзгеріс кіргізу.


© 2010-2022