Технология как испечь блины. Открытый урок 7 класс

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Құймақ дайындау тәсілі Сарамандық жұмыс

Сабақтың мақсаты білімділік:Оқушыларға құймақ дайындауды үйрету

Дамытушылы:Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып,сабаққа деген қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:биология,дүниетану.

Сабақ барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі

оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықты тексеру.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.

Оқушылардан асүйге байланысты техника қауіпсіздік ережелерін сұрау.

ІІІ Жаңа сабақ

Дайындалатын өнімнің құрамына қарай қамыр қатты, сұйық, ал дайындалу тәсіліне қарай ашытқылы және ашытқысыз деп бөлінеді.

Ашытқысыз қамырдан құймақтық пирогтар, құймақ, оладьи дайындалады. Олардың барлық түрлерінің технологиясы, қуыру тәсілі бірдей, ал олардың безендірілуі мен дастарханға ұсынылуы әртүрлі.

Құймақ екі жағынан қуырылып дайын болғанда, дастарханға маймен, қаймақпен, қуырылған етпен, сүзбемен қоса ұсынылады. Құймақты бір жағынан қуырып екінші жағына салма салып, оны бұрыштап бүктеп, екінші рет қуырады. Ашытылмаған сұйық қамыр көтерілуі үшін оған ас содасын қосады. Соданы қыздыру барысында пайда болған көмірқышқыл газы көтереді. Көмірқышқыл газы ас содасынан басқа сірке қышқылында, лимон қышқылында болады.

Құймақ пісіру үшін түбі қалың шойын таба қолданылады.

IV. Сарамандық жұмыс Таңдау бойынша құймақ дайындау.

Нұсқау картасы.

Керекті азық-түліктер:

  1. Ұн - 2 стакан;

  2. Шекер - 1 ас қасық;

  3. Сүт - 1 литр;

  4. Ас содасы - қасықтың ұшымен ғана;

  5. Жұмыртқа - 3 дана;

  6. Тұз - бір шымшым;

  7. Күнбағыс майы - 100 гр.

Ыдыс-аяқтар: қасық, шұңғыл ыдыс, құймаққа арналған таба

Дайындалу реті:

  1. Жұмыртқаны құмшекер мен тұзға жарып қосады. Араластырады.

  2. Біртіндеп сүт құяды.

  3. Алынған қоспаны аздаған бөлікпен ұнға салып жақсылап араластырады.

  4. Дайын сұйық қамырға өсімдік майын қосады.

Мұндай қамыр табаға пісірген кезде табаға жабыспайды және табаға салған сайын оны майлаудың қажеті жоқ. Піскеннен кейін әрбір құймаққа май жағады да, қабаттап табаққа салады. Құймақпен бірге тосап, сары май, бал, жеміс қосып береді.

Кезекшілер ыдыс - аяқты үлестіреді. Оқушылар бөлінген жұмыстары бойынша жұмыстанады.

V. қорытындылау

Оқушыларға пысықтау сұрақтарын қою:

  1. Дайындалатын өнімнің құрамына қарай қамыр қалай бөлінеді?

  2. Ашытқының салыну мөлшеріне қарай қамыр қандай түрлерге бөлінеді?

  3. Қамыр илеуде қолданылатын негізгі азық өнімдері?

  4. Ашытқының қандай түрлері бар.?

  5. Ашытқысыз қамырдан қандай тағамдар дайындалады?

  6. Ашытылмаған сұйық қамыр көтерілуі не қосамыз?

Оқушылар бағалау .










© 2010-2022