Ағашты өңдеу және оның құрал-саймандары туралы түсінік

"Описание материала: Сабақтың  мақсаты: а) ағашты өңдеу жұмыстарына қажет құрал-саймандарымн таныстыру, өңдеу әдістерін меңгеру : ә) оқушылардың теориялық  танымдық қабілетін  арттыру, ой-өрісін  дамытуға ықпал ету б) шеберлікке ұқыптылыққа  ,төзімділікке  баулу . Сабақтың  көрнекілігі : ағаш  түрлері ,сүргі  турлері ,ара турлері,және басқа да еңбек құралдары. Сабақтың  түрі: аралас сабақ ( сарамандық және теориялық)  Сабақтың  барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі . Оқушыларды түгендеп олардың арнайы киіміне көңіл  бөлу , құрал-жабдықтарды,  жұмыс орнын дайындау. II.Үй  тапсырмасын  тексеру : Өткен  тақырыпты оқушылардың қаншалықты  меңгергенін тест арқылы  тексеру ,сұрақ арқылы жауап алу.
Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Омаров Мирамбек

119 орта мектептің технология пәні мұғалімі

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,

Жаңаталап ауылы

Технология. 6 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Ағашты өңдеу және оның құрал-саймандары туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

а) ағашты өңдеу жұмыстарына қажет құрал-саймандарымн таныстыру, өңдеу әдістерін меңгеру :

ә) оқушылардың теориялық танымдық қабілетін арттыру, ой-өрісін дамытуға ықпал ету

б) шеберлікке ұқыптылыққа ,төзімділікке баулу .

Сабақтың көрнекілігі : ағаш түрлері ,сүргі турлері ,ара турлері,және басқа да еңбек құралдары.

Сабақтың түрі: аралас сабақ ( сарамандық және теориялық)

Сабақтың барысы :

1.Ұйымдастыру кезеңі .

Оқушыларды түгендеп олардың арнайы киіміне көңіл бөлу , құрал-жабдықтарды, жұмыс орнын дайындау.

II.Үй тапсырмасын тексеру :

Өткен тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін тест арқылы тексеру ,сұрақ арқылы жауап алу.

III.Жаңа сабақ- балалар бүгінгі сабақта ағаш өңдеу және оның құрал-саймандары туралы танысамыз. Қол ара және сүргінің құрылысына,түрлеріне ,атқаратын қызметіне тоқталып өтеміз .

Ағашты кесуге қажетті ең басты құрал -қол ара . Ара негізінен ағаш бөлшектерін екіге бөлу үшін қажет.Ара қалыңдығы әр түрлі болат жолақтардан жасалады, осы жолақты төсем деп атаймыз. Ара төсемінде ара тістері орналасқан . Ара тістерінің арасы ,ұшы алшақ болуы керек. Араның тісі алшақ болса ара төсемі жеңіл қозғалыста болады.

Ара тістері екі түрлі қызмет атқарады:

1.Ол ағаштың талшығын кеседі .

2.Кескен кезде пайда болған ағаш ұнтағын сыртқа ысырып, шығарып отырады.

Ескерту.

1.Ағашты кескенде араны жұлқымай қатты салмақ салмай кесу керек .

2.Аралау кезінде стол үстінде артық құраладар болмау керек.

3.Сол қолыңды ара төсеміне жақын ұстама .

Сүргілеу аспаптарының түрлері көп .Олардың ең көп тараған түрлері-сүргі,шерхебель және фуганок.

Шерхебель-пышағының жүзі доға тәріздес дөңес келеді және алғашқы ,дөрекі өңдеу жұмысын жүргізеді.

Сүргі-пышағы тегіс болады және сүргімен таза өңдеу жұмысы жүргізіледі.

Фурганок-жтитақ беттерді тазалап тегістеу үшін керек.

Сүргілеу аспапатары негізінен ағаш немесе металл қалыптан , болат пластинадан ,кескіш пышағынан және сынадан тұрады.

Ескерту:

1.Сүргі кескішінің жүзін және бұйым бетінің тегістігін қолмен тексеруге болмайды.

2.Сүргіні жерге қойғанда ,оны жантайлатып ,кескішін өзіңнен кері бағытқа қарай жатқызып қою керек.

Жаңа бағытқа бекіту.

  1. Ағаш өңдеу құралдарын ата ?

  2. Қол араның атқаратын қызметі?

  3. Қол арамен ,сүргімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін ата ?

  4. Сүргі түрлерін ата?

  5. Сүргі қандай бөліктерден тұрады?

Сарамандық жұмыстар.

Сарамандық жұмыстың негізгі мақсаты- ағаш өңдеу құралдарымен, жұмыс істеудің сарамандық дағдыларын қалыптастырады.

Бұл сарамандық жұмыста аралау,,сүргілеу жұмысымен қоса бөлшектерді біріктірудің әдіс-тәсілін уйренеді.

Тақтаға балға жасаудың технологиялық картаның графалары толтырылған үлгісі сызылып, ілініп тұрады.

Оқушылар осы технологиялық карта бойынша берілген қолдарындағы дайындамадан екі бөлшектен тұратын ағаш балға жасайды.

Дайындама материалы : қайың

1.балғаның басы 2.балғаның сабы

Оқушыларды бағалау.

Жасаған бұйымдарына қарап , тиісті нұсқау беру, жауаптарын ескере отырып бағалау.

Уйге тапсырма : аралау,сүргілеу әдістері.

а-кеспелтек ағаштың ұзындығы бойынша бұрыштамамен, б-кеспелтек ағаштың бұрышы бойынша бұрыштамамен,в-жарыққа қарсы көзбен мөлшерлеп ,г-сызғышпен, д-жүп кеспелтек ағашпен.

Сургі аспаптарымен жұмыс істеген кезде мынандай техника қауіпсіздігін сақтау керек:

-өңделетін ағашты верстакка мықтап бекіту керек;

-жұмыс кезінде сүргілеу құралдарының ұясын жоңқадан арнаулы ағаш сынасымен тазалап тұру керек.

-пышақ жүзінің өткірлігін және өңделген беттің сапасын қолмен тексеруге болмайды.

-жұмыс арасындағы үзілістерде сүргілеу құралдарын вестактың үстіне пышағының жүзін жұмысшыға теріс қаратып жанымен орналастырады.

IV.Сергіту сәті

Төмендегі сұраққа дұрыс жауап беретін болсақ ,қазақтың қанатты сөзі шығады.

1.Ағашты талшықтардың бағытына қаросы сургілеуге бола ма

2.Құрғақ ағашты сургілеуге бола ма

3.Пышақтың өткірлігін қолмен тексеруге бола ма

4.Шірігі ,жарығы бар ағашты сургілеуге бола ма

«Кәсіп болмай,нәсіп болмас»

V.Сабақты пысықтау




© 2010-2022