Сочинение по технологий Ұстаз

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұстаз - ұлы тұлға туралы шығарма

Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең …

Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы - барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.

2013 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «жаратылыстану - техникалық» факультетінен «Кәсіптік оқыту пәнінің мұғалімі» мамандығын игеріп, жоғарғы білімді маман атандым. Қарабөгет ауылындағы Аль-Фараби атындағы орта мектебіне мамандығым бойынша жұмысқа орналастым. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Мен өзімнің ұстаздарыммен қатар еңбек етіп, баланың бойына ақыл - білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе білуді үйрендім.

Дана халқымыз «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, «Ұстаздар жанұясы» болғанымыз мен үшін үлкен бақыт.

Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы - ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.

Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші - білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе.

Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу - ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы - ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы - сабақ.

Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ойнауға немесе Паганинише саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы нағыз ұстаз болу кімнің де болса арманы.

Менің түсінігімдегі ұстаз - рухы таза, ой - өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі - жылы, көңілі - дарқан адам.

Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі. Жан - Жак Руссоның «Ұстаз болу - өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын.

Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз - еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін - өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу.

Болашақта мұғалім мамандығы ең беделді, әрі жоғары ақы төленетін мамандықтың біріне айналуы үшін оны сүйіп, талмай еңбек ету қажет.

Ұстаздық қызметте, шәкірттермен қарым - қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті.

Қытай философының «Маған жәй айтсаң - ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс - әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын аттыруда ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.

Сапалы білім негізі - жан - жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұғалімнің құны жоқ деп ойлаймын. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады.

Сондықтан бүгін білім берудің сапалы болуы үшін: біріншіден, ұстаздың жан - жақты академиялық білімінің болуы, екіншіден, мұғалімнің өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің және ешқандай дипломмен бірге берілмейтін шығармашылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері болуы шарт.

Мен қазір біздің елімізде қалыптасқан мұғалімдік мамандыққа мектепте негізінен орташа оқыған білім алушыларды қабылдап, олардан орташа маман дайындап, оларды білім ұяларына жіберетін құрсаудың бұзылып, ұстаз мамандығы ең жоғары еңбекақы төленетін үздік мамандыққа айналса деп армандаймын. Өйткені, жаңа ғасырда ғылымның, техниканың, өндірістің қарқындап өсуі білім берудің барлық жүйесін жүйелі дамытуды талап етіп отыр, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін іргелі өзгерістер керек.

Иә, қазір жаңа типті мектептер салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Дарынды балалармен жұмыс бағдарламасы жүзеге асу үстінде. Жастарды шетелдерде оқытуға мүмкіндік алдық. Жаңа буын оқулықтар, электронды оқулықтар білім беру ісіне ене бастады.


© 2010-2022