Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің дайындалу реттілігі (10 класс)

Раздел Технология
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің дайындалу реттілігі

Сабақтың мақсаты:

- ою - өрнектің шығу тарихы жайында жалпы түсінік беру
- ою - өрнек түрлерімен таныстыру
- халқымыздың салт дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ой - өрісін дамыту
- ұлттық ою - өрнек үлгілерін орынды қолдана білуге үйрету

Білімділігі: Оқушылардың ою-өрнек туралы түсініктері мен шеберлік дағдыларын қалыптастыру Дамытушылығы: Есте сақтау қабілетін дамыту,қолөнерге қызығыушылығын арттыру Тәрбиелігі: Шеберлікке үнемділікке тиянақтылыққа баулу,әдемілікті сезіне білуге шебер адамдарын құрметтеп олардың еңбектерін бағалауға тәрбиелеу

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі сұрақ-жауап ,

Сабақтың көрнекілігі: Ою-өрнек,слайд , бағалау парағы,қағазға жапсырылған оюлар,кесте тігістері ,матаға басылған оюлар

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері,математика

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі:

а) амандасу

ә) түгендеу

б) оқушылардың сабаққа зейінің аудару

II.Жаңа сабақ меңгерту:

Ою - өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді.
Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. «арғын үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздің үлгісі», «орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген мәнерлер пайда болды. Осы ою-өрнектердің көп қолданылатындарына, сондықтан да халық шеберлерінің көпшілігіне белгілі атауларының кейбір түрлеріне әдейі тоқтап өтейік.

Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің дайындалу реттілігі (10 класс)«ҚОШҚАРМҮЙІЗ» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қоидың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмак, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.


Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің дайындалу реттілігі (10 класс)«ҚЫРЫҚМҮЙІЗ» ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, кеп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төртбұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі).

Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің дайындалу реттілігі (10 класс)«ТІС» ою-өрнегі малдың, аңның тісіне ұқсас, аққара түсті шақпақтан құралатын, шахмат тақтасына ұқсас ою-өрнек. Кесте тігуде бұрыштарын қарама-қарсы түйістіріп отыратын тік сынық сирек тігістердің өрнегінде қолданылады. Мұны «тіс», «иттіс» деп те атай береді.

Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің дайындалу реттілігі (10 класс)«ТАҢДАЙ» ою-өрнегі малдың таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан, диагональ тәрізді өрнек. Бұл өрнек ағаш, мұйіз, сүйек заттарының шетіне, киімдердің жағасына, кимешектің жақтауына салынады. Таңдай өрнегі басқа түркі тектес халықтарда да кездеседі.

Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің дайындалу реттілігі (10 класс)

Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің дайындалу реттілігі (10 класс)

Бекіту:

Сұрақ жауап:

Ою-орнектін неше түрі бар? 4

Тұмарша ою өрнегі қандай үлгіде болып келеді? ұшбұрыш

Малдың денесіне ізіне байланысты ою-өрнектерді атаныз?айыртұяқ,атерін,тайтұяқ,арқа мүйіз,қошқармүйіз,түйетабан,омыртқа.

Тұмарша ою-өрнегін көбіне не үшін қолданамыз? Тұмар тіл көзден сақтау үшін

Өркешою-өрнегі нені бейнелейді? түйе

Үйге тапсырма: Матага қошқармүйізді кестелеп тігу

Бағалау: Бүгінгі өткен сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.



© 2010-2022