Сабақтың тақырыбы: Әшекейлік қалам салғыш

Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Әшекейлік қалам салғыш.

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларды ағашты өңдеу әдістерін оқып, үйренуге баулу арқылы олардың өздігінен жұмыс істей білуге және сұлулық пен әсемдікті көріп бағалай білуге үйрету;

ә) Өз бетімен жұмыс істеу арқылы еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

б) Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: бұйымның дайын нұсқасы, плакат, технологиялық карта.

Құрал - жабдықтар: қол ара, шапқы, егеу жиынтықтары, әрлеу қағаздары, лак, желім (ПВА).

Пәнаралық байланыс: сызу, сурет, математика.

Сабақ түрі: жаңа тақырып

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сарамандық (өз беттерімен жұмыс)

Сабақтың құрылымы:

а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа тақырыпты түсіндіру

б) Бұйымның жасалу жолдарын түсіндіру

в) Қауіпсіздік ережелері туралы нұсқау беру.

г) Жаңа сабақты пысықтау

д) Сарамандық бөлім

ж) Қорытындылау.

Қазақ халқының қолөнері ежелден бастау алады. Халқымыздың қолөнері бірнеше түрлерге бөлініп дамып, жалғасын табуда. Қолөнер шеберлерінің әшекей бұйымдары қазақ халқының тұрмысында кеңінен қолданылады. Қазақ халқы ағаш ұқсату шеберлігімен айналысатын ұсталарды үйші, оймашы, балташы, тоқушы деп атаған. Ағаш шеберлері әшекейлік бұйымдар жасауға табиғи материалдарды пайдаланады. Шеберлер ағаш бұтақтарынан, тамырларынан әшекейлік бұйымдар жасайды. Ағаштардың құрылымына, ерекшелігіне байланысты оларды дайындау, кептіру мерзімдері әр түрлі. Сондықтан әр ағаш шеберлерінде ағаштарды дайындау, кептіру әдістері бар. Кепкен ағашты өңдеу өте жеңіл және ыңғайлы. Ағашты өңдеуде ағаш шеберлерінің құралдары өзгеше, бірін-бірі қайталамайды. Сондықтан әр шебер ағаш өңдеу құралдарын өздері жасауға тырысады.

Біздің жасайтын әшекейлік бұйым қарағаш діңгегімен бұтағынан жасалынады. Қарағаш қатты ағаштар қатарына жатады. Бұйым екі бөлшектен тұрады. Әшекейлік қалам салғыш бұйымына 6 сағат бөлінеді. Бұйымды жасау 4 кезеңінен тұрады.

1-кезең. Таңдап алынған Ø 15-20 ағашты қиғашынан кесіп бұйым табанын дайындау. Арнайы тазалау қағаздарымен табанның екі жақ бетін тазалап өңдеу.

2-кезең. Таңдап алынған Ø 7-10 ағашты, табан жақ бетін тігінен, үстіңгі бөлігін қиғаш етіп аралап кесу. Астауды екіге бөліп, ішін ұңғылап ою.

3-кезең. Дайын бөлшектерді арнайы тазалау қағаздарымен ақтық ажарлау және желімдеу.

4-кезең. Дайын қарастырылып желімделген бұйымды түссіз лакпен әрлеу.

Қауіпсіздік ережелері туралы нұсқау.

Жұмыс кезінде жарақат алу себептері дұрыс емес құрал-саймандарды пайдалану немесе құрал- саймандарды дұрыс пайдаланбаудан болуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау керек.

  1. Жұмыс киімін киіну.

  2. Жұмыс орнын және саймандарды ережеге сай орналастыру және тексеру.

  3. Жұмысты нұсқау картасы бойынша орындау.

  4. Әр жұмысты өзіне тиісті құрал-сайманмен атқару.

  5. Жұмыс кезінде бір-біріне кедергі жасамау, алаңдамау.

Сабақтың тақырыбы: Әшекейлік қалам салғыш.



© 2010-2022