• Преподавателю
  • Технология
  • «Технология» мамандығындағы студенттердің арнайы пәндер бойынша кәсіби дайындығының сапасын көтеруге жетелеуші инновациялық-педагогикалық идеялар

«Технология» мамандығындағы студенттердің арнайы пәндер бойынша кәсіби дайындығының сапасын көтеруге жетелеуші инновациялық-педагогикалық идеялар

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Технология» мамандығындағы студенттердің арнайы пәндер бойынша кәсіби дайындығының сапасын көтеруге жетелеуші

инновациялық-педагогикалық идеялар


Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың заңнамалық тұжырымдамалық негіздері, әсіресе, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасы білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды басты назарға қояды. Нәтижеге бағдарланған оқыту яғни құзыреттілік ең алдымен мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруды және дамытуды талап етеді. Кәсіби-педагог құзыреттілігін жүзеге асыруда, педагогтан қабілеттілік пен даярлықты, сонымен қатар кәсіби құзыреттілікке білімдер, іскерліктер, дағдылар мен қатар тұлғаның кәсіби құнды сапаларын, оның іс-әрекетін де қарастыруды талап етеді.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын құзыретті маман тұлғасын қалыптастыру міндеті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын түсінуі хақ. Сондықтан, жүктеліп отырған аса жауапты міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс-тәсілдердің тың, мәнді, әрі сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде, педагогтың жылдар бойы жинақтаған іс-тәжірибесін жаңа ақпараттық -коммуникациялық технологияға ұштастыруын қажетті санайды.

Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік, күш-жігердің болуы.

Осыған орай, «Технология» - мамандығы бойынша арнайы пәндер арқылы білім беру мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған үлгілік оқу бағдарламалары, оның негізінде дайындалған жұмыстық оқу бағдарламалары, тақырыптық - күнтізбелік жоспарлар, оқу - әдістемелік кешендер, электрондық оқулықтар, жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологиялар, тірек-сызба, рефлексия әдістері қолданылып келеді.

«Технология» мамандығында арнайы пәндерден теориялық және тәжірибелік сабақ берудің өзіндік ерекшеліктері бар. Өз сабақтарымда ақпараттық- коммуникациялық технологияны қолдану арқылы сол ерекшеліктерді түрлендіріп, жаңаша оқытуда еңбектеніп келемін.

Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар дегеніміз не? «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты. Ақпараттық -коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Арнайы пәндерден өткізіп жүрген «Оқу шеберханаларындағы практикум», «Конструкциялау және модельдеу технологиясы» «Материалтану» сабақтарындағы теориялық білімде:

- танымдық белсенділік құралы

- жаңа материалды тез ұғыну

- іздену

- ынталы болу

- дұрыс шешім қабылдау

- біліктілікті көтеру болса,

жыл сайынғы өткізілетін колледжішілік «Көктем силуэті» сән көрсетілімі, қалалық және облыстық «Дельфийлік ойындар» - сайыстарында аталған технологияның :

- ізденуге

- шығармашылыққа

- белсенділікке

- ғаламтор желісіндегі аудио, видео тапсырмаларын жедел қолдануға

- бірнеше ақпаратты жүйені қолдануға пайдасын тигізуде.

Осындай бағыттағы сабақтарда студенттердің ынтасы мен талпынысы ақпараттық- коммуникациялық технологияның құзыретті маман даярлауда, заман талабына сай тігінші моделін қалыптастыруда мынадай мүмкіндіктерді аша алады:

- өз ісінің шебері болуына

- мамандығын сүйюге

- ынталы, жан- жақты дамыған маман болуға

- болашақ маман иесінің құзыреттілігін қалыптастыруға

- студенттердің ізденістерін арттыруға сапалы көмегін тигізуде.

АКТ - ның негізгі мақсаты - студентті қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен студенттердің құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және ғаламтор ресурстарды пайдалану студенттің білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде студенттер бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Педагог ретінде өзіме ақпараттық- коммуникациялық технологияны меңгеру оны әрбір сабақтарымда қолдану, құзыретті педагог болуымда, сабақ берудегі амал-тәсілдерімді, дидактикалық жинақтарымның түбегейлі жаңаша іс-әрекеттерді жасауыма керекті технология екенін айта кеткім келеді. Әрбір ұстаздың алдына келген студент әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.

Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан студентке жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Студенттердің ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.

Ақпараттық-коммуникациялық технология студент мен педагогке бірдей жағдай тудыра отырып:

- пәнге қызығушылыққа

- мамандықты жетік үйренуге

- педагог даярлығын қалыптастыруға, әрі жетілдіруге және түрлендіруге

- іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруға бірден бір қажетті технология екені баршаға мәлім десе болады. Жоғарыдағы қажеттіліктерден арнайы пәндерді оқытуда мынадай себеп- салдар туындайды:

- меңгерген технология өз сабақтарымда қолдануға даяр болуды

- жаңашыл, ізденімпаз педагог болуды

- білімімді әрқашан арттырып отыруды

- шығармашыл болуды

- жаңаша өзгерістер енгізуді

- сыни көз - қарасты байытуды

- жетістіктермен кемшіліктерге педагогикалық сараптама жасай білуге

- құзыреттілікті жоғары деңгейге шыңдауға жетелейді десем қателеспеген болар едім.

Қорыта айтқанда, ақпараттық - коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану - бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден - бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым - қатынастарға себепкер болады.

Білім берудің оң нәтижесін, өнімін көру, одан ләззат алу - әрбір педагогтың қуанышы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына Жолдауы». Елбасының «Қазақстан жолы» - 2050 Астана 2014 ж

2. Қ.Р « Білім туралы» Заңы. Астана 2707 2007 № 319 -III.

3. Қ.Ж. Бұзаубақова. «Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру». Алматы. Жазушы 2006,258 - б

4. Қ.Р. «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».

5. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. - //Қазақстан мектебі, №4, 2006.

© 2010-2022