Сабақтың тақырыбы: Құрылымдық материал ретінде ағаш сүрегі туралы жалпы мәлімет 5 сынып

Раздел Технология
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Құрылымдық материал ретінде ағаш сүрегі туралы жалпы мәлімет

Сабақтың мақсаты: Ағаш сүрегі туралы жалпы түсінік беру

Ағаш сүрегінің қасиеттері мен құрылысын таныстыру

Адамгершілікке, еңбекке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Ағаш материалы және суреттер

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндіру, көрсету

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, түгендеу.

2.Оқушылардың білімін тексеру.

Мақсат қою: Ағаш сүрегінің қасиеттері мен құрылысын таныстырып, түсіндіріп өтемін.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Ағаш сүрегін өндірістің барлық салаларында пайдаланылады. Ағаш сүрегінен әр түрлі құрылыс бөлшектері (терезе, есік, еденге арналған жабдықтар) жиһаз, қағаз, музыкалық аспаптар, спорт жабдықтары, кемелер мен көпір бөлшектері, ойыншықтар т.б. жасалады. Ағаштың барлық түрінің құрылысы бірдей. Кез келген ағаш 3 бөліктен тұрады: Тамыры, діңі және бөрік басы (ұшарбасы). Ағаштың барлық бөліктері өндірісте пайдаланылады. Бұтақтарынан лак, шайыр, жібек алынады. Тамырынан медициналық тұнбалар алынады. Діңін дөңгелек түрінде бағана, кемелердің діңгегіне, көпірлерге және т.б. пайдаланылады. Тамыр, дің және бұтақтардан тұратын ағаш - тығыз материал.

Ағаштың түрін өздеріне тән қасиетіне қарай ажыратады (түсі, иісі, текстурасы, тығыздығы). Өңделген ағаштың бетіндегі табиғи суретті текстура деп аталады. Текстурасы әдемі ағашты жиһаз жасауда, бөлме әрлеуде қолданылады.

Ағаштың қылқан жапырақты және жапырақты түрлері бар. Қылқан жапырақты ағаш жұмсақ, шайырлы, иісі бар, оңай өңделеді. Жапырақты ағаш түрлерінде шайыры жоқ. Олардың текстурасы алуан түрлі болады.

Ағашты өсіру, баптау оңай жұмыс емес. Онымен орман өсірушілер айналысады. Ағашты кесу үшін бірінші оның өсіп жетілгенін, пайдалануға жарамдылығын анықтап, білу керек. Ағаштардың өсіп жетілуіне көптеген жылдар қажет. Емен және қарағай ағаштарының толық өсіп-жетілуіне

80-100жыл, қайыңдарға 60-70жыл, көктерек, қандыағаш, жөке ағаштарына 40-60жыл, ал шыршаның толық өсіп жетілуіне 100-150жыл қажет.

Түсінігін тексеру:

  1. Ағаш сүрегінен қандай құрылыс материалдары дайындалады?

  2. Ағаш қанша бөліктен тұрады?

  3. Ағаш бөліктерінен нелер алынады?

  4. Текстура дегеніміз не?

Сабақты бекіту: Ағаш сүрегінің қасиеттері мен құрылысын білу.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Жазған конспектті оқып келу.

Ағаш түрлері жайлы қосымша материалдар тауып келу.


© 2010-2022