Тамақ әзіірлеу технологиясы сабақ жоспары

Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып: Тамақ әзіірлеу технологиясы
Мақсаты: Тарау бойынша мағлұмат береміз.
Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшеліктерін атаймыз.
СТО бағдарламасы бойынша стратегияларды пайдалануда ой -
қабілеттілігін дамытамыз.
Етті дастарқанға тартуда эстетикалық тағамға сай болуында
ұқыптылыққа тәрбиелейміз.
Міндеті: Еттің тағамдылық құндылығын етмапасын анықтай білуге
үйретеміз.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Жаңа технология: СТО бағдарламасы
Пайдаланатын стратегия: «Топтастыру», «БҮҮ», «Тор», «Ой қозғау»
Сабақты байланыстыратын пән: биология, әдебиет.
Көрнекілік: Суреттер, оқулық,тақта т.б.
Сабақ барысы: Ұйымдастырамыз
Жұмыс орнын дайындаймыз
Жаңа сабақты түсіндіреміз
«Ой қозғау» стратегиясы:
- Тарауға байланысты өз ойымызды жазамыз;
- Сыныппен ойымызды жинақтаймыз;
- Ойымызды бөлісе отырып жеткіземіз.
«Топтастыру» стратегиясы:
Қазақ халқының негізгі азық - түлігі : қазы, шұжық, қарта, сүрленген ет, қақталған ет, ысталған ет.
Сүт өнімдері - айран ,май, қымыз, шұбат.
Сұйық ас пен қою астың орнын алады - ет, қамыр, майлы сорпа.
Ұн өнімдері - бауырсақ, шелпек.
«БҮҮ» стратегиясы:
Етті дастарқанға тарту реті
Білемін Білгім келеді? Үйренгенім
Қонақ келгенде мал сою, оны ретімен асып беретіндігін білемін Табақ алу және оның бағытын білгім келеді? Сабақ соңында оқушы өз үйренгенін жазып шығады

Мағынаны тану:
Қазақтың ежелден келе жатқан азықтарының бірі ет пен сүттен жасалынған өнімдер болған. Олардаң көшпелі жағдайда ұзақ сақталған ет өнімдерінің тағамдық құндылығының мәні зор екендігін қазіргі кезде біліп жүрміз. Ол үшін: Еттің тағамдық құндылығы ет сапасын анықтауды үйренейік.
3-7 жастағы сиыр еті - көбіне ашық, қызыл түсті тығыз болады (мамандар оны консистенциясы деп атайды)


3 жасқа дейінгі жас малдың еті - бозғылт, қызғылт түсті, майының түсі ақ болады.
Бұзау еті - ашық қызғылт түсті, қышқылды, организмге тез сіңеді. Сондықтан кулинарияда бұзау еті жоғары бағаланады.
Қой еті - түсі ашық қызылдан күңгірт қызылға дейін болады.

Ет сапасын анықтау. Ет сатуға түспестен бұрын сапасын анықтайтын сараптамадан өтеді. Сапаның көрсеткіштері мен зертханалық көрсеткіштерінің негізінде еттің сапасын анықтайды.
Еттің сапалық түйісіктік көрсеткіштеріне түсі, түрі, консистенциясы, майдың түсі, сүйегі, сіңірі жатады.
«Ой қозғау» стратегиясы:
- Етті дастарқанға тарту барысында ет сапасын анықтай білуге өз оймызды жазамыз;
- Сыныппен ойымызды бөлісеміз;
- Ойымызды жинақтаймыз.
Қызығушылығын ояту:
1. Уақ мал 7 бөлікке бөлінсе, ірі қараны 12 бөлікке (жілікке) бөлінетіндігін сурет арқылы көрсете отырып, айырмашылықтарын анықтаймыз;
2. Мал сою мезгілдерін атаймыз, неліктен суық мезгілде мал көбіне соятындығын анықтаймыз;
3. Мал сою немесе ет тағамдарына қажетті құралдарды атаймыз (пышақ түрлері, етке арналған балта) қ.с.е. еске түсіреміз және мимикалық көрініс көрсетеміз.
Ой қорыту:
Мағынаны аша отырып сабақты бекітеміз.
Бағалау:
Оқушы түсінігі мен ойын бағалаймыз.
Үй тапсырмасы: 50-51 бетті оқу.


© 2010-2022