3 сынып үшін еңбекке баулу сабағының тақырыбы: Өзің дизайыншы, құрастырушысың!

Нурмаганбетова Зауреш Нышанбаевна СШ № 47 имени М.В.Ломоносова Пәні- техноглогия Күні: 27.02.2014 ж. Сыныбы: 3 «А» Пәні: Еңбекке баулу. Сабақтың тақырыбы: Өзің дизайыншы, құрастырушысың! Сабақтың мақсаты: Бағдарламаға сәйкес білімі беру. А) Білімділік: Қағаздан мерекелік дастарханға сән беретін ыдыстарды жасауды үйрету. Білімдерін жүйелендіру. Ә) Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, төзімділікке, әсемдікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру. Б) Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа ...
Раздел Технология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Нурмаганбетова Зауреш Нышанбаевна

СШ № 47 имени М.В.Ломоносова

Пәні- техноглогия

Күні: 27.02.2014 ж.

Сыныбы: 3 «А»

Пәні: Еңбекке баулу.

Сабақтың тақырыбы: Өзің дизайыншы, құрастырушысың!

Сабақтың мақсаты: Бағдарламаға сәйкес білімі беру.

А) Білімділік: Қағаздан мерекелік дастарханға сән беретін ыдыстарды жасауды үйрету. Білімдерін жүйелендіру.

Ә) Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, төзімділікке, әсемдікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

Б) Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндірме, жұппен жұмыс.

Сабқтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлгі, қағаз, желім, қайшы, карандаш, түрлі-түсті қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесі, түгелдеу. Оқушылардың құрал-саймандарын түгелдеу. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

«5» болсын алар бағамыз

Білім менен бақыт табамыз

Өнер білім көп оқып

Өсе берсін санамыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өзің дизайншы, құрастырушысың!

Тарелкамен бакал ыдысын жасау.

Үй жұмысын жеке-жеке аралап тексеріп шығамын. Жақсы жұмыс жасағандарды бағалау.

Жұмбақ сұрақтар.

«Өз теңінді тап» ойнын ойнаймыз.

Ол үшін карточкаларды үйлестіреміз.

Бір оқушы сұрағын оқығанда,

Екінші оқушы жауабын тауып айту керек.

1-сұрақ. Берілетін сызатын құрал?

(Сызығыш)

2- сұрақ. Екі бөлікті өзара біріктіретін зат?

(Желім)

3-сұрақ, Әшекей бұйымды жасайтын адам?

(Зергер)

4-сұрақ. Ыдыстарды қандай бөлшек заттармен жасайды?

(Қыш, сазбен, ағаш және т.б.)

5-сұрақ. Жұмыс кезінде нені есімізден шығармауымыз керек.

(Қауіпсіздік ережесін)

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.

Сонымен біз сабағымызда әр түрлі бұйымдар жасап үйренеміз. Өз-өзімізге қызымет етеміз. Айналадағы қоршаған ортаға пайда келтіреміз.

Жаңа сабақ.

Өзің дизайыншы, құрастырушысың!

Ертеде ыдысты бұтақтан, ағаштың қабығынан, сазбен жасаған. Уақыт өте адамдар ыдысты шыныдан, металлдан, қыштан, ағаштан т.б. металлдардан жасай бастады. Ағаш ұсталары ыдыс жасауға айрықша ден қойған. Ыдыстардың неше-түрлі бөліктері бар. Күнделікті қолданатын ыдысымзы қарапайым болса, қонақ күткен жағдайда әдемі дизайын ыдыстарымен дастархандарды безендіруге болады.

Қауіпсіздік ережесін еске түсіру:

  1. Қайшыны ашық қалдырмау.

  2. Қайшыны доғал жағымен ұсыну.

  3. Желімді ашық қалдырмау.

  4. Қайшымен жұмыс жасағанда саусақты абайлауымыз керек.

Сарамандық жұмыс.

Біз енді бір-бірімізге көмектесе отырып ақ парақ қағаздан шәйнек пен қант ыдысын жасаймыз.

  1. Ақ парақты ұзына бойы желімдейміз. (15-20 см болу керек)

  2. Шәйнектің тұтқышын қиямыз.(5-10 см)

  3. Шәйнектің шүмегін қаламмен сызып аламыз. (қиямыз)

  4. Қақпағын гүл денесі тәрізді дөңгелек етіп қиып аламыз, төбесін желімдейміз.

  5. Астыңғы бөлігін дөңгелек етіп сызып алып қиямыз.

  6. Қалған бөлшектерін өзіміздің ойымызбен қиып, желімдейміз.

  7. Қиған бөлшектердің бәрін желімдеп, шәйнек бейнесін шығарамыз.

Жаңа сабақты бекіту.

Ыдыстың қандай түрін білесін?

Ыдыстарды біз қай кезде қолданамыз?

IV.Қорытындылау.

Сонымен біздің қолымыздан сан түрлі бұйымдар жасауға болады екен. Көз қорқақ қол батыр деген нақыл сөз осы екен.

V.Үйге тапсырма.

Сервизді өзіміздің ойымызбен безендіріп сәндеу.

Бағалау.

Сабаққа жақсы қатысып отырғандарды, жұмыс жасағандарды бағалау, мадақтау.

© 2010-2022