Внеклассный урок по технологии на тему Гүлдер патшалығында

Сайыстың тақырыбы:« Гүлдер патшалығында»Сайыстың мақсаты:Білімділік мақсаты: Адам өміріндегі құндылықтарға назар аударта отырып, қызбаланы гүлге теңеу арқылы оқушылардың білімін толықтыру, әдеміліккежан - жақтыболуға баулу. Гүл туралы мағлұматтарды көбірек білуге ықпал жасау.Дамытушылық мақсаты: Технология сабағынан алған білімдері мен тәжірибелерін өздерінің қолөнер шеберлігімен сөзөнерімен ұштастыра отырып білімдерінің және қабілеттерінің дамуына ықпал жасау.Тәрбиелік мақсаты:. Түрлі ұсақ за...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сайыстың тақырыбы:« Гүлдер патшалығында»
Сайыстың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Адам өміріндегі құндылықтарға назар аударта отырып, қызбаланы гүлге теңеу арқылы оқушылардың білімін толықтыру, әдеміліккежан - жақтыболуға баулу. Гүл туралы мағлұматтарды көбірек білуге ықпал жасау.
Дамытушылық мақсаты: Технология сабағынан алған білімдері мен тәжірибелерін өздерінің қолөнер шеберлігімен сөзөнерімен ұштастыра отырып білімдерінің және қабілеттерінің дамуына ықпал жасау.
Тәрбиелік мақсаты:. Түрлі ұсақ заттардан көркемшығарма ойлап табу арқылы, шеберліктерін арттыру шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сайысқа қажетті көрнекі - құралдары, қажетті жабдықтар: Тақырыпқа сай ұйымдастырылған көрме. Гүлшоқтары, паннолар, гүлді плакаттар, суреттер, гүлді жастықшалар, қанатты сөздер жазылған плакаттар, гүлмен өрнектелген тағамдар, гүлдер жасауға қажетті түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, скотч.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Жоспары:
Сайысқа 3 сыныпқатысады. Олар: 8, 9 сыныптардыңқыздары.
1. Топты таныстыру (Топтың аты міндетті түрде гүлдің аты болу шарт және ұраны, төсбелгі)
2. Әрбір сынып гүлдер көрмесін ұйымдастырады. Қағаздан, шүберектен, саздан, ермексаздан, бисерден, жіптен, кеслетеутағы да басқа шикізаттардан жасалған тақырыптық көрме безендіреді. Сонымен қатар тірі гүлдер бұрышы.
3. «Сен білесің бе?»
4. «Гүлөнері - биөнері»
5. «Қағаз гүлдерсолмайды»
6. «Көрермендер көрімдігі» көрермендермен ойын ойнау. Өнер, гүл сұлулық жайындағы мақал - мәтелдердің жалғасын табу.
7. «Артық болмас білгенің»
8. «Жас дизайнерлер» жарысы
9. «Дастархандағыгүлдер»
Өтілу барысы:
Құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар гүлдер патшалығына қош келіңіздер. «Гүлдер патшалығында» атты сыныптан сайысымызға қошкелдіңіздер. Бүгінгі кештің ханшайымдарын ортаға шақырайық.
8 сыныптың «» тобы
9 сыныптың «» тобы
Ұйымдастыру сәті: Қатысуы шәр бір топтар жеке - жеке топ болып отырады.
(Кеш жоспарымен таныстырылып, әр сатының ерекшелігі аталынып өтеді)
Жақсы істі әрқашанда саралаған
Әділідік туын төріне қадап алған
Осындай жарыстарға төре болып
Қашанда әділқазы бағалаған,- дей келе сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасы мен танысып өтіңіздер. (Әділқазыментаныстыру)
Бағалаужүйесі «5» ұпайлықжүйеменбағаланады.
І кезең:
«Топты таныстыру»
«Топты таныстыру» Топтың аты, ұраны, төстаңбасы тақырыпқа сай болуы тиіс.
ІІ кезең:
«Гүлдер көрмесі»
Алдын - ала дайындалған тақырыптық көрмені таныстыру.
ІІІ кезең:
«Сен білесіңбе?»
Білімдерін анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі. Қай топ бірінші жауап берсе сол топқа ұпай қосылады.
1. Икебана дегеніміз не?
А) Қағаздан жасалған бұйымдар
В) Өсімдіктерден жасалып, құрастырылған, кептірілген өсімдіктерден жасалған көркемшығарма
С) Шүберектен құрастырылған көркем шығарма
2. Әйел, қыздардыгүлге теңеген ақын кім?
А) Тұманбай Молдағалиев
В) Қуандық Мәдір
С) Мұзафар Әлімбаев
3. Шайдың Отаны....
А) Жапония - Цейлон
В) Қытай - Үндістан
С) Африка - Эфиопия
4. Тікенектіемдік қасиеті жоғары бөлме өсімдігі?
А) Кактус
В) Алоэ
С) Раушангүл
5. Үй жайындағы өсірілген ерге жейлі ағаш?
А) Сонан
В) Бонсай
С) Моеги
6. Дүниежүзіндег іең жуан ағаш. Жуандығы 10 - 14 метрге дейін жетеді. Ол қандай ағаш?
А) Терек
В) Хо кидати
С) Баобаб
7. Колоколчиктің қазақша атауы?
А) Қоңыраугүл
В) Қалампыр
С) Қызғалдақ
8. Көктемде алғаш болып шығатын гүл?
А) Қалампыр
В) Раушан
С) Бәйшешек
9. Гвоздика гүлінің атауы?
А) Райхангүл
В) Қалампыр
С) Түймедақ
ІҮ кезең:
«Гүл өнері - би өнері»
Аттары мәлім емес баршамызға
Асыл қасиет болу керек барша қызда
Көрсетсін өнерлерін аруларым
Ән салып, биде билер ортамызда
(Алдын - ала берілген тапсырма бойынша топтың мүшелері басқа да оқушылардықатыстыруарқылыгүлбейнесінкелтіріп, бибилейді)
Ү кезең:
«Қағаз гүлдер солмайды»
Берілген уақыт ішінде қағаздан гүлдер жасау. Жапсырмалау арқылы, бүктеу, орау тәсілдерін қолданады.
1. Түрлітүстіқағаздардан 1 бума гүлжаса уқажет. Берілетінуақыт 10 минут.
ҮІ кезең:
«Көрермендер көрімдігі»
Көрермендермен ойын ойнау. Өнер, гүл, сұлулық жайындағы мақал - мәтелдердің жалғасын табу. Жауабын тапқан көрермен ұпайын қатысып отырған топтардан біреуін таңдап соларға ұпай санын береді.
1. Өнерлі бала..............
2. Өнерлініңқолы алтын...............
3. Шеберкөпжерде...............
4. Қызөссеелдіңкөркі,
..............................
5. Сұлулыққыз бен...................................
6. Істіинетікпейді............................
7. Қызеркем,
............................................
8. Елііші......................
ҮІІ кезең:
«Артық болмас білгенің»
Ережесі: Әр топ үй тапсырмасы бойынш әзірлеп әкелген гүлдер туралы мәліметтермен таныстырады. (Альбом, слайд, видеофильм, фотолар т. б. түрдеұсынады)
Мысалы: «Қызғалдақ» гүлі. Бұл гүл ағашында жабық күйінде өсіп тұрған, оның ішінде бақыт жасырынып жатыр деп болжаған. Бірақ оны ешкім аша алмаған. Бір күні осы гүлді бір сәби көріп сықылықтап күліп, гүлді жұлып алып қарап тұрса гүл өзі жайлапғана ашылыпты. Міне, сәбидң әдемі шат күлкісі қызғалдақты дүниеге әкеліпті.
«Пион» Пион райхан гүліне ұқсайды.Өте ертеде Флора құдайы ұзақжолға шықпақ болып орнынан орынбасар қалдырмақ болады. Ол орынға райхан гүлін ұсынбақ болады. Барлық гүлдер келіскенмен, бұл орынға пион мен ғаналайықпын деп санайды. Оғанренжіген Флора құдайы оны ірі, әріүрлептастайды. Соданбастап пион гүлірайхангүліне қарағандаұсқынсызболып қалаған дейді.
«Лилия.Қазақша атауы - лала» Ли - ли аудармасында «Аппақ, аппақ» деген сөзден шыққан. Оның пайда болуы аңызда Аналар құдайы Юнона баласын тамақтандырмақ болып, шөп түбінде отырған ұлы Геркулеске еңкейген кезде баласы оны итеріп салады. Сол кезде анна омырауынан тамған сүттен аппақ гүлдер пайда болады. Қазір лил ия гүлінің бірнеше түстері бар.
ҮІІІ кезең:
«Жас дизайнерлер» жарысы.
Топтағы қатысып отырған қыздар қағаздан болсын басқа заттардан болсын гүлдержасап сынып жетекшілерін гүлмен безендіреді. Әдемігүлді көйлек жасайды. Уақыт 10 минут. Жасалған гүлді көйлекті сынып жетекшілері киіп, залдан айналып өтеді.
ІХ кезең:
«Дастархандағы гүлдер»
Бұл сатының ережесі бойынша тағамдарды әр түрлі гүл бейнесімен безендіру әдістері көрсетілуі тиіс. Мысалы торт, салат, тәтті тоқаштар т. б.
Қорытынды. Марапаттау.
Гүл өсірсең терлеп - мұныңаты еңбек
Кестетік сең зерлеп, мұныңатыеңбек
Сабағыңды жөндеп әзірленсең еңбек
Қиындықтың бәрін еңбекғана жеңбек,- дей келе кешімізіді аяқтаймыз. Сөз кезегін әділ қазылар алқасына беремін













Келісемін

Мектеп директоры Г.Сапорова

Технология және ізгілікті пәндер бірлестігінің 2014-2015 оқу жылы 6-18 сәуір аралығында «Технология пәнін оқытуда оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту әдістерін тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында өтілетін апталық жоспары.

Уақыты

Сыныбы

Сабақтың тақырыбы

Мұғалімнің аты-жөні

Сабақ түрі




Ұйымдастырушылық кезең

1

06.04.2015

Апталықтың ашылуы

Мектеп фоесі

Көрме



Ашық сабақтар

2

9 .04. 2015

11.05-11.50

10 Б сынып

Кәде сый жасау

Шералиева М

Дағдыларды дамыту

3

9.04. 2015

16.35-17.20

4 А сынып

Қағаздан құрақ құрау

Уразбақова Р

Аралас сабақ

4

10.04.2015 11.55-12.40

9 А сынып

Келешек мамандық әлеміне саяхат

Қасенова С

Шеберлік сабағы

5

10.04.2015

12.45-13.30

11 А сынып

Тұтынушының талдау негізінде бұйым түрлерін таңдау

Атанов Б

Аралас сабақ

6

13.04. 2015

10.10-10.55

6 Ә сынып

Алжапқышты модельдеу

Иманбекова Ж

Аралас сабақ

7

14.04.2015

9 А- 9 Ә -9 Б сынып

Графикалық лабиринт

Жапарова Р

Сызу пәнінен білімділер сайысы



Сабақтан тыс жұмыстар

8



8.04.2015

«Жас қанат»

Ибрагимов У

Концерттік бағдарлама

9



10.04.2015

6 А- 6 Ә-6 Б

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Жапарова Р

Сайыс сабақ

10



11.04. 2015

Жармеңке - 2015

Технология пәні мұғалімдері

Өзін-өзі қаржыландыру

11




6 А- 6 Ә

Өнер тамған он саусақ, үзілмейтін ырысың

Иманбекова Ж

Сайыс сабақ

12

16.04. 2015

6-7 сынып

Шахмат тастары, олардың жүру ережелері

Атанов Б

Жарыс сабақ

13

17.04.2015

8-9 сыныптар

Гүлдер патшалығында

Қасенова С

М.Шералиева

Топтар сайысы

14

18.04.2015

Апталықтың қорытындысы. Марапаттау



Оқу ісі меңгерушісі Г. Миршаева

Бірлестік жетекшісі С.Қасенова

ШАҢЫРАҚ ЖАРАСТЫҒЫ
Тақырыбы: Шаңырақ жарастығы

Мақсаты: Балалардың сыйластық, махаббат құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
шаңырақ жарастығы, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;
жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Көренкі құралдар: оқулық, дәптер, кесте сызылған плакат.
Шаттық шеңбері
Қол ұстасып құрайықшы, шаттық шеңбер бәріміз,
Күлімдесіп тұрайықшы, жарассыншы сәніміз
Жабырқатпай жанымызды ән салайық достарым,
Жақсы көңіл, ақ пейілмен жадырасын жанымыз.
Ән: Бақытты балалық шақ

Біз бүгінгі сабақта шаңырақ жарастығы туралы әңгімелесеміз.
Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін аша түсіндіру үшін сұрақ қою:
Шаңырақ жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауаптарын түйіндеу:
Ия, дұрыс айтасыңдар балалар, бір шаңырақ астында тұратындардың бір-біріне сыйластығы, татулығы, бірлігі шаңырақ жарастығын құрайды.
Оқулықпен жұмыс. Әңгімелеу
Оқушылардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында А.Асылбектің «Сүйіспеншілік» әңгімесін иллюстрациялап әңгімелеп беру.
Сүйіспеншілік
Базарға барайын деп сыртқа шыққан әйел есіктің артында отырған үш қарияны көріп, тұрыңқырап қалады да, бар ниетімен үйіне шақырады. Сонда қариялардың біреуі: «Біз шақырған жерге үшеуіміз бірге бармаймыз»,- дейді. Оң жақтағы досым - Байлық, сол жақтағым болса - Сәттілік. Менің атым - Сүйіспеншілік. Өзін, жолдастарын таныстырғанннан кейін Сүйіспеншілік әйелге былай деп талап қойды:
Қазір үйіңізге барып, үй иесімен ақылдасыңыз. Үшеуміздің біреумізді ғана шақыруға құқыларыңыз бар. Қайсымыз бартынымызды өздеріңіз айтасыздар,- деді.
Балалардың ол туралы пікірлерін білу үшін мынадай сұрақ қойылады.
Сендер болсаңдар қайсысын шақырған болар едіңдер? Неліктен?
. - Балардың жауаптары тыңдалады
... Әйел Сүйіспеншіліктің талабын үй иесіне айтқанда, қатты қуанған ол: «Қандай жақсы, қандай жақсы»,- деп қайталай берді.
Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе? Біз «Байлықты
шақырайық, үйіміз бірден молшылыққа кенелсін». Үй иесінің шешіміне көңілі толмаған әйел: «Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?»,- деді. Екеуі ортақтасып, мынадай шешімге келеді: «Негізінде , ең асылы, Сүйіспеншілік қой деймін. Ол бар жерде біз бақытты боламыз».
Есікті ашқан әйел үш ақсақалға: «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз? Төрлетіңіз. Сізді шақыруды ұйғардық»,- деді. Сүйіспеншілік орнынан тұрды да, үйге беттеді. Жолдастары да орындарынан тұрып, оның артынан үйге қарай жүрді. Аң-таң болған жас әйел Байлық пен Сәттілікке: «Тек біреуміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер...» - деді.
Қариялар:
«Егер тек қана Байлықты немесе Сәтілікті шақырсаңыз, басқа екеуміз далада отырар едік. Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар. Сол үшін үшеуміз бірге баруымыз керек»,- дейді. Алтынайдың «неге?» деп сұрауын күтпестен олар сөзін сабақтай түсті:
«Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз- Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз».
Мұғалім оқушылардың сүіспеншілік туралы ойларын білу үшін сұрақ қояды.
«Сүйіспеншілік бар жерде- байлық пен сәттілік бар» дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Мұғалім олардың пікірлерін өз ойымен қорытындылайды:
Шаңырақ жарастығының негізін сүйіспеншілік, яғни бір үйде тұратын адамдардың бір-біріне деген махаббаты құрайды. Сол себепті бір шаңырақ астында тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым болса, ол үйде сыйластық та, ынтымақ та, береке , бақ та, байлық та болады.
Тыныштық сәті
Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларың жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңдар.
Дәптермен жұмыс
Оқушылардың өз шаңырағында әр күнін қуанышты өткізуге дағдыландыру мақсатында дәптердегі тапсырманы орындауды ұсыну.
Ал қазір, мен сендермен өз құпиямды бөліскім келіп отыр. Сендер тыңдауға дайынсыңдар ма? Балалар, күнделікті өтіп жатқан күндерімізді (үйдегі, сыныптағы, мектептегі) ұмытылмас мереке етіп өткізуге болады. Қалай дейсіңдер ғой? Ол үшін мынадай мерекелік кесте жасап алу қажет деп ойлаймын.


Балалардың өз шаңырағындағы адамдарға деген сыйластық қарым-қатынасын дамыту мақсатында дәйексөздің мәні түсіндіріледі.
«Шаңырақ сәні - сыйластық»
Шаңырақтағы сыйластық, сүйіспеншілік, бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, қамқорлық, өзара түсінісу шаңырақтың сәнін кіргізіп жарастық орнатады.
Өзіммен- өзім Баяу музыка естіліп тұрады
Өздеріңнің шаңырақтағы ең қуанышты сәтті көз алдарыңа елестетіңдер
Тапсырма: Дәптерде берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, мүмкіндігінше жаттап алыңдар.
Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны алады.

Жақсы қыз - жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт - көктегі жұлдыз.

Жүректен-жүрекке
Дөңгелене тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық.
Сабақ соңында оқушыларға өз шаңырақтарына жылы лебіздерін білдіру ұсынылады:
- Мен сендердің шаңырақтарыңа шын жүрегімнен бақыт тілеймін. Ал сендер өз шаңырақтарыңа жақсы тілектеріңді айтыңдар.
-Мен шаңырағыма қуаныш тілеймін.
-Мен шаңырағыма сәттілік тілеймін.
-Мен шаңырағыма бақыт тілеймін
-Мен шаңырағыма сүйіспеншілік тілеймін
-Мен шаңырағыма татулық тілеймін
-Мен шаңырағыма бірлік тілеймін
-Мен шаңырағыма байлық тілеймін.

© 2010-2022