Презентация Технологиядан баяндама Кимешек

Раздел Технология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақтың ұлттық бас киімі «Киелі кимешек»

Ұлттық киім - бай тарихи - мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырларды әдет - ғұрып, салт-дәстүр халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан -жақты хабардар етеді. Қазақ халқының кимі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Соның бірі, қазақ халқының ұлттық бас киімі. Презентация Технологиядан баяндама Кимешек

Қазақ халқының киiмi басқа ұлттардан өзгеше өзiндiк қасиетке толы. Адам баласы қай заманда да баскиімге ерекше көңіл бөліп, аса құрметпен қараған. Баскиімді жерге тастамайтын, кісіге баскиімін бермейтін ырым - тыйымдар күні бүгінге дейін сақталып келеді. Қуанғанда бөркін аспанға лақтырып, күйрегенде жерге ұрып сүйініш пен күйініштің де белгісін баскиім арқылы аңғартқан.

Ертеде екі тайпа ел жауласып өзара бітімге келе алмай жағдай қиындағанда ақ жаулықты аналарымыз араша түсіп, кимешектің үстіндегі жаулығын басынан сыпырып алып екі араға тастағанда киелі баскиімнен ешкім аттап өте алмаған. Демек, кимешектің саяси, тарихи мәні бар деп айтуға болады.

Әсіресе, әйелдердің тұрмыс - тіршілігінде шашты жинап, басты байлап жүрудің гигиеналық, этикалық, эстетикалық мәні зор. Тіпті, шаштың қадірі бастың қадірінен кем болмаған. Өткен заманда шашына рұқсатсыз қол тигізген бөтен адамнан сөз құнындай құн дауланған, төлем белгіленіп айыппұл алынған. Қазақта күйеу жігіт қалыңдығының шашын сипағаны үшін, қыздың жеңгесіне «шаш сипатар» ырымын жасаған. Күнделікті тамақ әзірлеу, бала күтудің өзі шашқа ерекше көңіл бөлуге мәжбүр етеді. Себебі, шаш айналадан жаман қуатты тартатын, қажетті - қажетсіз хабар - ошарды, ғарыштық қуатты жылдам қабылдайтын түкті түйсік «антенна» деп саналады.

Кимешек -қазақ әйелдерінің әдемілігін арттырып, ажарын ашатын киелі бас киімі. Оның түрлері тігілуі мен әшекейіне қарай аймақтық рулық ерекшеліктерге ие, сан алуан сипатта кездеседі. Кимешектің әшекейі мен әдемілігі жас ерекшелігіне қарай парықталып тұрады. Мәселен, әр жастағы әйелдер кимешегінің ою - кестесі жеңіл, тым жылтырақ болмайды. Ал, жасырақ әйелдердің кимешегі қызылды - жасылды, барынша сәнді етіп әшекейленеді. Киелі кимешекті қалай болса солай кез келген уақытта кие салмайды. Оны кюге қатысты өзіндік жол - жорлар бар.

Кимешек - қазақ әйелдерінің киелі бас киімі.Әдетте кимешек ақ матадаң немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс-жайын, тіпті жүріс-тұрысына дейін анық ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан-алуан. Олар көбіне рулық-тайпалық өмір ерекшеліктеріне байланысты.

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІ - ӨТЕ ҚҰНДЫ ТАРИХИ МӘДЕНИ МҰРА

Қазақтың ұлттық киімдері - қазақ халқының қолөнері

Киім - адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі.

Адамзат полеолит-тас дәуірінде-ақ тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланып, сүйек ине, сүйек бізді қолдана отырып, тері және тоқыма киім-кешек жасауды үйренген. Ал енді неолит дәуірінен бастап өру, иіру, тоқу кәсібі өмірге келіп, иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болды.

Қазақтардың қазіргі киімдерінің көбісі сақ дәуірінен бастау алады.

XX ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім-кешегін палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зерттеген С.И.Руденко, тіпті күпінің қазаққа, оның ата-бабасына кем дегенде екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берді. Негізінен, қазақ киімдерін кеңінен зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана қолға алынды.

Қолөнердің басты бір саласы - ұлттық киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қолөнердің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан ұлттық киімдер әлі де аз емес. Шын мәнінде осы қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар.

Қазақ халқының ұлттық киімдері - қазақ халқының қолөнері және заманнан тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Қазақ халқының киім-кешегі ұлттық тұрмыстық және рухани мәдениеттің бағалы ескерткіштерінің бірі. Одан қазақтардың ұлттық ерекшеліктері, мәдени дәстүрлері, эстетикалық талғамы анық байқалады.

Киімнің материалынан, тысталуынан және тігілуінен халық тұрмысының жай-күйі, мәдениетінің қалыптасу процесі, ғасырлар бойы жинаған еңбек тәжірибесі көрінеді. Киімді сәндеп кестелеу, құрақ салу, зергерлік және басқа да әшекей заттармен әдіптеу сол - халықтың сұлулыққа құштарлығының айғағы.

Халық шеберлерінің көптеген қолтумалары хас өнердің өлмес туындыларына айналды. Олар қазақ халқының мәдени қазынасынан лайықты орын алады. Бүгінгі киімдер әрбір адамның жеке талғамына орай тын жиі өзгертіліп отыратын болса, бұрыңғы кезде олар ұлттық дәстүрге сай тігілетін еді. Сондықтан қазақ халқының киімдері, талай ғасырлар өтсе де, болмалы өзгерістерге ғана ұшырап отыр.

Қазақтың ұлттық киімдері, олардың негізгі кәсібі - мал шаруашылығымен байланысты көшіп-қонып жүруге ыңғайлы етіп тігілді. Оларға аяз бен боранға, төтеп беретін киімдер қажет болды. Сондықтан да қазақтар киімдерді малдың иленген терісінен, жұқа киімдерден, қойдың, түйенің жүнінен тікті. Бертін келе матаға жүн салып, сыртын бояды.

Орта Азиямен, Қытаймен сауда-саттық жасаудың нәтижесінде жүн, жібек мақта-маталарын ала бастады. Ал, XVIII-ғасырдан бастап олардың фабрикалық арзан маталарын айырбасқа көптеп алды. Бұл ұлттық киім түрлерінің көбеюіне мүмкіндік жасады.

Қазақ халқының ұлттық киімдері, сән салтанаты халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс-тіршілігіне, табиғат жағдайына байланысты бірнеше үлгіге бөлінеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанның Солтүстік Қазақстаннан, Шығыс Қазақстанның Батыс Қазақстаннан қолөнері мен киімдерінде өзіндік айырмашылық бар. Осы аймақтардың қыз-келіншектерінің киім үлгілеріндегі кейбір ерекшеліктері: жаулықты орау, камзол-жеңсіз сияқты киімдердің әшекейінен, сырт киім-шапан, желбегейдің пішінінен, бояу нақыштарынан ажыратуға болады.

Қазақша киімнің үлгілерінің әйелдерге тән нұсқаларын әр жер өзінше тіккенімен, олардың киімінің үлгілерін бір-бірінен ажырату оңай. Яғни қыздар киімі: ашық түсті матадан, көйлегінің белі бүрмелі, етек-жеңіне екі-үш қатар желбіршек салынуы, қос етек болуы, камзол етегіне, өңіріне оқа не әшекейлі кесте тігіліп, басына үкілі тақия, аяғына биік өкшелі етік киіп, қапсырмалы белдікпен буынатын болған.

Әйелдерге шымқай ақ түсті матадан, кестеленген қос етекті көйлек кию ұят саналған, әйелдер көйлегінің өзіне тән, сән үлгісі болған. Әйелдер самайын, мойын көрсетпеу үшін, өз жасына лайықты кимешек киген. Үлкен кісілер астарланған қымбат көйлектің сыртынан камзол, кестелі кимешек, басына жаулықты сәндеп орап, аяғына кебіс мәсі киіп, шапанын қауыстырмамен айқара буынатын болған.

Ұлттық киім кию дәстүрі бұрыңғы заманнан келе жатыр. Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атаулары көп. Кең байтақ қазақ даласының әрбір аймақтарына, халқының ру, тайпа, жүз сияқты ерекшеліктеріне тән киім кию үлгілері бар.

Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, бір киер делініп төрт топқа бөлінеді. Іштік киімдерге - көйлек, дамбал, желетке, камзол, кәзекей, сырттық киімдерге- шапан, күпі, тон, шидем, сулық киімдерге - шекпен, қаптал жапан, күпі кебенек, кенеп, сырттық жатады.

Әйелдер киімдерінің де әр аймақта әр түрлі үлгілері мен әр алуан атаулары бар. Солардың ішінде қазақ елінің бәріне тән түрлер: жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, көкірекше сияқты заттар. Әйел киімдері әшекей, ажар жағынан, ел салты бойынша, төрт топқа арналып тігілген. Олар қыз киімдері, келіншек, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері. Бұлардың әрқайсысының тігілу мәнері де, әшекейі де әр түрлі.

Қыздар киетін киімдер. Қыздар бойжеткенше бастарына тана, күміс шытыра тағып, үкілі тақия киіп жүрген. Тақияның дөңгелек, шашақ төбе, найзағай сияқты бірнеше түрлері бар. Қыздар қос етек көйлек киіп,барқыттан тіккен кеудеше, мойнына қызыл маржан таққан. Он бес, он алты жастағы бойжеткен қыздар етегіне екі-үш бүрмелі желбіршек салған ұзын көйлек, белі қынамалы, жеңсіз оқалы камзол киіп, қаптырмамен қабыстырған. Оның үстінен қынамалы женді бешпет, қамар белдік күміс, былғары, барқыт тағатын болған. Ал қыздардың бас киімдері негізінен оқалап, зерлеп тіккен, үкілі құндыз тақия, кәмшәт бөрік болып келеді де, оның үстінен шашақты қызыл жібек орамал шәлі жамылады.

Келіншектер киімі. Келіншектер бір құрсақ көтергенше қыз киімін кие береді. Бірақ олар бөрік, тақия кимейді, үкі тақпайды және жалаңбас жүрмейді. Үстіне екі-үш бүрмелі желбіршек салған ұзын көйлек, жеңсіз қынамалы камзол киіп, басына сулама жаулық, батыста; сәукеле жаулық, шығыста; тартып, қызыл жібектен шашақты шәлі салған.

Құрсақ көтерген келіншектер киімдерін мол етіп тігеді, олардың бас киімдері шаршы, сарала жақ, торғын шәлі, қызға қарағанда әшекей заттары аздау болып келеді. Орта жастағы әйелдер құбатебел киінеді. Олардың көйлектері қос етексіз, белі мен жеңі кең болып бүріледі. Бұл жастағы әйелдер шаршыны орап тартады. Жақтарын оқаламайды, жәй кестелейді. Қарт әйелдердің киімі неғүрлым етекті, мол қаусырмалы, қалталы, әшекейлерінің көбі тана, түйме, қапсырма, оқалы өнір сияқты заттар болған.

Қалындық киімі. Қалындықтар қызыл барқытпен омырауын, етегін зерлеп, оқаланған ұзын көйлек, оқа тіккен жеңсіз камзол киіп, белге күміс қамар белін буынған. Басына үкілі сәукеле, үлкен ақ жібектен желек жамылады.

Көне әйелдер киімі. Үстіне ұзын көйлек, шолақ женді камзол, басына кимешек киеді. Кимешектің арты етегі ұзын болады, оның сыртынан күндік орайды. Кейінгі кезде республикамыздың барлық облыстарының киім үлгілері, сәндік бұйымдары еркін араласып кетті. Сондай-ақ он бес-жиырма жыл бедерінде туған ән - күйлердің өзара айырмашылығы да бұрынғыдай анық бермейді.

Әйелдердің ұлттық киімдері өзінің ерекше сәнділігімен көзге түседі. Тіпті жарлы деген әйелдер де киімдерін кестелеп, барынша құрақ салып киетін болған. Әйел көйлегінің кеудесі мен етегі екі бөлек тігіліп, соңынан етекті кеудеге бүріп қосатын. Кеуденің етекке қосылған жері көйлектің белі немесе бүрмесі деп аталады. Әйел кеудесінің кеудесі тар, етегі кең болады. Өңірі бүрмеге дейін ашық, оның асты-үсті әдіптеліп сырып өрнектеледі, мұлы «қақпа» деп атайды. Ана болған әйел осы қақпа арқылы бала емізеді.

Көйлектің жағасы тік шығарылып ол артынан кейде бір жақ иық үстінен түймеленеді, ал қыз-келіншектердің көйлегінің жағасы кестеленеді немесе қол инемен көркемдеп қайып тігіледі, кейде жағаның үстіңгі шетін бүрмелеп желбірлеп қояды. Қыз-келіншек көйлегі жағасының өңіріне бірнеше түймені тізіп қадайды.

Қос етек көйлек әдетте ақ түсті қымбат жібектен, асыл матадан тігіліп, таза жүннен тоқылады. Мысалы, ақ шәйі, шағи, дүрия, бәтес, әифа, ләйлек, сусыма, сипы, кәріс сияқты шитік матадан желбірлеген көйлек түрлері жиі кездеседі.

Сонымен қатар қызыл, жасыл, сары, көк, қара, қубақан, жолақ түсті шыттар мен кырмызы, манат, қамқа, барқыт, пүліш, шуға, ұштап, атлас және т.б, тыстық маталардан да қос етек көйлектер тігілетін. Мұндай көйлекті қыс киюге арнайды да, бір киер көйлек санайды. Қос етек көйлек әдетте ұзын, кең, оның жеңінің ұшы мен жағасы, белі бүрмеленіп, қатпарлы желбір салынады. Қазіргі өлшеммен алғанда, бір қос етек көйлекке 6-7 метрдей мата жұмсалады.

Қос етектің негізгі етегінің кеңдігі 3,5 - 4- тен, кейде 4,5-ке дейін, биігін әркім өз бойына /беліне дейін/ өлшеп, бөлек қусырап алады. Оның етегін әдіптеп, кестелеп немесе оқа жапсырып әшекейлейді. Содан кейін етектің үстінен биіктігі 25-30 см мөлшерінде бірнеше қосымша етек бастырады. Етектің, төменгі шетін әдептеп әшекейлеп бос қалдырады да жоғарғы шетін негізгі етекке бүріп бастырады. Бүріп бастырған тігіс үстіне де зер кесте немесе басқа асыл түсті мата жапсырып әшекей жасайды.

Осындай қосарлана желбір жасап тұрған етектер екіден тоғызға дейін қатар-қатар қатпар түзеп, етекті дөңгелектіп, бір түрлі әдемі ауқым жасап тұрады. Қос етек қөйлектің жеңінің ұшы да қос-қос бүрмеленеді. Әйел көйлегін ерекше сәндеп тұратын қосымша қатардың бірі, омырауға не тігіп, не түйме, түйреуіш, ілгектермен жапсырып қоятын «өңір» деген зат. Өңір жағаның алдынғы жақ түбінің бел бүрмесіне дейін, ені екі жақ қолтық тігісіне жатады.

Өңірді асыл матадан бөлек тігеді. Шет-шетін кестелеп, зерлеп шашақтап, бетіне неше түрлі асыл тас, меруерт-моншақ, алтын не күмістен алқа, теңге бастырма, жылтыраған үзбелі салпыншақтар қадайды. Өңірді кеудеше, көкірекше, төстік алқа деп те атай береді.

Камзол - әйелдер ұлт киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт, пүліш, мақпал сияқты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі. Камзолды кей жерлерде «жеңсіз бешпент» немесе «кәзекей» деп те атайды.

Камзолда жең де, жаға да болмайды және де екі өңірі тек тыс пен астардан тұрады. Камзолдың астары үшін көбінесе атлас, шағи, торғын пайдаланылады. Оның екі өңірі біріне-бірі сәл жетпейтіндей етіп тігіледі. Сондықтан түйме орнына камзолдың алдына зергерлер әшекейлеп жасаған алтын, күміс жалатып, асыл тастан көз орнатқан қусырма қадалады. Камзолдың желкесінен бастап екі өңіріне және етегіне айналдыра алтын оқа басады, немесе зер тігеді. Кейде түбі мен құңдыздың қара пұшпағымен әдіптейді.

Қыздар мен жас келіншектер киетін камзол өте-мөте сәнді болады. Оның екі омырауына алтын, күміс жалатқан қозалар, шарбақ түймелер, меруерт, маржандар тағылады. Кейбір жерлерде күміс теңгелерді тесіп тағып қояды. Казіргі кезде жергілікті өнеркәсіп орындары барқыт пен пүліштен сәндеп тіккен камзол шығаратын болды.

Қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған. Сол сияқты сыпайылық көрсеткенде немесе бас киімді шешу сонымен қатар бөрігін аяқ астына тастау да осы бас киімді қастерлеуден туған .

Қазақ қауымының әдетінде әйелдердің бас киіміне ерекше назар аударылған. Олардың әртүрлі жас мөлшеріне қарай өзіндік ерекшелігі, әсемделуі өзгеше болған. Бұлар көбінесе іштік жеңіл матадан, ал қатипа тақия, құндыз бөрік, шашақ бөріктер ең қымбат аң терілерінен тігілген. Әйелдердің бас киімінің тігілуінің өзіндік мәні бар. Төменде солардың неғұрлым көп тараған бірнеше түріне сипаттама берейік.

Сәукеленің негізгі бөліктері - тәж, төбе, құлақ бау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді. Тәжін асыл тас, алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Сәукеленің төбесі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Сәукелені өлшеп пішіп алып, ішіне астар, сырт жағына бидай шүберек ұстап жиі етіп сыриды. Одан соң оның сыртын қамқа, дария, торғын сияқты асыл матамен тыстайды. Сәукелені әшекейлеу үшін, оның тысының сыртынан зер жіптен тоқылған ақауларды белдеулеп басады. Оның етегін мақпалмен, не қара барқытпен әдіптеп көмкереді. Сәукелеге ұзын құлақ бау тағады. Оның шеті шырайналдыра, зер не жібек жіппен шалып көмкеріледі, түбіне сәнді түйреуіш түйреледі.

Тақия - қыздардың кішкене кезінен киетін ұлттық киімдерінің бірі болған. Тақияның тігілуі де қиын емес. Тақияны пүліштен, қыжымнан, ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. Дөңгелек етіп қиылған шеңберге жағалата, ұзын лентаға ұқсас жолақ жапсырылады. Шеңберді картон қағаздан немесе қатты матадан жасайды. Сыртын әдемі, қымбат бағалы маталармен қаптап тігеді. Ол шеңбердің талғамына сай таңдап алынады. Тақия мыжылмай өз формасын сақтап тұру үшін, оның астары мен кос астарын беттестіріп, жиі етіп сыриды. Одан кейін тысын жауып, шетін басқа түсті матамен әдіптеп кереді. Тақияның төбесі мен етегінің қоспа тігістері білінбеу үшін, сол тігістерді бастыра жібек жіппен әдемілеп шалып тігеді.

Жаулық - әйелдердің негізгі бас киімдеріне жатады. Оны ақ түсті матадан немесе ақ жібектен тігеді. Жаулықты кимешектің сыртынан тартады. Жаулық тұтас енімен алынған, кейде бір жарым ен матадан ұзындығын бір жарым - екі метрдей етіп киып алып, шеттері жіңішке ғана бүгіліп жасалады.

Бөрікті бағалы аң терісінен және жас төлдің елтірісінен тігеді. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан болады. Бөріктің төбесі көбінесе алты киық, төрт қиық болып келеді. Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, жұқа киізден төрт не алты сай /қиык/ етіп пішеді. Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары үшбұрыш тәрізді, етек жақтары тік төрт бұрыш болады. Осы қиындылардың бір бетіне шүберектен астар, екі арасына жұқа матадан бидай шүберек салып, жиі етіп сыриды. Одан соң жеке-жеке сайларды біріне-бірін ебістіріп, ішінен де, сыртынан да жөрмеп тігеді. Оның сыртын барқыт, пүліш қамқа тәрізді асыл маталармен тыстайды. Бұдан кейін бөріктің төбесінің етегін жай матамен астарлап тігеді де, төменгі жағын төрт елідей терімен көмкереді. Кейде бөріктің етегін жауып тұратындай етіп айналдыра зер не жібек шашақтар ұстатады.

Кимешек - әйел киімдерінің ішінде өзінің әсемділігімен, тігілу ерекшелігімен басты орын алады. Кимешек көбінесе ақ түсті жеңіл іштік матадан тігіледі. Кимешек негізінен басты толық жауып тұрады, бет тұсы ойма етіп ойылады. Төменгі жақты арқамен қоса жауып, аяғы үшбұрышты құйрықты болып пішіледі.

Кимешектің шеттері желбір бүрмелермен қосып тігіледі немесе қайырылған тігістермен өңделеді. Кеуде тұсы кең етіп тігілген кимешектерді кейде иықтан асыра қайырып та киеді. Кимешектің бет жағы көбінесе трапеция түрінде пішіледі. Кимешекті әрлеп әшекейлеу жас мөлшеріне қарай жасалып отырған.

Жас келіншектердің кимешектері күміс, алтын зерлермен жасалып, моншақтармен безендірілетін болған. Ал, орта жастан асқан әйелдердің кимешектері жай әсем тігістермен немесе түрлі-түсті жіптерімен әдеміленіп тігіледі. Кимешекті жаулықтың астынан киеді.

Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ішінде әйелдер бас киімі әлі де болса қазақтардан қалмай келе жатыр. Оны қазір көбінесе көне көз әжелеріміз бен апаларымыз бастарынан тастамай қасиет тұтып киіп жүр.Қазақ халқының ұлттық киімі оның тарихымен сонау өткен заманнан жасасып келеді. Сондықтан қазақ халқының ұлттық қолөнері туралы сөз еткенде, оны Қазақстан тарихымен байланыстыра сөз еткен дұрыс.

Қазақ киімдерінің ұлттық түрлерін жинап, оның әр алуан әсем үлгілерін жасау қазіргі кездегі әр түрлі киім үлгілеріне еңгізіліп отыр. Ұлттық киімдеріміздің қазіргі пішімдерінде, түрінде, кестеленуінде, оқалануы мен әсемдеу тәсілдерінде өзіңдік ерекшеліктері бар.

Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынандай түрге бөлінеді: іштік киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер. Бұларға мынандай киімдер жатады: іштік киімдер: бешпент, дамбал, жейде (көйлек), қамзол, күрте, (желетке), шалбар. Сыртқы (өң) киімдер: жадағай шапан, жарғақ, күпі, сырмалы шапан, тай-жақы, тон, шапан, шидем, ішік, қолқап. Сулық киімдер: аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен .

Киімнің негізгі түрлері

Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынандай түрге бөлінеді: іштік киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер. Бұларға мынандай киімдер жатады:

Іштік киімдер

Бешпент, дамбал, жейде (көйлек), қамзол, күрте, (желетке), шалбар. Сыртқы (өң) киімдер Жадағай шапан, жарғақ, күпі, сырмалы шапан, тай-жақы, тон, шапан, шидем, ішік, қолқап.

Сулық киімдер

Аба, кебенек, кенеп, сырт-тық, шекпен.

Ерлердің бас киімдері

Башлық, бөрік, далбай, жалбағай, жекей тымақ, күл- пара, қалпақ, құлақшын, ма-лақай, мұрақ, тақия, тымақ, шалма.

Әйелдердің бас киімдері

Бергек, бөрік, жаулық, желек, кимешек, күндік, ора- мал, қарқара, сәукеле, та-қия, шәлі.

Ұлттық киімдеріміз пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай күнделікті, сәндік киімдер, жыл мезгілдеріне байланысты қыстық, маусым аралық, жаздық, күздік киімдер болып бөлінеді. Жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес мынандай түрлерге жіктеледі: сәби киімі (иткөйлек, сылау тақия), бала киімі (кепеш, малақай, құлақшын, жейде, дамбал, шалбар, етік, бешпент, шапан), бозбала киімі (тақия, етік, жейде, шалбар), бойжеткен киімі (желбіршек- ті көйлек, тақия, кәзекей), қалыңдық киімі (сәукеле, желек), келіншек, бәйбіше киімі (көйлек, кимешек, жаулық, қамзол, кебіс, мәсі, көкірекше), күйеу, жас жігіт, ақсақал киімдері (шапан, ішік, бешпент, сырма шалбар, ақ жейде, дамбал, саптама етік, кебіс, мәсі). Әлеуметтік дәрежесіне, қызметіне байланысты ұлт-тық киімдер мынандай да топқа бөлінеді: жоғары текті қазақтардың киімі, сал-серілер киімі, сән-салтанат киімдері, ұлттық ойын-сауық, жарыстарда киетін киімдер, ғұрыпты киімдер, қазақтың неке киімдері, күйеу жігіт киімі, қалыңдық киімі, дінге байланысты салттық және ғұрыптық киімдер, діндарлар киімі, жерлеу рәсіміне байланысты өлікке кигізілетін киім, аза тұтушылардың қаралы киімдері, қазақтардың ертедегі сулық және кәсіптік киімдері, малшылар киімі, аңшылар киімі, батырлар киімі және т.б. Тіпті киімдерді ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп те танып жатады. Сондай-ақ, кейбір киімдер ру, тайпа аттарымен де былайша аталып, танылады: қыпшақ тымақ, арғын тымақ, найман тымақ, адай бөрік, қызай бөрік т.с.с. Қазақтың ұлттық киімдерін географиялық аймағына қарай Жетісу үлгісі, Арқа үлгісі деп те атау кездеседі. Бірқатар қазақ киімдерінің үлгісіне көршілес орыс, тәжік, қырғыз, түркімен халықтарының киім тігу мәнерінің де әсер еткені мәлім. Ал енді көне ғасырларда пайда болған қазақтың көптеген киім түрлері мен үлгілері бізге жеткен жоқ. Біздің ұлттық киімдеріміздің негізгі түрлеріне байланысты арнайы салт-дәстүр, ырымдар бар .

Бас киімдер бойынша салт-дәстүрлер мен ырымдар

Тымақ. Ол қасиетті баскиім саналады. Оны айырбастамайды, аяқ тигізбейді. Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар. Біреуге бас ұрғанда да аяғына тымағын тастайды. Тымақ тастап кешірім сұрау бітімге шақырудың ең үлкен белгісі.

Бас киімге қауырсын тағу

«Алтын Адамның» баскиіміне де төрт алтын қауырсын ілінген. Тамғалы тастағы суреттерде де қауырсынды баскиім киіп, малдас құрып отырған адам бейнеленген. Баскиімге қауырсын тағу көп халықта бар. Ол мифтік наным бойынша жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланыста екендігін танытады.

Жаулық. Оған қатысты арнайы заң жолы, салт бар. «Жеті жарғы» бойынша қылмыстық, бұзақылық істе ол үшін кімге, кімнің құн тө-ленетінінің орнына «сары жаулық» жүрген. Бұл жаулық құн төлеуге келіскендікті білдіреді. Күйеуі өлген әйел өзінің қаралы екендігін таныту үшін бір жыл бойы сары жаулықты тағып жүретін болған.

Бас киімге қатысты тыйымдарПрезентация Технологиядан баяндама Кимешек

Баскиімді іліп қояды, кез - келген жерге тастай салмайды, астыға басып отырмайды. Олай жасаса, бастан бақ таяды. Ер адам әйелдің жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектіктен айырылады. Қыз бала басына ақ, қара орамал тартпауға тиісті. Ақ - жаулықтың, қара - қайғының белгісі. Жалаңбас отырып бала емізбейді, ас - су әзірлемейді. Баскиімнің төбесін басып кимейді, оны айырбастамайды, ешкімге сыйламайды, сатпайды. Тек сыйлыққа киілмеген, жаңа баскиім алып беруге болады.

Сырт киімдер бойынша

Ішік. Қазақ салты бойынша, қасқыр ішікті жиырма беске толмаған жастар кимеуге тиіс. Өйткені қасқыр ішік жас адамның жалыны мен тері қызуын тұмшалап, оны ауруға ұшыратуы мүмкін. Екі адам боранда адасып

кетіп, қасқыр ішікті аман қалып, қасындағы адам үсіп өлсе, оның туған - туыстары аман қалған адамнан құн даулауға құқылы. Себебі, бір қасқыр ішік екі адмды суықтан қорғап қала алады. Мұның бәрі дала заңында бекітілген тәртіп. Ішік қазақта сый - сияпат, киіт орнына жүрген.

Шапан. Қазақтар оны «жағалы киім» ретінде бағалайды. Адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» - үлкен құрмет. Бұрындары хандар батыр, би, жақсы - жайсаңдарына дәреже бергенде соның белгісі ретінде арнайы тіктірткен шапанды олардың иығына жапқан, түрлі мемлекеттік қатынастарды бекіту белгісі ретінде де шапан жіберетін болған. Қазақта ат мінгізіп, шапан жабу дәстүрі қазір де бар. Ханның өзі киген шапанын сыйға алу - қазақ халқында үлкен мәртебе.

Жейде. Ұзақ жасаған, халқына өте қадірлі болған, бақытты тұрмыс құрған қариялардың жолын берсін деп, олардың жейде - көйлегін сұрап алып, ырымдап киген. Мұндай киім өте тозыңқы болса, оны алғысы келгендер көбейіп кетсе, әлгі киімді бұзып, кішкентай беторамал көлемінде тәбәрік деп бөліп алған. Қариялар бұрындары көп бала тапқан әйелдердің бұткиімін бала көтермеген әйелдердің сұрап, қалап алғанын да айтады. Әйел босанарда толғағы жеңіл болсын деп көйлегінің шетін де жыртып, «жол ашу» ырымы жасалатын көрінеді.

Шалбар. Қазақтар шалбар мен етікті отырып киюге тиіс. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киген. Ұл тапқысы келген әйелдің еркектердің қару - жарақтарын, шалбарын басына жастап жататын, қыз тапқысы келген әйелдің қызыл ала шыт, әйелдің жүзігін, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді басына жастап жататын ырымы ерте кезден келе жатқан наным - сенім. Презентация Технологиядан баяндама Кимешек

Сырт киімдерге қатысты ырымдар мен тыйымдар

Баланы бесікке салғанда бесіктің үстіне жеті түрлі сырт киімдерді (шапан, тон т.б.) жабатын ырым бар. Киімнің жағасын баспайды. Ол жамандық шақыру. Киімді бисмилла деп оң қолдан, оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан, сол қолдан бастап шешеді. Киімді желбегей жамылуға болмайды. Өйткені аруақтар ғана (мүрделер) жеңсіз кебін киеді, кебінін желбегей жамылып үйге кіреді, екі қолы жоқ адам да киімді желбегей жамылады. Тозбаған киімді тастау да - жаман ырым.

Неке киімдеріне қатысты салт - дәстүр

Сәукеле. Оны қыз ұзатыларда әкесінің үйінде, оң жақтағы үкілі тақиясының орнына кигізеді. Келін болып түскеннен кейін сәукелені шешіп алып қояды да жас келін бір жыл бойы желек жамылып жүреді.
Орамал. Ұзатылған қыз өзіне таяу сіңілісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл «ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген тілек. Мұны «шарғы салу» деп атайды .

Той киіміне қатысты ырымдар мен тыйымдар.

Жаңа түскен келіннің бетін тобылғы сапты қамшының басына қызыл торғын орамал байлап ашатын дәстүр бар. Бұл - «келіннің беті айдай жарық болсын, жемісті ағаштай ұрпағы көп болсын» деген ырым. Күйеу жігіт қалыңдығын алып ба-ра жатқанда оның етегінен басып, шапанын алып қалады. Бұл күйеу бала киімін жаңаласын, өмірі ажарлансын деген ғұрып. Жаңа түскен келін киімін тектен-текке қыс-қарта беруге тиісті емес. Олай жасаса, нәрестесінің кем болып тууы мүмкін. Шақырылған қонақтар жолына, жасына, дәрежесіне қарамай арнайы әзірленген қонақ үйлерге түсіріліп, қыз-жігіттер оларға қызмет көрсететін. Той малы сойылып, саба-саба қымыз ішіліп, сыбағалы табақтар тартылғаннан кейін, жаяу жарыс, қыз қуу, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу секілді өнер сайыстары өткізілетін.

Дәстүр бойынша тойдың екінші күні балуандар күресі басталады. Балуандар күресі әрі қарай көкпарға жалғасып, көкпар аяқталғаннан кейін кешке айтыс және ән салу, күй тарту, жұмбақ айту, «Балтам тап», «Хан», «Мыршым» секілді ойындар ойнатылатын.

Қыз ұзату тойының келесі бір белгісі - кешқұрым ақ отаудың алдында «Жар-жар» айтатын қыз-жігіттердің бас қосуы.

Өзбекәлі Жәнібеков өз еңбектерінде: «Жар-жарды», «Сыңсу», «Аужармен» қоса қалыңдықтың ұзатылатын сәтінде оның өз үйіндегі тойда, ата-анасымен, жора-жолдастарымен қоштасу ретінде өткізетін болған» - деп көрсеткен.

Жар-жар айтудың тәртібі бойынша алдымен бір жігіт бастап, қажет жерінде жігіттер тобы қостайды. Ал жауап сөзді құрбылары қостаған қалыңдықтың өзі қатады. Жар-жар мазмұны жағынан алып қарағанда қалыңдық пен ауыл жігіттерінің айтысы тәрізді, сондай-ақ бір ауылда бірге өскен қыз-бозбалалардың бір-бірімен қоштасуы. Жігіттер жағы үлгілі, әдепті бол, қайын ата, қайын енеңді сыйла, туған ауылыңа сөз келтірме деп наздарын айтады. Егер қалыңдық баратын жеріне, болашақ күйеуіне көңілі толмаса, әкесіне, ел-жұртына жар-жар айту сылтауымен өзінің наразылығын да айтып салады. Бірақ, қазақтың қалыптасқан дәстүрі бойынша бұл есепке алынбайтын болған.

Кешке қарай қыз туыстары қыз бен жігіттің некесін қидырады. Неке қию мұсылман дінінің қағидаларына сай өткізіледі. Қыз анасы күміс жүзік, сақина және садақ жебесі салынған сырлы тостағанға су құйып, молданың алдына жайылған ақ шүберекке қояды. Неках дұғасын оқыған молда күйеуден, қалыңдықтан, куәлардан, қыз әкесі мен бас құдадан ризалық алып, су ұрттатады.

Неке қиылғаннан кейін ұзату тойы да аяқталады. Қыз үйінен күйеу еліне аттанарда қимас өз ауылын аралап жүріп, жақын туыстарымен қоштасады. Қоштасудың негізгі мәні - үйлердің адамдарымен ғана жүздесіп шығу емес, әр туыстың от орнымен, шаңырағымен қоштасып, сол шаңырақ иелерінен, дәстүр бойынша, ескерткіш есебінде ұсынған сыйлықтарын қабылдап, ықыластарына ризашылық білдіріп, олардың сыйлықтарын көзіндей көріп жүруі. Бұл салт ел ішінде «танысу» деп аталған.

Соңынан ата-анасымен, жұртымен, құрбы-құрдастарымен қоштасып, «сыңсу» айтып, өзінің жаңа үйіне кете барады.

Қазақ халқының киiмi басқа ұлттардан өзгеше өзiндiк қасиетке толы. Мұның басты себебi қазақ халқының табиғат төсiнде өсiп, еркiн ғұмыр кешуімен байланысты. Өткен ғасырлардың өзінде-ақ киіміне қарап адамның ұлтын ғана емес, сонымен қатар оның қандай дінді ұстанатындығын, қала адамын ауыл тұрғынынан, бойжеткенді жас келіншектен айыруға болатын еді. Сонда біздің ата-бабаларымыз, соның ішінде әйел заты қалай киінген? Мұндайда тарихи деректер, саяхатшылар жазбалары, көне сызба-суреттер сыр шертеді.

Қазақтың ұлттық киімдерінде оның этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері сақталған. Олар пайдалану, қолдану ерекшеліктеріне байланысты күнделікті және сәндік киімдерге, жыл мезгілдеріне қатысты қыстық, маусымдық және жаздық киімдер болып бөлінеді. Қазақтың ұлттық киімдерін жас пен жыныс ерекшелігіне қарай: сәби, бала кездегі киімдер, жігіт, қыз боз бала дәуірінің киімдері, орта жас, сар кідір кезеңдегі киімдері деген сияқты түрлерге жіктеуге болатындай. Сондай-ақ қандай кәсіби салаға қатыстылығына қарай - жұмыс киімдері, бір киер сәндік киімдер, үй киімдері, іш киімдер, сырт киімдер, аңшы, малшы, басшы, жауынгер киімдері деп те бөлінеді. Жыл мезгіліндегі тұтынысына қарай жаздық, қыстық, күз-жазғытұрымғы (демисезондық) киім деп ажыратылады. Адамның дене мүшелеріне сәйкес бас киім, ұлы дене киім, аяқ киім деп жіктеледі.

Сондай-ақ қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша әр рудың, әр қоғамдық жiктiң, кәсiп иелерiнiң киiм киюiнiң өзiндiк ерекшелiктерi сан алуан. Мысалы: сал-серiлердiң, қожа-молдалардың, байлар мен билердiң, бақсы-балгерлердiң, кедей шаруалардың, аңшы-саятшылардың т.б. киiмдерi бiр-бiрiне мүлде ұқсамайды. Осындай ерекшелiктердi бас киiм кию дәстүрiнен де байқауға болады.

Киім тақырыбына қалам тартқан этнограф С.Қасиманов қазақтың киімін сипатына қарай iштiк, сырттық, сулық, бiр киер, сәндiк және кейбiрiнде салтанат ғұрып киiмi деп бөледі. Бiр киер киiм деп қымбат маталардан әшекейлеп тiгiлген, той-думандарға, жиын-топтарға барғанда, өзге елге сапарға шыққанда киетiн сәндi киiмдердi атаған. Қазақ салтында ер жiгiт егеске түсерде, соғысқа барарда киiмдердiң ең жақсы көрнектiсiн киген. Iштiк киiмдерi - көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей, сырттық киiмдерге - шапан, күпi, кеудеше, тон, шидем, сулық киiмдерге- шекпен, қаптал шапан, кебенек, кенеп, сырттық жатады .

Қазақтың ұлттық киiм үлгiлерiне көшпелi тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейiмделе дамуына көршi халықтармен арадағы мәдени-экономикалық байланыс, шаруашылық-мәдени тип, тiршiлiк қамы мәдениетi әсер еткендiгi сөзсiз.

Жас қыздар бүрмелі етекті көйлек, бешпет, камзол, қынама бел киімдер киеді. Бастарына үкі кепеш, аяқтарына мәсі, оюлы кебістер киген. Бойжеткен қыздар кәмшат бөрік киеді, сәндеп өрнектеген ақ шыт тартады.

Тұрмысқа шыққан қыздар алғашқы жылы сәукеле, күнделікті өмірде желек киеді де, балалы болған соң сәукелесін тастап, шылауыш орамал жамылады. Жас келін деп үлкен кісілерді көрген кезде бетін желегімен көлегейлеп жүреді, бұл иба көрсеткені. Әлеуметтік мәртебесі бекіп, бірнеше балалы болған соң кимешек шылауыш киеді. Кимешекті қызыл жіппен шым кестелеп кисе күйеуі барлығын, ал ақ жіппен жай ғана су тартып кисе жесір әйел екендігін көрсетеді. Шылауышты кимешектің үстінен тартады. Әйелдер тері бұлғары мәсі-кебіс, қыста қозы елтірісінен ішік киеді. Елтірі ішік ақ, қара, күрең болады .

Әйел киiмдерiнiң қазақ елiнiң бәрiне мәлiм ортақ түрлерi: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебiс-мәсi, көкiрекше сияқты заттар. Әшекей, ажар жағынан қыз бен келiншек киiмдерi, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбiшелердiң киiмдерi деп төрт топқа арналып тiгiледi.Презентация Технологиядан баяндама Кимешек

Әйелдердің бас киімдерінің түрлері

Әйелдердің бас киімдері:

  1. сәукеле

  2. бөрiк

  3. қарқара

  4. кимешек

  5. жаулық

  6. күндiк

  7. желек

  8. шәлi (жiбек, шiлтер, оюлы түрi бар)

  9. бүркенiш

  10. бергек

  11. қасаба

  12. тақия

  13. шылауыш

  14. жаулық

Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл, тағы басқа бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден, өңдi маталардан қабатталып сырылып тігіледі. Тақия төбесі, әлбетте, төрт сай немесе дөңгелек келеді. «Таңдай», «ирек», «қабырға» тігістермен сырылып, жібек, алтын, күміс, зер жіптермен кестеленiп, моншақ асыл тастармен безендiрiледi. Түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл тастармен безендіріледі. Үкінің үлпілдек қауырсынын әсемдік үшін тақияның төбесіне қадайды. Үкілі қадалған тақия қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі болған. Қыздардың киетiн тақиялары жiбек, зер жiптермен тігіліп, Маңғыстауда "телпек", шығыс Қазақстанда "кепеш" деп аталады.

Қасаба - тұрпаты дөңгелек, желкесіне қарай Презентация Технологиядан баяндама Кимешек

ойыңқылау келген, дөңгелек тақияға ұқсас етiп пiшiледi де, артқы жағына немесе желкесiне қарай бiрте-бiрте ойыңқы түскен құламасы болады, ұшы әйелдiң арқасына қарай төгiлiп жатады. Айдыны зерлi жiптермен кестеленiп, қиылысқан жерiн алтын жолақпен жауып, зерлi әшекеймен безендiредi. Құламасына шашақтар тағылады. Шашақтың көп тағылуын "ұрпағы көбейсiн" деген игi тiлекпен түсiндiруге болады. Қасабаның маңдай тұсына түрлi асыл тастармен тiзiлген дөңгелек табақшалармен бекiтiлген қыстырма iлiнген. Ал самай тұсына ұзынырақ күмiс қоңыраушалармен ұшталған 5-6 тiзбек салпыншақ қыстырған. Көне түркі (қыпшақ) бас киімнің негізгі элементтерін бойына сіңірген қасаба атауы «алтын зерлі» деген мағына береді дейді этнограф Ө.Жәнібеков. Қасаба көбіне төре, сұлтандардың қыздары киетін бас киім саналған.

Кимешек туралы жалпы түсінік

Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген. Ер адам, әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің экологиялық, эстетикалық негізі бар. Бас киім қыста аязда, жазда күннің ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа үлкен мән берген ата - аналарымыз бас киімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық ретінде берік, тығыз, шыдамды матаны қолданған. Ұлттық бас киімдердің түрлері: бас киімдер XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жасаған И. В. Захарова мен Р. Р. Ходжаева ер адамның бас киімдерін 6 түрге бөлген:

1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас киім - тақия;

2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім - төбетей;

3. Киізден тігілген бас киім - қалпақ;

4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара);

5. Тері қапталған жылы бас киім бөрік;

6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін бас киім.

Үйге келген қонақ ілулі тұрған кимешектің үлгісіне қарап - ақ отбасындағы әйелдердің жас мөлшері, талғамы мен дәрежесінен хабардар болған. Демек, кимешек - әрі төлқұжат, әрі мінездеме рөлін атқарған.

«Кимешек - пайғамбардың ноқтасы» деген де сөз бар. Бұл жерде «ноқта» сөзі тура мағынасында емес, бейнелі мағынада: тыйым, тәртіп, белгілі бір өлшем деген түсінікті білдіреді. Кимешектің өзге мұсылман әйелдер бас киімінен ерекшелігі - тек басты жабатын бүркеншектігі ғана емес, салтанатты да сәнді әшекейі мен әдемі пішіні. Кимешек әр аймақтың тұрмыс қажеттігінен туындағанын, ортақ өндірістік қатынастардың болмағанын ескерсек, сырт көзге ғана бөлек болып көрінеді. Ал - жақынырақ танысып, бізге жеткен пішім үлгілерін сараласақ, негізгі басты ұстанымы ортақ. Яғни, мәні сақталады, сәні уақыт үрдісіне, жеке ісмердің шеберлік деңгейіне, ой - қиялы мен өресіне сай өзгереді. Алайда, ортақ қағидасы бұзылмады. Әр өңір өзінше әр түрлі береді. Біреу ойығын ойып, біреу жиегін жиып, біреу өңірін сырып киді. Бәрі пайдасын біліп киді.

Кимешек- қазақ әйелдерінің дәстүрлі ұлттық бас киімі. Кимешек ақ матадан тігіліп, жиегі астарланады. Кимешектің иекті айнала, маңдайды жауып тұратын екі жағын шықшыт дейді. Кимешек жас ерекшелігіне қарай көркемделеді. Жасы егделенген әйелдердің кимешегінің ою-кестесі жеңіл, сары, ақ жіппен сырылады. Жас әйелдердің кимешегі қызыл, жасылмен әшекейленеді. Кимешектің алдын жақ деп атайды. Оны қол кестесімен кестелейді. Кимешектің шылауыш деп аталатын түрін жас келіншектер, орта жастағы әйелдер, әжелер де киеді. Кимешекті басқа сәйкестіре пішіп, тігеді. Кимешектің белден төмен түсіп, шашты жауып тұратын ұзын ұшы құйрықша деп аталады. Кимешек кеуде, иық, жонды жабатындай тұйық етіп жасалады. Тек адамның бет - әлпеті ашық тұратын жері ойық болады. Ойықтың екі жағы, кеудеге келер тұсы кестеленіп әшекейленеді. Жылтыр жіптермен бастырылып, сырыла тігіледі. Ал, ойықтың жиегін өңді жіппен шалып тігеді. Мұны «алқым шалу» дейді. Кимешектің кеудедегі бөлігінің ұшына күміс теңгелер тағылады. Бұл кимешекке сән береді, әрі төмен қарай басып, жазылып тұруға әсер етеді. Кимешек әйелдердің шашын шаң-тозаңнан сақтап, қобырап тұрмауына септігін тигізеді. Кимешектің Қазақстанда бұрама жаулық, иекше, т.б. атаулары да кездеседі. Кестесіне қарай кимешек қызыл жақты, сары жақты, ақ жақты кимешектер болып бөлінеді. Ақ жақты кимешекті қарт әжелер, қызыл жақты кимешекті келіншектер, сары жақты кимешекті орта жастағылар киеді. Кимешек кейде күміспен, моншақтармен шеттіктеледі. Бұрын әр тайпа мен рудың кимешек терінің пішімінде, түрінде және сырт көрінісінде өзіне тән ерекшеліктері болған. Дәстүрлі қазақ қоғамында жаңа түскен жас келіннің алғаш кимешегін кигізуге байланысты ғұрыптық рәсім өткізілетін болған. Жаңа түскен жас келінге алғаш кимешегін кигізу әйелдің қонақ асын беруімен бірге өтеді. Оны келіннің енесі ұйымдастырып, ауылдың қарт әжелері шақырылады. Келгендердің бірі жас келінге кимешек кигізіп, енесінен сый алатын болған.

Кимешекке жеткенше әйел баласы бірнеше кезеңдерден өтіп, әртүрлі баскиім киіп бастың өзін «бастықтыруы» қажет. Айталық, сәби қыз дүниеге келгеннен бастап - сылау тақия, сырма тақия, көз моншақты тақия, балауса қыздар маңдайын кестелеген шыт байлама, бойжеткендер маржандаған кепеш, топы, үкілі тақия немесе қалыңдықтар қарқаралы бөрік, сораба және сәукеле, қасаба киген. Келін болып түскенде үстіне салы ( шәлі) жамылған. Бір балалы болғанша салы, байлауыш байлап жүрген. Тұңғышы ширап қатая бастағанда, абысын - ажын жиналып, ана болғанның белгісі ретінде сәукелені шешіп, сәндеп тігілген кимешек кигізген. Бұл баскиім балалы әйелге ыңғайлы да таза, жинақы болған. Талғаммен тігілген кимешек кигенде беттің алмасы ғана көрінеді. Шақырайған кимешекке үйренгенше қымсынып, үстінен желек жамылған. Енді біраз уақыт өткен соң, алдын ашу деген рәсім жасалады. Желектің алдыңғы екі ұшын артқа қайырып, белге байлайды. «Алды ашылған әйел» деген сөз осыған байланысты айтылған. Сөйтіп, бірте - бірте желегін сыпырады. Желегі басынан түскенше төрге шығуға болмайды. Кішкентай балалар тентектік жасап, төрге қарай жүгірсе, келін амалсыз босағада тұрып қалуға мәжбүр болады. Кимешектің киілуі - келіннің кердең мінезден тыйылуы, ата- салттың алдында иілуі. Келін болып келгені емес, келін болып қалғаны. Әулетке ұрпақ қосқаны үшін салтанатпен санатқа ілініп, өзінің лайықты орнын иеленгендігі. Екінші баласын туғаннан кейін, кимешектің үстінен шылауыш байлайды. Жас ерекшелігіне қарай шылауыштың маңдайын (жіңішке, орташа, жалпақ етіп) қайырады.

Төбесіне төбелдірік бастырып, сырғып кетпес үшін әр жерінен асыл тастар орнатқан түйреуіштер түйрейді. Шылауыштың орнына күндік орайтын да әдебіміз бар.

Кейбір өңірде рудың, елдің атақты адамдары қайтыс болғанда ауыл - аймақтың әйелдері желектерін сыпырып тастап, бәйбішелері жақ салмаған ақ кимешек киетін болған. Мұны «ақ жақ болды» деп те атайды екен. Яғни, басы қаралы, жүрегі жаралы елдің аза тұтқан белгісін тағы да бөз бүркеншік айтқызбай білгізген. Бастағы бөз байлауыш әйелдің жесірлігін, басы бос, тірі жесір, қарасы түсірілмеген т.б. белгілерін айқындайтын анықтамасы болды. Алтай қазақтарында «жақ бұзу» деген ұғым кездеседі, яғни жесір қалған әйел кимешегінен қызылды - жасылды өрнектерді алып тастайды. Мұндай әйелдердің кимешектерін жыл толғанша теріс кигізіп, жыл толғаннан кейін оң кигізетін салт болған.

Кимешектің бізге жеткен хронологиялық ғұмырының ең ежелгі түрі - орама кимешек. Бұл жай ғана басты ораудың, жабудың қажеттілігінен пайда болуы мүмкін.

Орама кимешекті Ақмола жақтың қазақтары ХХ ғасырдың 20-30 жылдарына дейін киген. Мата тігілмей, ерекше пішілген бет -әлпеті шығын тұратын бөлігіне ойықша жасалған, оны басқа ораған кезде кәдімгі кимешектерден айырмашылығы болмаған.

Сырдария бойындағы Кіші жүз руының бірінде пішіні өз бетінше бөлек, бүрмелі кимешек түрі болған. Оның алдыңғы жағы кеудеге түсіп, ал жоғарғы жағы бүктеліп, бетті екі жағынан қоршап тұру үшін басқа байлап бекітіліп қоятын болған. Кейде арқа бөлігінің жоғарғы бұрышына төбешік тігілген.

Кимешектің төптүркіні қазақтардан шыққандығын дәледейтін дәйекті жазба деректер бар. Оны таратуда, дамытуда Шыңғыс ханның жорығы мен Ұлы жібек жолының тікелей де жанама әсері ерекше болды. Өткен ғасырдағы аласапыран кезеңде Атажұрттан көшкен қазақтар өзінің де жақсы дәстүрін үлгі ете білді. 1925 жылы қазіргі Науай облысының солтүстік - шығысындағы қазақ - қарақалпақ автономиялық ауданы құрылды. Канимех аудандық басқармасының дерегі бойынша аудандағы 30760 тұрғынның 20268 - і қазақ ұлтының өкілі болған. Кимешектің үлгісі де осы аймақтың әйелдер бас киімі ретінде сақталған.

Шылауышты басқа тартқанда шаршысының ұшы етіктің сірі өкшесіне тиіп тұруға тиісті. Шылауыштың шетіне қол кестемен қызыл, жасыл, сары, жолақ және жалғасқан қысқа оюларды салады. Оның бұрыштарына үшбұрыш және дөңгелек оюларды кестелеп немесе сырып әшекейлейді. Шылауыштың төбесінен шекеге таман үкінің сабағын орап, маржанмен отырғызады. Жас келіншіктер тартатын шылауыштардың бұрышын кестелеп, төбесінен шашақ төгілтіп, кестеленген төбілдірік те пайдаланады. Шылауыштың әр тайпалық үлгілері болады. Моңғолия еліндегі қазақ әйелдерінің басқа тартатын Керей үлгісіндегі шылауыштың ұштарына сәндік үшін шашақ, төбесіне төбілдірік бастырып шашақтайды. Алдымен кимешекті киіп, содан кейін шылауыш тартып, төбілдірікті бастырады.

Күндік жаулық кимешектің сыртынан жартылай оралып, тартылады. Әйелдер оны үш - төрт құлаш ақ түсті матадан, жібектен дайындаған. Күндік жаулық тартқан әйел күнге қарсы жүргенде, күндіктің маңдайындағы үшбұрышты қаттаманы еңкейтіп түсіріп қояды. Күндік жаулықтың үшбұрышты қаттама шыққан жерінен және әйелдің желкесіне келетін тұсынан түйреуішпен түйреп бекітеді. Жаулықтың ішінде Қызай үлгісіндегі кестелі жаулықтың салтанатты ерекше. Шылауыш - кимешектің үстінен байланатын үлкен шаршы орамал. Керей әйелдерінің шылауыш, кимешектері де басқа жердің әйелдерінің кимешек киіп, шылауыш тартуынан өзгеше келеді. Шылауыш төбесіне «алтындалған», «күмістелген» жіптерден тоқылған шашақты төбелдіріктерді қадап, шылауышты сәндеп тартады. Сол сияқты шылауышқа ай түйреуіштерді, қоңыраулы түйреуіштерді, маржанды түйреуіштерді тағып сәндейді.Кимешектің кеуде жағын, бет жаулықтарын көмкеріп кестелейді.

Әйел бас киімінің ғұмырнамасы:

3 жас (нәресте, сәби) - ит тақия, сырма, кепеш тақия;

5 жастан шыт тақия - сырға тағар ( «қыздың сүндеті»);

7-13 жас - үкілі тақия, тепеш, жұрынды бөрік (төрт сай, шошақ төбелі) топы, көз тәті, үлбірлі үкілеген жаннат бөрік;

13 - тен кейін (бір мүшел) отау иесі - сораба, жанатпен жиектелген қауырсын қадаған дәрежелі қарқара бөрік;

25 жас (екінші мүшел) - сәт құндызды салтанатты тәж сәукеле, зерленген шашақты қасаба;

37 жас (үшінші мүшел) - кимешек. Кимешекке қосымша бөлшектердің атаулары: шылауыш, бұрмаша жаулық, сәлде, күндік, құндық бөрік, шыт байлама, желек, салы (шәлі);

49 жаста (төртінші мүшел) сән - салтанаты биязылау кимешекке қатысты қосымшалардың бәрін қолдануға болады;

61-73 жас аралықтары кейуана деңгейіне жатады. Бұл кезеңде баскиімнің жеңілдеу жалаң кимешек, иекше, байлауыш түрлерін киген лайық.

Ақ кимешек - қазақ әйелдері баскиімінің жапылама шартты түрдегі атауы, ақ жаулықтың баламасы. Кимешек - әрі этноқұндылық, әрі қайта айналып келген тәуелсіздіктің символы. Әйелдің баскиімін қадірлеген ұлттың әйелі де құрметті.

Кимешектің күрделі пішімі - басқа киілетін бөлігі. Ол - «төбелдірік», «шықшыт», «желке», «маңдай», «алқым», «иін» деп аталатын бедер қиындылардан құралады.

Кимешек ұзындығына қарай - арқа жабар, бел жабар (түйе кимешек), қылта шалғай, өкше қағар болып төрт өлшемге бөлінеді.

Кимешектің киюге де, күтуге де ыңғайлы түрі - тоқыма кимешек.

Тоқыма кимешек «киім - кешек» деген түбірге лайық төбесінен етегіне қарай ілмек (қармақ) бізбен тоқылып иықтан төмен түскенде кәдімгі желбегей жамылғыға жалғасып, түрлі бүршіктермен шашақтап, шілтерлеуге, әрлеуге мүмкіндік береді. Күндік, қасаба, сәлденің түрлері сияқты тоқыма кимешектер де жаздық, қыстық болып бөлінеді.

Арқа жабар көбіне ғибадат құлшылық жасау, намаз оқуға ыңғайлы. Түйе - кимешек - үлгінің ертеден қалыптасқан түрі. Аты айтып тұрғандай түйеге, басқа да көлікке отырғанда бүктелмейді, ұзындығы құймышықтың ұшымен тұйықталады. «Күндігін қарқарадай қоқитып, түйенің үстінде келе жатыр» деген одағай сөз тіркестері бар. Шалғайы қылтасын, қапталы бөксесін жауып киілетін кимешек - тойға да, «қойға да» ыңғайлы, күнделікті тұрмысқа қолайлы болған.

Бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар.

Жоғарғы әлемдегі рухтар мен ата -бабалар аруағы мен (шекараласатын) бөлікті киім -бас киім үйдің құты мен берекесі, Басқа қонған бақтың (тұрағы) деп есептеледі. Сондықтан да бас киімге қатысты ырым -тиымдар кешені сол құтпен берекені сақтауға, баянды етуге бағытталады. Айталық, олардың қатарына бас киімді тарту етпеу, ауыстырып кимеу, қабаттамау сияқтыларды атауға болады.

Бас киімді кез келген жерге тастай салуға болмайды, биікке іліп қою керек. Әсіресе астыға басып отыруға болмайды. «Себебі бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады. Бас айналып, тіл байланып, иман қашады.» деген наным бар. Адамның басынан қадырлі, ақылынан қасиетті ештеңе жоқ. Сонымен бірге бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның мандайына жазылады, сондықтан бас киімнің орны ерекше. Ер адам әйел адамның киімін кимейді, жаулығын салмайды. Себебі еректігі сөнеді, рухы жасиды.

Қазақтар үкіні қасиетті құс деп санаған. Үкінің үлпілдеген жүні мен қауырсыны жын -сайттаннан қорғайды деп, төсектің басына, бесікке, бас киімге қадаған.

Қыз басына ақ, қара орамал тақпайды. Ақ -жаулықтың, қара -қайғының белгісі болып саналады.

Емшекте баласы бар әйел жалаңбас отырып бала емізбейді. Орамал салып отыруы керек. Жалаңбас болса, қайызғашын шайтан баласының аузына салып жібереді, бала есейгенде мәңгүрт болады, анадан безеді, басына шығып, аяқ қасты етеді деп біледі.

Бас киім айырбастамайды (басындағы бағың кетеді немесе біреудің басындағы бәлесі жұғады) бас киімнің төбесін басып киюге болмайды. Бас киімді басқа адамға сыйлауға, сатуға болмайды. Жаман ырым деп есептеледі. Бас киімін біреуге сыйға берген қыз-жігіттің үй болулары кешігеді. Тұрмысы жақсы адамның ырысы шайқалады деген нанымдар қалыптасқан. Сондай-ақ бас киім сатып алып тұрған адам, ол киімді сатушының қолымен басына кидіріп өлшесе, басындағы бағын сол кісіге береді. Сондықтан бас киімді сатып алушынан өз қолымен өлшеуіне назар аударған.

Бөтен адамға бас киім бермейді, берсе адам басы кемиді деп саналады. Киіп жүрген бас киімді сыйға немесе кие тұруға бермейді. Себебі, бастан бақ кетеді, соры қайнайды. Сыйлыққа жаңа бас киім беру керек. Бұл басты қастерлегендік.

Кимешек - қастерлі, ел арасынан үзілмей келе жатқан әйел адамның бас киімі. Бойындағы иманы, инабаты, қорғаны, бетжүздігі, талғамы, дәрежесі, мәртебесі. Салтанат сәнімен әйелдеріміздің бетіне әр беріп келген кимешек те басқа киім үлгілеріндей өзіндік пайда болу, даму, құлдырау, қайта өрлеу дәуірлерін басынан өткізді.

Қазақтың ұлттық киiм үлгiлерiнiң көшпелi тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейiмделе дамуына көршi халықтармен арадағы мәдени-экономикалық байланыс, шаруашылық-мәдени тип, тiршiлiк қамы мәдениетi әсер еткендiгi сөзсiз.
Тұрмысқа шыққан қыздар алғашқы жылы сәукеле, күнделікті өмірде желек киеді де, балалы болған соң сәукелесін тастап, шылауыш орамал жамылады. Жас келін деп үлкен кісілерді көрген кезде бетін желегімен көлегейлеп жүреді, бұл иба көрсеткені. Әлеуметтік мәртебесі бекіп, бірнеше балалы болған соң кимешек шылауыш киеді. Кимешекті қызыл жіппен шым кестелеп кисе күйеуі барлығын, ал ақ жіппен жай ғана су тартып кисе жесір әйел екендігін көрсетеді. Шылауышты кимешектің үстінен тартады.

Киелі кимешек қадірі кеткендіктен, мезгілі өткендіктен емес - қиын, аласапыран жылдарда ғайып болды. Ұзақ жылдар бойымыздан кетсе де, ойымыздан өшпеген ақ кимешек мезгілін күтіп, айдынын аңсап жеткен құстай ақ тілеумен қайта оралды.

Әркім өз келбетін сақтауға ұмтылып жатқан жаһандану кезеңінде сәні мен мәні астасқан асыл мұрамыз салтанатты кимешек - ұлтымыздың қастерлі қазынасы ретінде сөздік қорымызға, өмірімізге еркін еніп, ерекше назар аударуға лайықты төл туындымыз.

«Киелі кимешек» зерттеу жұмысы арқылы ескі мен жаңаны үндестіріп, заманымен үйлестіріп, жаһандану дәуіріндегі қазақ әйелдерін өзіне тән тарихи көркем бейнесімен қайтадан көзайым етуге ұмтылдым. Сыртқы келбетіміздің кейпінен ішкі жан дүниеміздің астарын айшықтай түсуге талпындым.

Сөзімізді түйіндей келе, Ұлы даланың мәдени мұрасының бірден - бір мұрагері қазақ халқының қасиетті әжелерінен қалған киелі дүниені сақтап қалу, дамыту - бүгінгі біздің басты парызымыз деп ойлаймын.

Қыста суықтан, жазда ыстықтан қорғайтын, немере - шөбереңнің алдында мәртебеңді асыратын, бетіне иман ұялатып, жүзіңе шырай беретін аналарымыздың беделі болған кимешек болашақтың да еншісіне бұйыратын бұйым болса деген үмітім бар.

Презентация Технологиядан баяндама Кимешек

Презентация Технологиядан баяндама Кимешек



© 2010-2022