По технологии на тему Қалталар

Раздел Технология
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

По технологии на тему ҚалталарПо технологии на тему ҚалталарПо технологии на тему ҚалталарПо технологии на тему Қалталар «Бекітемін»

Аудандық оқушылар Үйінің

директоры:__________Қ.Иманбаев

« ____»______________ 2013 жыл


Сабақтың тақырыбы: «Қалтаны өңдеу»

Өткізілетін уақыт: 13 наурыз

Сабақтың мақсаты: білім іскерлігін бейімдеу, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.

Білімділік мақсаты: оқушыларға әр түрлі қалталардың сән үлгісінен, ерекшеліктерінен, қолданылуынан мағлұмат беру, қалталарды өңдеу тәсілдерімен таныстыру;

Дамытушылық мақсаты: оқушыларды кәсіптік бағдарға қызығушылығын арттыру, қол, тігін машинасымен қалтаны бұйымға қондыруды үйрету, ойлау, талдау және түсіндіре білу қабілетін дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: ұқыптылыққа, эстетикалық талғаммен киім киюге, үнемділікке, жауапкершілікке, топпен жұмыс жасай білуге, өзара жолдастық көмекке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ұжымдық, дәстүрлі.

Сабақтың әдісі: жаңа сабақты меңгерту, сұрақ-жауап, теориялық білімді практикамен байланыстыру әдістері қолданылады.

Пәнаралық байланыс: математика, сызу, бейнелеу өнері.

Сабақтың көрнекілігі: бүктеме, қалта түрлері, сызбалар, манекен, тігін машинасы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды түгендеу;

ә) оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

а) сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты меңгергенін анықтау;

ә) Венн диаграммасын құру.

III. Жаңа сабақ.

а) тақырыптың мақсатын таныстыру;

ә) қалта түрлері;

б) өлшем алу;

IV. Қорытындылау, оқушыларды бағалау.

V. Үйге тапсырма.



  1. Матаның қандай түрлерін білесіңдер? (Мақта мата, зығыр мата)

  2. Олардың анықтамасы. (мақта мата бір жылдық өсімдік. Мақта өсімдігінің жемісі аппақ ұзын талшықтарға құрамдас қораптан тұрады. Осындай талшықтарды мақта дейді.

Зығыр-зығыр талшықтарын беретін бір жылдық, шөп тектес өсімдік, зығырдың үш түрі бар: салалы зығыр, жабайы зығыр, бұйра зығыр.

  1. Мақта мен зығыр талшықтарының айырмашылығы неде?

Мақта

Мықты

Зығыр

Ақ

Қысқа

Жіңішке

Жұмсақ



Ашық сары

Жылтыр

Ұзын

Жуан

Қатты


Жаңа сабақ.

Жаңа сабақ тақырыбы:

  1. Тігін құралы;

  2. Қол тігістің түрі;

  3. Алжапқыш бөлігі;

  4. Уақытша біріктіріп тұратын тігіс;

  5. Машина тігісінің түрі.


О

Й

М

А

Қ



Қ

А

Й

Ы

П


Б

Е

Л

Д

І

К


К

Ө

К

Т

Е

У



Б

А

С

Т

Ы

Р

А





Қалта --киімнің құрамдас бөліктерінің бірі. Қалтаның жапсырма, жарма қалта, төс қалта, омырау қалта, ішкі қалта т. б. түрлері болады. Орналасуына қарай жапсырма қалта, төс қалта, омырау және жан қалта болып ажыратылады. Жапсырма қалталар қарапайым тік қалта, қиғаш қалта, қақпақты (клапанды) болып келеді де, олар әдіптелген тілікті, бүрмелі, оюлы және сырып тігіледі. Жапсырма қалталарды қақпағын ілгекті немесе ілгексіз, тік төртбұрышты немесе оюлы етіп жасайды. Жапсырма қалталарды бүрмелен, жиырыл, кестелеп әшекейлеп тігеді. Жоғарғы және жан қалталар түрлі формалы: тік немесе оюлы, тік немесе қақпақты т. б. түрі болады. Киімнің моделіне қарай жарма қалталарды кейде бүрменің немесе тігістің үстіне салады. Спорттық үлгідегі киімге көп жағдайда қалтаға сыдырма салынады. Қалтаны даярлағанда оның формасы мен тізілген матаның ерекшелігін технологиялық өңдеу тәсілдерін ескеру керек.

Қалталар сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы қалталар - тілме, тілме емес, жапсырма қалталар болып бөлінеді. Тілме қалталар - қалпақты, жапырақшалы, төртбұрышты, жиекті болып келуі мүмкін. Тілме емес қалталар - жоспар тігісінде, бүкпелі жерлерде болады. Жапсырма қалталардың формасы әр түрлі болып келеді, оларды бүктеп, қақпақ және планка салып өңдейді.

Қ А Л Т АІшкі қалталардың өңір мен астардың жапсар тігісіне және омырау ішіне орналастырады. Қалталардың барлық түрі және өңдеу тәсілі жағынан алуан түрлі болып келеді.





ІШКІ

СЫРТҚЫ





ӨҢІР, АСТАР

ЖАПСАР ТІГІСІНДЕ

ОМЫРАУ ІШІНДЕ


ТІЛМЕ

ТІЛМЕ ЕМЕС

ЖАПСЫРМА





Жапсырма қалтаны өңдеу үшін:

  • Таңдаған қалта үлгісін матадан қиып аламыз;

  • Кесілген пішім ішке қарай ауыз жағынан 2 см. аралықта бүгіледі, ал үш жағынан 0,5 см. бүгіледі;

  • Тегістеп үтіктеледі.

Қалтаны алжапқышқа орнату үшін:


  • Алжапқыш қалта орнын белгілеу керек;

  • Қиып алынған қалтаны алжапқышқа белгіленген жеріне көктеп қою керек немесе ағылшындық түйреуішпен екі жерден бекіту керек;

  • Қол машинасымен бастырып тігіп аламыз;

  • Тегістеп үтіктеледі.


Қауіпсіздік ережесі(графикалық диктант):


  • Қайшыны досыңа ұшымен бер;

  • Тігін құралдары арнайы қобдишада тұру керек;

  • Жұмыс орнын таза ұста;

  • Сынған инені қалтаңа сал;

  • Машинаның айналатын жерлеріне қайшы, т.б. заттар қоюға болмайды;

  • Жарық сол жағынан түсу керек;

  • Машинаға инені салғанда аяғыңды аяқ басқыштан алма;

  • Үтікті матаға қарай қыздыру керек,

  • Суды ауызбен буркуге болады;

  • Тіккенде оймақпен тігу керек.

Өзара тексеру(бір-бірін тексереді)

Жаңа сабақты бекіту.


  • Қалтаның аузын қандай тігіспен тігеміз?

  • Қалтаның шеттерін немен әшекелеуге болады?

  • Қалта неше түрге бөлінеді?

Қорытынды бөлім.


  • Жақсы жасалған жұмыстарды атап өту;

  • Жіберген қатерлерді талдау;

  • Бағалау;

  • Жұмыс орнын жинастыру.

Үйге тапсырма.

а) үлгерілмеген жұмыстарды тігу;

ә) тігіс түрлерін қайталау.

По технологии на тему Қалталар По технологии на тему Қалталар

По технологии на тему Қалталар По технологии на тему Қалталар

По технологии на тему Қалталар По технологии на тему Қалталар

По технологии на тему ҚалталарПо технологии на тему Қалталар

По технологии на тему Қалталар

© 2010-2022