Коучинг Қалыптастырушы бағалауды сынып деңгейінде қолдану

Раздел Технология
Класс -
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коуч мұғалім: Раушан Шалданбай


Күні:

8.09.2015

Коучинг сессияның тақырыбы:

Қалыптастырушы бағалауды сынып деңгейінде қолдану

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық, үлестірмелі материалдар, бейнесюжет

Мақсаты:

Сабақ барысында оқушыларды бағалауда, бағалау әдіс-тәсілдеріне ерекше назар аударуларына ықпал ете отырып, қалыптастырушы бағалауды жүйелі пайдалануларына дағдыландыру.

Табыс критерийсі:

Мұғалімдер оқыту мен оқудағы бағалаудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйренеді, олардың тиімділігі жайлы мағлұмат алады, оны өз тәжірибелерінде қолданады. Мұғалімдердің жаңалыққа құштарлығы оянады және оқушыларының да пәнге қызығушылығы артады.

Түйінді идеялар:

Қалыптастырушы бағалау

Коучинг сессиясының өту барысы

Коучтің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеттері(әдіс-тәсілдер)

Ұйымдастыру кезеңі

(5 мин)

Бейне ролик көрсетемін. Бейнероликтегі мұғалімнің іс-әрекеті туралы сұраймын.

Миға шабуыл немесе ой қозғау:

4 топқа тапсырма.

  1. Бағалау дегеніміз не?

  2. Оқу үрдісінде бағалау керек па?

  3. Бағалаудың мұғалім үшін қандай маңыздылығы бар?

  4. Оқу үшін бағалау дегеніміз не?

Жеке жұмыс. Мұғалімдер өз ойын білдіреді.

Топтық жұмыс.

Мұғалімдер өз ойын білдіреді.

Негізгі бөлім

(7 мин)

Бағалау бойынша презентация көрсетіп, мұғалімдерге мағлұмат беру.

4 топқа «Ақылды мал» тақырыбында жазылған диктант парақшасын ұсынамын.

Интерактив тақтаға диктант тексеру бойынша өз үлгімді шығарамын

Диалог. Жеке жұмыс.

Топтық жұмыс. Диктантты тексеріп, бағасын қояды

Топтық жұмыс. Өз ойларын қорытындылайды

Сергіту сәті

(3 мин)

Тақырыпқа байланысты әзірленген әртүрлі фотосуреттер көрсетемін

Өз ойларын айтады

Бағалау

Кері байланыс

(5 мин)

Топтағы әрбір мұғалімге парақша беремін. Мидың суретін салып 4 бөлікке бөледі.

4 сұраққа қоямын.

  1. Маңдай бөлігі: Коучинг барысында не білді?

  2. Төбе бөлігі: Коучинг барысында қандай іс-әрекеттер істеді?

  3. Самай бөлігі: Коучинг барысында қайдай ауызша және тұжырымдамалық мәліметтерді қабылдады?

  4. Желке бөлігі: Қандай визуалдыбейнелерді қабылдап, жадыға сақтап алды?

Сызған мидың суреттерінің 4 бөліктеріне сұрақтарға жауап жазады.

«Бутерброд» әдісі бойынша өз ойларын және ұсыныстарын білдіреді.

Ресурстар

Интерактивті тақта, ақ қағаздар (А3), үлестірмелі тапсырмалар

Қолданатын әдіс-тәсілдер

Топтық жұмыс, АКТ-ны пайдалану, пікір алмасу. Жеке ойларын білдіру.


© 2010-2022