5-7 сыныптарға арналған тест сұрақтары

Раздел Технология
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Алғы сөз



«Технология» пәнінен 5-7 сыныптарға арналған таңдау тесті 4 бөлімнен құралып, сұрақтардың барлығы оқу бағдарламасына сәйкестендіріліп жинақталып, барлық бөлімдерді толық қамтиды.

Тестті технология пәнінің тақырыптары, бөлімдері бойынша оқушылардың білімдерінің сапасын тексеру кезінде пайдалануға болады.

Оқушы тестіге жауап беру барысында өзінің алған білімдерін бір жүйеге келтіріп, бірнеше жауаптың ішінен жалғыз дұрыс жауапты таңдап, нақты сұраққа нақты жауап береді. Тестің сұрақтарына дұрыс таңдау жасап, дұрыс жауап бере білу - үлкен білімділік.

Тестілеу әдісін пайдалану оқушылардың өз еркімен таңдау жасау, еркін ойлау, еркін шешім қабылдау, нәтижені болжау қабілетін дамытады.






5-сынып

Машина тану элементтері негізінде конструциялық материалдардың өңдеу технологиясы

1. Кез келген машина неше негізгі механизімнен тұрады?

а) 2 ; ә) 3; б) 4; в) 5;

2. Беріліс механизімінің қозғалмайтын бөлігін ... деп атайды:

а) трек; ә) буын; б) жетекші буын; в) жетектегі буын;

3. Металдар негізінен неше топқа бөлінеді?
а) 2 ; ә) 3; б) 4; в) 5;

4. Қара металдарды ата:

а) алюмини,мыс; ә) мырыш,қорғасын; б) жез, қола; в) шойын, болат;

5. Құрамындағы көміртегі 2% -дан аспайтын темір қорытпасын ... деп атайды

а) болат; ә) шойын ; б) темір; в) баббит;

6. Құрамындағы көміртегі 2% -дан асатын темір қорытпасын ... деп атайды.

а) баббит; ә) темір; б) болат; в) шойын ;

7. Мыс пен мырыштың қорытпасын ата:

а) баббит; ә) жез; б) қола ; в) күміс;

8. Металдардың түскен күш тоқтаған соң өздерінің алғашқы қалпына келуін ... қасиеті деп атайды.

а) беріктік ; ә) қаттылық; б) серпінділік; в) қарсылық;

9. Қыспақтың негізгі бөліктері қандай металдан жасалады?

а) қола; ә) жез; б) болат; в) шойын;

10. Металды шабатын негізгі құрал;

а) шаппа шот; ә) шапқы; б) балта; в) кескіш;

11. Металдың бетін кесу арқылы тегістейтін құрал:

а) егеу; ә) кескіш; б) шапқы ; в) пышақ

12. Ағаш негізінен неше бөліктен тұрады?

а) 2; ә) 3; б) 4; в) 5;

13. Ағаштың негізі - ядросы қалай аталады?

а) өзек сәулесі; ә) камбий; б) флоэма; в) ағаштың өзегі;

14. Жүмсақ ағашты ата:

а) емен ; ә) үйеңкі; б) жөке ; в) қызыл қарағай;

15 Ағашпен темір өңдейтін шеберлерді кім деп атайды?

а) ұста; ә) балташы; б) зергер ; в) ісмер;

Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде материалды көркемдеп өңдеу.

16. Ағашты кесуге қажетті ең басты құрал :

а) балта ; ә) шаппа шот; б) қол ара ; в) сүргі;

17. Жалпақ беттерді тегістеу үшін қолданылатын сүргілеу аспабы:

а) шерхебель; ә) фуганок; б) сүргі; в) түрпі;

18. Ағаш бұйымдарының беті тегіс болу үшін:

а) шабады; ә) қырады; б) сүргілейді; в) түрпілейді;

19. Сүргілеу барысында ағаштың бетінен жұқа қабатының алынып тасталуын ... деп атайды.

а) жоңқа; ә) үгінді; б) бұтақ; в) қабық;

20. Алғашқы, дөрекі өңдеу жүмыстарын жүргізетін сүргілеу аспабы:

а) фуганок ; ә) сүргі; б) шерхебель; в) түрпі;

21. Ағашты кез келген бағытта кесе алатын ара :

а) қыл ара ; ә) қол ара; б) кернеу ара; в) жақ ара;

22. Ағашты тесу үшін пайдаланатын құрал:

а) қашау; ә) бұрғы; б) шапқы; в) тескіш;

23. Бұрғының ең көп тараған түрі:

а) спираль типтес; ә) орталықты бұрандалы;

б) жай бұрандалы; в) қасықша бұрандалы;

24. Ағаш өңдейтін үстел неше бөліктен тұрады:

а) 2 ; ә) 3; б) 4; в) 5;

25. Көлденең кесу үшін ара тісінің кескіні қандай болуы керек?

а) тік үшбұрыш; ә) қиғаш; б) ірі тісті; в) майда тісті;

26. Қиғаш кесу үшін ара тісінің кескіні қандай болуы керек?

а) тік үшбұрыш; ә) қиғаш; б) ірі тісті; в) майда тісті;

27. Сүргіленген бұйымның сапасын немен тексереді?

а) көзбен ; ә) карындашпен; б) сызғышпен ; в) циркульмен;

28. Ағаш материалдарын оюға қажетті басты құралдар:

а) балта; ә) сүргі; б) бұрғы; в) қашау мен үшкір пышақ;

29. Өрнек салынатын қаңылтыр қатаң болса, не жезден жасалса, онда оны өрнек салар алдында ...

а) отқа қыздырып жасытады; ә) 10%-дық күкірт қышқылы араластырылған суға салады;

б) төс темірге қойып сағады; в) суға салып қайнатады;

30. Әсемдік бұймдарын жасайтын шеберді ... деп атайды;

а) шебер; ә) ұста; б) зергер; в) ісмер;

Үй мәдениеті және тұрмыстық техника

31. Тоқ көзінің бірі:

а) элетр шамы; ә) электр тізбегі; б) ажыратқыш; в) аккумулятор;

32. Электр өндіруші:

а) электр қозғалтқыш; ә) электр тізбегі; б) генератор; в) ажыратқыш;

33. Оқшаулағыш материал:

а) мыс; ә) пластмасса; б) қорғасын; в) қалайы;

34. Электр энергиясын тоқ көзінен тұтынушыға жеткізу үшін арнайы ... қажет.

а) қабылдағыш; ә) тұтынушы; б) өткізгіш; в) оқшаулағыш;

35. Ең қарапайым электр тізбегі неше элементтен тұрады?

а) 2 ; ә) 3; б) 4; в) 5;

36. Шартты белгілермен көрсетілген жүйелерді ... деп атайды.

а) электр тізбегі; ә) электр бейнесі; б) электр сызбасы; в) электр схемасы;

37. Электр энергиясын жылу энергиясына айналдыратын қондарғы:

а) үтік; ә) қозғалтқыш; б) желдеткіш; в) шаң сорғыш;

38. Монтердің құралдарына қандай ортақ талаптар қойылады?

а) өткір болу керек; ә) сапалы болаттан жасалу керек;

б) саптары оқшаулағыш материалдарымен қапталған болу керек;

39. Өткізгіш сымдардың байланысқан жерлері ... оралады.

а) резенкемен; ә) оқшаулағыш таспамен;

б) полиэтилен пленкамен; в) шүберекпен;

40. Қалта шамының тоқ көзі не болып есептеледі?

а) аккумулятор; ә) генератор; б) конденсатор; в) гальваникалық элемент;


Жеміс, көкөніс дақылдарын өсіру технологиясының негіздері


41. Топырақты ғылыми тұрғыдан зерттеу қай ғасырда басталды?

а) XVІІ ғ; ә) XVІІ ғ. аяғы; б) XVІІІ ғ.; в) XVІІІ ғ. аяғы ;

42. Топырақтың ең негізгі қасиеті - оның ...

а) құнарлылығы; ә) су өткізгіштігі; б) ылғал сыйымдылығы; в) ауа өткізгіштігі;

43.Қара топырақтың 1 гектарында қанша тонна органикалық заттар болады?

а) 100-200 т; ә) 200-300 т; б) 300-400 т; в) 400-500 т;

44. ПЛН-5-35 соқасы топырақты қанша см тереңдікке дейін жыртады?

а) 30 см; ә)35 см; б) 40 см; в) 45 см ;

45. Жер қыртысмен кесек топырақтарды қопсытып, майдалауға арналған техника:

а) соқа; ә) тырма; б) таптауыш; в) культиватор;

46. Арам шөптерді отауға, тыңайтқыш шашуға , түптеуге арналған техника:

а) соқа; ә) тырма; б) таптауыш; в) культиватор;

47. Органикалық тыңайтқышты ата:

а) шымтезек; ә) азот; б) фосфор; в) калий;


48. Ұзақ уақыт қайталап егуге төзімді келетін дақыл:

а) зығыр; ә) күнбағыс; б) қызылша; в) картоп;

49. Қайталап егуге және бұрынғы егілген жеріне қайта егуге төзбейтін дақыл:

а) күнбағыс; ә) жүгері; б) кендір; в) картоп;

50. Гүл өсіру шаруашылығында неше түрлі жылдық өсімдіктер өсіріледі?

а) 2 ; ә) 3; б) 4; в) 5;

Тест сұрақтарының кілті:


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

ә

а

а

в

а

в

ә

б

в

ә

а

ә

в

б

а

б

ә

б

а

б

в

ә

а

а

а

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

46

47

48

49

50

ә

б

в

а

б

в

а

ә

б

б

в

а

б

ә

в

в

а

б

а

ә

в

а

в

а

ә


© 2010-2022