«Сегіз қырлы сұлулар»

Мақсаты: Технология пәні бойынша алған білімдерін насихаттау 1-жүргізуші: -Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Армысыздар, қадірменді әділ-қазылар алқасы! Бүгін біздің ауылда дүбірлі той, Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой. Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп, Қош келдіңдер, халайық сергісін бой. 2-жүргізуші: Болады қыздың аты затына сай, Ниет етсең болуға өнерге бай. Артық емес, үйрен де жирен деген, Бос қалып бұл өмірде жүрмесін жай. 1-жүргізуші: -Өздеріңізге мәлім, технология пәндері апталығы өтіп жатыр.Соған сәйкес мектебімізде 3 сынып қыздары арасында шеберлік сайысы ұйымдастырылып отыр. 2-жүргізуші: -Сайысымыздың мақсаты бұрынғы ата-бабамыздан мұра болып қалған салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды ұялатумен қатар, дәстүрлі өнерге баулып және де осы сайыскер аруларымыздың арасынан өнерлі өрендерімізді анықтау. Жүргізушілермен таныс болыңыздар. 1-жүргізуші: Ару аты затына сай қашанда, Өзге\лерге үлгі болар әманда. Бас иеді сіздер үшін халайық, Айдай сұлу қыздың бірі-Салтанат. 2-жүргізуші: Үйреуге өнерді мол талабын, Бойға жиған дархандығын  кең даламның. Жігіттердің сұлтанына еліктеген, Ердәулет деген ұлдарың мен боламын.   Сонымен біздің бағдарламамызда: 1.      «Сәлем сөздің анасы» - таныстыру. 2.      «Шеберлік шыңға жеткізер» - өнер 3.       «Ойлы болсаң, озып көр» - мақалдағы құпия сөзді табу. 4.      «Ас адамның арқауы» - салат 5.      «Бұрымды ару» сайысы 6.       «Күзгі фантазия» - сәндер шеруі 1-жүргізуші: -Ендігі кезекте сайыскерлерімізбен де таныс болайық. 1- топ. «Қызғалдақ» тобы 2- топ. «Бәйшешек» тобы 2- жүргізуші:
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бидайкөл ауылы

№148 қазақ орта мектебінің технология пәнінің

мұғалімі Бұйрашева Алмагүл Оңғарқызы

Сабақтың тақырыбы: «Сегіз қырлы сұлулар»

Мақсаты: Технология пәні бойынша алған білімдерін насихаттау

1-жүргізуші:

-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Армысыздар, қадірменді әділ-қазылар алқасы!

Бүгін біздің ауылда дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

Қош келдіңдер, халайық сергісін бой.

2-жүргізуші:

Болады қыздың аты затына сай,

Ниет етсең болуға өнерге бай.

Артық емес, үйрен де жирен деген,

Бос қалып бұл өмірде жүрмесін жай.

1-жүргізуші:

-Өздеріңізге мәлім, технология пәндері апталығы өтіп жатыр.Соған сәйкес мектебімізде 3 сынып қыздары арасында шеберлік сайысы ұйымдастырылып отыр.

2-жүргізуші:

-Сайысымыздың мақсаты бұрынғы ата-бабамыздан мұра болып қалған салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды ұялатумен қатар, дәстүрлі өнерге баулып және де осы сайыскер аруларымыздың арасынан өнерлі өрендерімізді анықтау.

Жүргізушілермен таныс болыңыздар.

1-жүргізуші:

Ару аты затына сай қашанда,

Өзге\лерге үлгі болар әманда.

Бас иеді сіздер үшін халайық,

Айдай сұлу қыздың бірі-Салтанат.

2-жүргізуші:

Үйреуге өнерді мол талабын,

Бойға жиған дархандығын кең даламның.

Жігіттердің сұлтанына еліктеген,

Ердәулет деген ұлдарың мен боламын.

Сонымен біздің бағдарламамызда:

  1. «Сәлем сөздің анасы» - таныстыру.

  2. «Шеберлік шыңға жеткізер» - өнер

  3. «Ойлы болсаң, озып көр» - мақалдағы құпия сөзді табу.

  4. «Ас адамның арқауы» - салат

  5. «Бұрымды ару» сайысы

  6. «Күзгі фантазия» - сәндер шеруі

1-жүргізуші:

-Ендігі кезекте сайыскерлерімізбен де таныс болайық.

1- топ. «Қызғалдақ» тобы

2- топ. «Бәйшешек» тобы

2- жүргізуші:

-Сайыскерлерімізбен таныс болсақ, бүгінгі кешке төрелік ететін әділ- қазылар мен таныс болайық.

1- жүргізуші :

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

2-жүргізуші:

Намысты бермеу үшін жатқа қолдан,

Арулар аз болды ма атқа қонған.

Көңілде қалған із бар өткен күннен,

Өмірде қалған сыз бар ақтабаннан.

1-жүргізуші:

Жасырмай айтар болсам жан сырымды.

Тағдырым қарауылға қанша ілінді.

Ерліктің қос қанаты деп білемін,

Аяулы Әлия мен Мәншүгімді, - деп жырлаған ақын

Исраил Сапарбай ағамыздың сөзімен бүгінгі сайысымызда бастаймыз.

2-жүргізуші:

Өнерлі жастар арамызда,

Бүгінгі келді сайысқа.

Таныстырып өздерін,

Шықсыншы қане ортаға.

1-жүргізуші:

«Болар елдің баласын сәнімен емес, сәлемімен танисың» - демекші , алғашқы сайысымыз «Сәлем сөздің анасы»

2-жүргізуші:

-Бұл сайыста әр топ басшылары өз топтарын таныстырады. Сонымен бірге топ жөнінде мағлұматтар беріп, топтың атын қоюдағы мақсаттарын түсіндіреді.

1-жүргізуші:

Шебер қыздар көрме жайған

Он саусағы майысқан.

Тігін тігер, тоқу тоқып,

Бәрі іскер бәрі ұста.

2-жүргізуші:

«Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші,

Жақсылығын өзімен ала келді десеңші», - дей келе «Шеберлік шыңға жеткізер» сайысын бастаймыз. Негізінен бұл сайыста топтар өз шеберліктерін көрсетеді.

1-жүргізуші:

Қазы, жая, омыртқа, көмбе деген,

Қуырдақ, сүр, май палау тәтті неден?

Қарта , төстік, шұжық, жаужұмырды

Қазақ халқы қасиетін ерте білген.

2-жүргізуші:

Ей, менің асқар тауым,

Қазақы дастарқаным.

Өзіңсің бақ берекем,

Ақ қайнар бастауларым.

1-жүргізуші:

-Келесі сайыс «Ас адамның арқауы» деп аталады. Бұл сайыста қыздар үйден дайындап әкелген салаттардың жасалу жолын түсіндіреді.

2-жүргізуші:

Қайта оралды қазағымның дәстүрлері

Көптен күткен қазағымның асыл арманы еді

Берекесі мол қазақ жері, қазақ елі мерекесі,

Дәстүрлерін нық ұстайық халқымыздың бұл ежелгі,

- дей келе,«Ойлы болсаң озып көр» сайысына да кеек келді.

1-жүргізуші:

Бұл сайыста әр сайыскер мақалдың жалғасын табады. Барлығы 10 мақал берілген.

1.Шешеннің тілі алтын, (шебердің қолы алтын)

2. Еңбек етсең ерінбей, (тояды қарның тіленбей)

3.Кестені көңіл сызады, (көз сынайды)

4.Ұлдың ұяты әкеге,(қыздың ұяты шешеге)

5.Бұлақтын жақсылығы сағасынан, (баланың жақсылығы анасынан)

6. Еңбек етсең емерсің,(еңбегіне кенелерсің)

7.Шебер көп жерде,(өнер көп)

8,Еңбектің наны тәтті,(жалқаудың жаны тәтті)

9.Салт-дәстүрге адал болған арымас,(арам болған жарымас)

10.Ағаш көркі- жапырақ,(адам көркі шүберек)

2-жүргізуші:

Рахмет,қыздар, жауаптарың қанағаттанарлықтай болды.

Бұрымы ұзын қарындас,

Жан бар ма саған арылмас.

Қылықты қыздар болса да

Бұрымды қыздар табылмас-дей келе

бұрымды аруларымызды ортаға шақырамыз

1-жүргізуші:

«Ағаш көркі жапырақ,

Адам көркі шүберек» -демекші «Күзгі фантазия» атты сәндер шеруі

Бұл сайыста қыздар сән үлгісін көрсетеді

2-жүргізуші:

Еңбек етсе бақ қонады ерге епті,

Еңбекпенен ел өркендей бермекті.

Мұратына жеткен әрбір азамат

Мәңгі жырлап өтер деймін еңбекті.

1-жүргізуші:

Кімдер білгір,кімдер ұшқыр

Салыстырып біз көрдік

Қара қылды қақ жарып

Әділін тек айтатын

Ортамызда төбе би,

Өзіңізге сөз бердік-деп бүгінгі

сайысымызды аяқтай отырып,әділ қазы алқасына сөз береміз .

© 2010-2022