Ғылыми жоба тақрыбы Қият /7 класс/

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектеп











Тақырыбы: «Қият»










Орындаған: Инаятулла Ұ

Сыныбы: 7 «В»

Жетекшісі: Жолдыбаева Ж


















Әйтеке би кенті

2013-2014 ж.ж.


Қият


Инаятулла Ұлдай

Жанқожа батыр атындағы № 70 мектептің

7 «В» сынып оқушысы


Жетекшісі: Жолдыбаева Жадыра технология пәнінің мұғалімі

Мақсаты:

Тың деректерді зерттеу, зерделеу, ауыз-ауызға аңыз болып естіліп келген бабалар ерлігін тарих қойнауынан жас ұрпақ санасына ұялату арқылы Тәуелсіздігіміздің тарихына аз да болса өз үлесімді қосу.

Міндеті:

Қият руының шығу тарихын зерттей отырып, Қазақстанның Тәуелсіздігін аңсап кеткен, осы күнге жетуге өз үлестерін қосқан бабалар ерлігін насихаттау.





Негізгі бөлім:


Қияттан ұл туса

Қара темірге күн туар

Қазақ елі егемендігін алғаннан кейін әміршіл-әкімшіл жүйенің күйреуі, жаңа қоғамдық қатынастарға бетбұрыс, демократиялық өзгерістер қазақтардың өзінің өткенін, руы мен тегін, тарихын, елінің бұрынғы өткен игі жақсыларын, батырлары мен билерін, олардың халық алдындағы еңбегін бағамдауға кең мүмкіндік туғызды. Осы кезеңнен бастап көңілі ояу, көзі қарақты қалам ұстаған ағайын өз елінің өткенін зерттеп, көнекөз қариялардың ауызша айтқандарын жинастырып, ататек шежіресін құрастырып топтап, тарихтың жаңа беттерін аша бастады. Бұрын аты аталмай, беймәлім болып келген батырлар мен билер, кейін ұмыт бола бастаған арыстар мен боздақтар туралы жарияланымдар сөзіміздің айғағы.

Мен бүгін өз руым Қияттың шығу тарихын, бұрын еш жерде жарияланбаған, тек аталарымыздың аузынан бабаларымыз туралы естіген естеліктерін ортаға салмақпын.

Әуелі Қият деген атаудың қайдан шыққанына тоқталайық.

Алау деген қыз бала, суға түсіп жүріп судың көбігінен жүкті болады. Сәл кейін Көбік деген жігіт бір ұрыста 18 жасында Енесейден өтіп бара жатып суға кетіп өлген екен. Хан баласы Көбікті іздеп Алауға кезігеді. Алау жағада бор жеп отырған. Мән-жайға қаныққан хан Алаудың жүкті екенін көріп «кімнен болды?» деп сұрағанда «көбіктен» деп жауап берген. Қате түсінген хан «Ұрпағымның қатыгез болғанын қаламаймын, өлтіріңдер» деп әмір беріп сандыққа салып даияға ағызып жібереді. Дарияның арғы бетіндегілер қара қалпақ киеді екен. Бергі бетіндегілер бас киім кимейтін болған. «Ханталапай» ойыны басталады. Сұрмерген (бір жерде Қарамерген) деген мерген сандықты қиялап атып, жағаға келтіреді. Енеміз аман қалып, ұл туады. Сандықты қиялап атып аман алып қалдық, бұл баланың аты «Қият» болсын деп балаға есімін қояды. Алау өліп кетеді. Сұрмерген баланы өсіреді. Қият өте тұйық, қайратты болып өседі. Міне, Қият атауы осыдан шығып, Қияттан біздің ұрпақ тараған.

«Енесі оның бор жеген...» деген өлең жолдары содан қалған.

Хан сайлауында Қият Енесейден сеңнің үстінен өтіп келе жатқан. Сеңнің үстінен өту өте қауіпті. Екі адам көмекке найзаны тосқанда «Найзаны алмаймын» деп жатқанда аударылып түседі. Бірақ өзінің қайраттылығының арқасында Қият аман-есен өтеді. Бірінші келген «Хан», екінші «Қаһан», үшінші «Қалау» болған.

Сайлаудан кейін күркіріген Қарахан кім екенін Қияттан сұрағанда

Қият: «Анамды сұрасаңыз некесіз

Әкемді сұрасаңыз жетесіз

Өзі болған жігіттің

Атасын сұрап не етесіз» деген екен.

Қияттан төрт бала, 41 немере болады. 1-ші Қорасан (10 бала) біздер, 2- ші Қылыш (10 бала), 3-ші Құрбан (10 бала) Шыңғысхан тарайды, 4-ші Жақып (11 бала) қырғыздар тарайды. /таушық қият ел басқарғандар/

Қиятта Ойран деген батыр болған. Қарақалпақтың батыры Батқамен жекпе-жекке шығып жеңіске жетеді.

Алмағай деген ханның кезінде халық бір аурудан көп өле берген. Тексере келе аурудан бір жесірден тарағаны анықталды. Ол татар қызы еді. Татар қызы өлтіріледі. Қызымызды өлтірді деп татарлар жауласады. Алмағай халықты Құландыдан алып келеді. Жартысы қалып «ноғай» аталады.

«Алмағайып заман болды» деген Алмағайдың көшінен қалған екен. Наймандармен құда болып қияттың бір баласы наймандардан бір үлкен айғыр ат мінеді. Айғырды өзі бағып, суарып, тамақтандырады.

Суаруға барған айғыр үркіп қасындағы қызды сүйрете, өз үйіріне қосылады. Ат тартқан қыз өледі. Наймандар «Қияттар қызымызды өлтірді» деп жауласып қияттарды қан жоса етеді. Наймандар қияттарға айғырды үйірінен кері айдаңдар дейді. Айғыр керген арқандарды үзіп кері шабады. Жазықсыз қияттар Наймандарға өшігеді. Алмағайды қытайлықтар өлтіреді. 3-ші немересі Боданшар хан болады. Боданшар кезінде наймандармен жауласады. Қияттардың өзінде хандыққа талас туады.

Осыдан 35-36 ата ұрпақ бұрын бабамыз Шыңғысханмен за мандас болған. Қияттың ұраны: ұр. Таңбасы: балға болған. Ата-бабамыздың сүлдесіне сиынған. Аспанда ақсұңқар, қияда арқар, жерде ақ тұлпарды киелі тұтқан. Кейін Шыңғысхан, төрелер арқарды ұран қылған. Арқардың орнына ақ барысты киелі тұтқан.

Құрымнан Ораз-Қалау, Айдабол туған. Ораз - Қалаудан Сабалақ атақты Абылайхан туған. Айдабол ұста, жауынгер, қайратты болған. Абылайдың туын ұстаған. Үш жүздің басын қосқанда әскери белгілер беріп тұрған. Туы 8 құлаш, шолақ қылышы 1 пұт (16 кг) болған екен.

Жауынгершілік кезде сыртынан бір мерген Айдаболды атады. Оқ тірсектен тиеді. Айдабол тізеден жоғарғы жағынан өз аяғын өзі шабады. Шабылған аяқ қап-қара болып кеткен. Себебі, оқ улы оқ еді.

Шимойы деген жерде қияттар қалмақтарды жеңіп той жасайды. (Шыңғыс тауы деген жерде). Қияттың жері жоқ еді. Жер аламыз деп жүргенде қалау өледі. Айдабол хандыққа сайланады. «Дүкен құрған» деген жерде Айдабол халқымен ақылдасқан екен. «Ақ сүйекте жер болмайды, ел болады»-дейді Айдабол. Ел екіге бөлінеді. Айдаболда 6 бала (Аққозы, Көк қозы Бозқозы, Жанқозы т.б. болған. (Арғындардың ішінде Айдабол деген елдер бар. Ақ қозы, көк қозы деген де бар Арқада) Өз балалары наймандарға қосылады.

Балаларының ішінде Бозқозының баласы Қалжан алдын болжай алатын, өте көреген болған. Ол Қияттың тоз-тоз болғанын қаламаймын деп көшеді. Еділ жақ жерінде Балталы деген ел болып еді. Соған барады. Көшерінде Айдабол Қалжанға:

«Елің дәулетті

Дастарханың берекетті болсын» - деп бата берген екен.

Алмағайдан бұрын екі ата Таушық қият бөлінген екен. Қалжан сүйген қызын алып елге оралып келе жатқанда желкесіне түймене шығады. Бұны сезген Қалжан ұзақ жыр жырлайды. Мен осы жерде өлемін, осы жерге жерлеңдер, бір жыл осы жерде отырыңдар дейді. Қалжан өледі. Өлерінде келіншегіне: «Дариядан өлмей өтіп едім, ұл туасың, атын Дайрабай қой» дейді.

Бағанадан еріп келген екі жігіт қайтып кетеді. Шешеміз сол жерде қалып, қыстап шығады. Азық-түлік таусылып, бір жыл өтеді. Елге қайтып келгенде ел обадан қырылған, кеткен екі жігіт те өлген. «Қалжанның бір жыл осы жерде отырыңдар» деп айтқаны есіне түсіп оның көрегендігіне қайран қалады. Жетісуға барып сол жерде қалады. Босанып ұл туып, атын Дайрабай деп қояды. Дайрабай өте күшті, домбырашы, қобызшы болған. Дайрабай атамыз жыланмен арбасқан екен. Екеуі бір-бірінің атын таба алмай, ісінеді. Қылғынған Дайрабай ілгегімді ағытшы дегенде, жылан сылқ етіп, өлген. Жыланның аты «Ілгек» (түйме) екен. Кейінгі ұрпақтары ілгек жерде жатса, құрметтеп жоғары қойған. Ұрпақтары ізін жалғастыра алмай, өкінген Дайрабай қобызын өзімен бірге көмуді тапсырған.

Дайрабай жоқшылықта өмір сүріп, одан Сүлеймен туады. Сүлеймен өте ұста кісі болған. Көп дәулет жинаған. Сүлейменнен Алты туады. Алты бай болған. Қияттардың Нәдір, Қарауыл болып бөлінетіні осы кезеңде болса керек. /Ақ сүйек-таушық қияттың қызы, әнші болған.

Сөзіміздің басында қияттан төрт бала тарайды дегенбіз. Оның бірі Құрбан. Құрбанның 11 ұрпағының бірі Шыңғысхан болатын. Шыңғысханның әкесі Есукей-саны мол, ерлігі ерен, бірақ береке-бірлігі аз Қият руының атақты батыры болған. 1154 жылы (Доңыз жылы) Блонжылдық деген жерде Шыңғысхан дүниеге келген. Ол ай тұтылған боранды түні, қараша үйде, екі көзін қызартып ашып, уысына қан шеңгелдеп дүниеге келген екен. Елді жау шауып, жас бала Шыңғысхан жау қолында мойнына ажырғы ілініп, аяғына кісен салынып, құлдықта күн кешеді. Бірақ бала жасу орнына ширыға түсті, қажу орнына пысып қайраттана берді, мұқалмайды. Кейін Темуджин Шыңғысхан атанып, әлемге аты жайылады. Бұл туралы тарихта кеңінен айтылып жүр.









Қорытынды.


Міне, сол қият руынан тараған өз бабам Айтмамбет көріпкел, атам Инаятулла молда мақсым атанса, әкем Ділдабек ұстаздық қызмет атқарады.

Тәуелсіздігіміздің 22 жылында отау құрғандарына 22 жыл толған әкем Айтмамбет Ділдабек пен анам Жолдыбаева Жадыра қазір біздің ұстазымыз, отбасымыздың ақылшы, тірегі. Менің жасым бар жоғы 13 жаста. «Жеті атасын білмеген жетесіз» дегендей әр бала өз жеті атасын оның өмір деректерін осылай зерттеп біліп отырса, Тәуелсіз Қазақстан еліміздің тарих беттері қалыңдай түсер еді.

Ұсыныс: - Аталарымның ерлік істері «Өлкетану» үйірмелерінде, тәрбие сағаттарында, тарихи кештерде қолданса.

  • Жас ұрпақ арасында кеңінен насихатталса.

  • Әрбір жас ұрпақ өз жеті атасын жетік меңгерсе.







Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қарағандылық Сайлау атаның естеліктерінен 2013 ж

  2. «Татарский мир» журналы. № 17 2003 ж «Опять Чингисхан!»

  3. «Исторический проект Historic. Ru» сайты

© 2010-2022