Урок, другие методические материалыСән журналынан модель таңдау

Раздел Технология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сән журналынан модель таңдау

Сабақтың тақырыбы: Сән журналынан модель таңдау. Өлшемді анықтау. Пішімдерді пайдалану.
Жалпы мақсаты: Сән журналынан модель таңтап үйрену. Журналмен жұмыс істеу қағидасымен таныстыру
Міндеттері:
1. Сән журналынан модель дайындаудың қағидасын білу.
2. Өз өлшемдерін өлшеп үйрену.
3. Пішім парағын пайдалануды үйрену.
Оқыту нәтижесі: Жұптық, топтық жұмыс жасауға үйренеді. Сән журналымен жұмыс жасап үйренеді.
Тапсырмалар:
І. Жаңа сабақ Тақырыпты ашу.
ІІ. І тапсырма өз өлшемдерін алу.
ІІІ. ІІ тапсырма тақырыптық теннис.
ІҮ. Қорытынды: «конверт - сұрақ»
Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі:
- оқушылармен амандасу.
- сынып тазалығын тексеру;
- Оқушылардың сабаққа даярлығын құрал - жабдықтарын қадағалау;
Бағалау.
Жаңа сабақ: бойынша кішкене түсінік береміз. Сұрақ қойылады: Сән, модель, стиль, өлшем, үлгі, сән журналдары туралы не білеміз?
Жаңа сөздер: Сән, көркемдеуші - сәнгер, коллекция, шығармашылық процесс, техникалық сәндеу, көркем сәндеу, эскиз.
Өз өлшемдерін анықтау. Оқушылар жүптасып бір бірінің өлшемдерін өлшеп кестені толтырады. Негізгі кестемен салыстырады. Кемшіліктерін анықтап бір бірін бағалайды.
Тақырыптық теннис
Екі ойыншы, бір төреші үш оқушы шығады. Екі ойыншыға бір тақырып беріледі сол тақырып бойынша жаңа сөздерді кезек - кезек айтып, тоқтап қалғанша жалғастарады. Төреші сөздерді жазып отырады. Соңында есептеп балын шығарады.
Қорытынды: «Конверт - сұрақ.»
1 Жеке өлшемдер алудың тәртібі қандай?
2 Сән журналдары алғаш рет қашан шықты?
3 Қазіргі қандай сән журналдарын білесің?
4 Сән журналдары қай ғасырда көбейе түсті?
5 Журналмен жұмыс істеу қағидасы қандай?
6 Журналдағы шартты белгілерді сыз, түсіндір.
7 Муляжды түсіндір
8 Ертеде қалай өлшеп тіккен?
9 Қалдықсыз пішу туралы
10 Сән журналының шығу тарихы.

V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма


© 2010-2022