«Жаңа тігін жабдықтарының машиналар түрлері»

11-сыныпСабақ тақырыбы: Жаңа тігін жабдықтарының  машиналар түрлеріСабақтың мақсаты: Оқушыларға тігін машинасын ұмысқа дайындауды,тігін машинасында дұрыс отыру тәсілдерін,тігін машинасының жоғарғы және төменгі бөліктеріне жіп өткізу ережелерін үйрету.Сабақтың міндеттері: 1.Тақырыпты меңгерту. 2. Машинада жұмыс жасау. 3. ТҚЕ қайталау.Көрнекі құралдар: Тігін машинасы,интерактивті тақта. Сабақтың түрі: Аралас. Сабақтың типі: Іскерлікті қалыптастыру. Әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі,сұрақ-жауап,практика...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6-сынып .

Сабақтың тақырыбы: Көкөністен жаслған салаттар

Сабақ тақырыбы: Көкөністерді алғашқы өңдеуден өткізу,турау, cалат даярлау

Сабақ мақсаты: б) балалардың көкөністер туралы біліктілігін арттыру, көкөністердің топтарымен таныстыру;

д) ойлау қабілетін дамыта отырып, көкөністердітурау әдістерін үйрету;

т) ұқыптылыққа баули келе балалардың шығармашылық ізденісін шыңдау және тех. Қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ Сабақ әдісі: СТО технологиясымен топтық сайыс

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру: Балалармен сәлемдесу, жоқ оқушыларды белгілеу, сабаққа назарын аудару.

Қызығушылығын ояту : Балаларды әңгімеге араластыра отырып, жаңа сабаққа көшу. Балалар, көкөністер жалпы қандай топтарға бөлінеді? Сызбанұсқа бойынша түсінік беру.

Түйнекті - картоп. Тамыр жемісті - сәбіз, қызылша, шалғам, аскөк, желкек, сельдерей . Орамжапырақты - аққаудан, қызылбас, савойлық, кольраби, брюссельдік.

Оқулық бойынша жемісті,жапырақты,пиязды топтарға да тоқталып түсінік беру.сонымен қатар көкөністердің тағамдық құндылығы туралы да мағлұмат беріп, түсінігін кеңейту.Оқулықтағы кесте бойынша көкөніс құрамындағы дәрумендер менминералдық заттар туралы әңгімелеу. Көкөністерге жеке -жеке тоқталу.

Мағынаны тану: Балаларды келесі бөлімге өтуге бағыттау.

- Ал, балалар ,сендер көкөніс турап көрдіңдер ме? Ендеше, тураудың да тәсілдері бар. Турау тағамның әдемілігін арттырып, адамның тамаққа деген тәбетін ашады. Енді қарапайым турау әдісітеріне тоқталайық. Алдымен көкөністерді өңдеу жолдарын үйреніп алу керек.

Көкөністерді өңдеу жолдары:

1 сапасы мен өлшеміне қарай іріктеу, бұзылғанын алып тастау.

2 микроорганизмдерді жою үшін тазалау,жуу.

3 қабығын аршу,шіріген жерлерін алып тастау.

4 қайталап жуу,тазалау.

5 турау.

Енді көкөністерді турауды көріп ,үйрену қажет.

Тураудың қарапайым түрлері: тілімдеу, дөңгелектеу, кесекшелеу, текшелеу, жолақшалау.

Күрделі түрлері де қолданылады. Олар әсемдеу үшін және асханалар мен мерекелік дастарқандарда кездеседі. Оқулықтағы кестемен таныстыра отырып, турап көрсету.

Сарамандық жұмыс балалар 2 топқа бөлінеді де көкөністерді алғашқы өңдеуден өткізу және турау бойынша өзара сайысқа түседі. Бұл кезде оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесі естеріне салынып, оны орындау қатаң қадағаланады. Туралған өнімнен салат түрлері дайындалады.

Сабақты бекіту. Балалардың жұмыстары салыстырылып, тексеріледі. Топтастыру жұмысы орындалып, білімдері сараланып, бағаланады. Үйден тақырыпты оқып келу және салаттың дайындалуын сызбанұсқамен жазып келу тапсырылады.







6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қатарларды орындау тәсіл

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Техникалық модельдеу мақсатын түсіндіру, киімнің жаңа

үлгілерін өңдеу сатыларымен таныстыру.

ә) тәрбиелік: Көйлектің негізгі сызбасына сәндік өзгерістерді тиімді енгізу

әдістерін үйрете отырып, талғампаздыққа, белсенділікке, сауаттылыққа, тәжірибе негізінде еңбекті сапалы етіп жасауға тәрбиелеу.

б)дамытушылық: Модельдеу жұмыстарын орындауда оқушыларды ойлауға,шығармашылыққа баулу, ізденулеріне,шеберліктерін қалыптастыруға ықпал ету.

Сабақтың түрі:Аралас

Сабақтың типі:Жаңа білім беру

Сабақтың әдісі:Түсіндірмелі-иллюстративті,сұрақ-жауап,ой қозғау,сарамандық

Пәнаралық байланыс:математика,сызу,сурет,геометрия,әдеп

Көрнекілігі:1)Киім бөліктерінің негізгі сызбасы-плакат

2) Техникалық модельдеу (суреттер,сызбалар)

3)Әмбебап үлгілер

4) Модельдеу сатылары(плакат)

5)Нұсқау карта

6) Деңгейлік тапсырмалар

7) Кілт сөзді табу (сұрақтар)

8) кодоскоп, слайд

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) «Мектептегі технология» журналы

№4,6,7,8 -2005 жыл

2) «Оборотка ткани» Л.В. Мельникова, М.Е. Короткова

3) «Іс тіге біл» Р. И. Егорова, В.П.Монастырная

4) «Қазақстан мектебі» журналы

5) «Техника кроя» Лин Жак

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.

Неміс халқының ұлы ақыны И.Гетенің «Біліп қана қою -аз, сол білгеніңді істе қолдана білуің керек, ниеттену ғана аз, сол ниетіңді діске асыруың керек», - деген ұлы сөзін тілге тиек ете отырып, оқушылардың зейінін сабаққа аудардым.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Бақылау сұрақтары:

Киімді құрастыру әдістері қандай болып бөлінеді?

Муляж әдәсә дегеніміз не?

Муляж әдісі қай жерде қолданылады?

Муляж әдәсәмен киімді құрастыруды неден бастайды, қандай құралдар қолданылады?

Дискурссия картасы арқылы муляж әдісінің жетістігі мен кемшілігін атап көрсету

ІІІ Үй тапсырмасын қорыту:

2) Кілт сөзін табу. (Өтілген материалдар бойынша сұрақтарға жауап беру)

1 тапсырма

3) Маталардың қасиеті

4) Химиялық талшық түрі

5) Киімге қойылатын талап

6) Киім элементтерінің тұтас үйлесуі

7) Сұр, ақ, қара түстер

8) Киімдегі әшекей, қалта т.б.

бөліктер көп болса

9) Киім элементтерінің кезекстесуі, алмасуы

10) Киімдегі сызықтар

1) ­Өзара айқасқан жіптерден әрбір жіп тоқыма талшықтарынан құралады

2) Киім бөліктерінің өзара, адам тұлғасымен салыстырғандағы ара қатынасы

IY. Жаңа сабаққа кіріспе:

Киімді модельдеу - жаңа модельдерді ойлап шығарудың творчествалық процесі.

V. Жаңа сабақ:

Техникалық модельдеу сатылары

Техникалық модельдеу әдістерін оқушыларға түсіндіруде сабақ барысында әмбебап үлгілерді пайдаланған тиімді. Бұл үлгілер дайындалуы жағынан қарапайым және модельдеу жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы динамикалық көрнекі құрал болып табылады. Әмбебап үлгілердің бөліктері жылжымалы және арнайы бекіткіштермен біріктірілген.

Техникалық модельдеуде кеуде бүкпесінің орнын жылжыту арқылы түрлі модель үлгілерін жасауға болады. Мысалы: кеуде бүкпесін бүйір тігістен, қолтық ойындысынан, бел сызығынан, мойын ойындысынан келетін бүкпелерге, бедер тігістеріне ауыстыруға болады. Бүкпелерді жылжыту барысында шаблон әдісі қолданылады. Бұл әдіс бойынша қағаздан қосымша үлгі қырқылып оған жаңа бүкпенің, бедер сызығының немесе иініштің орнын сызып көрсетеді. Сол сызық бойынша қырқып, бастапқы бүкпені жабады. Сөйтіп, жаңа сәндік өзгерістерді сызбаға түсіреді.



Көйлектің негізгі сызбасындағы кеуде бүкпесін иініш сызығына өзгертуге болады. Иініштер тік, доғал, бұрышты және фигуралы болып бөлінеді. Техникалық модельдеуде бүрме, қатпарлар жасау үшін, параллель жылжыту әдісін қолданамыз. Ол үшін негізгі сызбаға бүрме немесе қатпар жасауға арналған бөліктің орнын белгілейміз. Осы белгіленген бөлікті алдыңғы немесе артқы бойдың орта сызығына параллель сызықтармен бөлеміз. Сызықтардың арасы 4 см болады. Сызықтар бойымен қиып, жалпақ қағаз бетіне әр жолақты параллель жылжытып отырмыз

Кеңейту әдісін пайдаланып, көйлектің етегіне, жеңге өзгерістер енгізуге болады. Бұйымның алдыңғы, артқы бойын, жеңді бөліктерге бөліп, белгіленген сызықтар бойымен қиып 3-5 см шамасында кеңейтіледі. Көйлектің жанын кеңейтуге болмайды

Техникалық модельдеуде иық сызығынан, қолтық ойындысынан, иініштерден басталатын бедер тігістерін модельдеуге болады. Кейде бүкпесін белдегі қынамамен жалғастырады. Бедер тігісінің қамтымасы модельге байланысты.

YI. Сарамандық жұмыс

Жұмыс орнын ұйымдастыр, еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аудару.

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру.

І деңгей

Қысқа көкірекше негізінде модельдеу

ІІ деңгей

Иініштерді модельдеу

ІІІ деңгей

Көйлектің негізгі сызбасына сәндік өзгерістерді енгізу

3. Нұсқау карта бойынша жұмыс жасау.

Керекті құрал- саймандар

Шаблондар, түрлі - түсті қағаздар, қайшы, қалам, сызғыш, желім, т.б.

Қорытындылау:

«Костюмнің фасоны адам қимылын шектемейтін мол болуы тиіс, ол демалыс пен қозғалыстың еркіндігіне әсер етеді. Дене пішімі әркез әсемдіктің үлгісі болып келген және бола да бермек. Соған орай бұйымға қойылатын талаптары осы ережеге сай» - деп дәрігер гигиенист Николай Семашко айтқандай киімнің сызбасын сызуда, модельдеуде, үлгісін дайындап пішуде киімдерге қойылатын талаптарды есте сақтауымыз керек екендігін айта отырып, қорытындылаймын.

YIIІ. Үйге тапсырма беру:

Сән журналы бойынша қалаған модельдерге техникалық модельдеу жұмыстарын жүргізіп, үйрену.

ІХ. Бағалау:

Оқушылардың білімдерін, жұмысын бағалау кестесіндегі белгілермен есептеп, рейтінгілік жүйе бойнша бағалау.

«Жаңа тігін жабдықтарының машиналар түрлері»











© 2010-2022