Тігін машина инесінің құрылысы және оны орнату. Тігін машинасының күтімі технология 6-сынып

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ :12 күні_________ тексерілді:

Сабақтың тақырыбы: Тігін машина инесінің құрылысы және оны орнату.Тігін машинасының күтімі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың қол инесімен ұқсастығы мен айырмасын қарастыра отыра машина инесінің құрылысы мен тағайынадалуы туралы, тігін машинасының жұмысындағы ақаулардың себептері туралы және оның күтімі туралы білімді меңгеруін қамтамасыз ету.

Дамытушылық: уақытты тиімді пайдалану, жұмыс орындау кезінде тазалық сақтау және мұқият орындау сияқты жалпы еңбектік және политехникалық біліктерін дамыту.

Тәрбиелілік: Жұмысқа жауапкершілікпен қарау, мектеп құрал-жабдықтарын аялай ұстау сезіміне тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, зерттеушілік, көрнекі қолдану.

Сабақтың көрнекілігі: тігін машинасы, Т.Қ.Е.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа қатысуды бақылау. Жұмыс киімін оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Өткен сабақты қайталау

№1 карточка

1. Жоғарғы жіптің керіліс реттегіші қандай бөлшектерден тұрады?

2. Жоғарғы жіп керілісін қалай терреуге болады?

3. Төменгі жіптің тартылысын қалай реттеуге борлады?

4. Тығыз тігімді қалай түзетуге болады?

№2 карточка

1. Жоғарғы жіп қандай бөлшектер арқылы өтеді?

2. Машина жүрісін реттеуге негк жоғарғы жіптен бастайды?

3. Тігін машинасының жұмысы барысында пайда болған қандай ақаулар екі жіптің де босауына алып келеді?

4. Бос тігімді қалай түзетуге болады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Машина инесі - машинаның неғұрлым маңызды жұмыс органдарының бірі. Оның негізгі қызметі тігіс тігу болып табылады. Атқаратын жұмыс түріне байланысты түрлі машиналарда ұзындығы мен формасы әр түрлі инелер қолданылады. Машина инелері қол инелері сияқты нөмірлері бойынша ажыратылады. Ине жуан болған сайын оның нөмірі де өсе береді. Ине болаттан жасалады. Ол берік және серпімді болуы керек. Инелер ұзын және қысқа, жуан және жіңішке, түзу және иілген «(жапсыра тігу жұмыстары үшін) формалы болады.


Машина инесінің қүрылысы. 33-сурет

Тігін машина инесінің құрылысы және оны орнату.Тігін машинасының күтімі технология 6-сынып

Ине таңдау

Мата түріне байланысты машина инелері мен жіптердің нөмірін таңдау.

Материал түрі

Ине нөмірі

Жіп нөмірлері

Мақта-қағаз жіп

Жібек жіп

Жұқа жібек, бәтіс

70

80

75

Сиса, сәтен, жібек, іш киімдік маталар

80-90

60-80

65

Ауыр мақта-қағаз, бөз, фланель, жұқа жүн мата, ауыр қалың жібек, жаймалық мата

90-100

50-60

65

Костюмдік жүн мата, тик

100

40

65

Қалың жүн мата, мауыт

110-120

30

33

С/ж: машинаға инені дұрыс орналастыру

Оқулықта жұмыс атқару бірізділіг берілген 67 бет

Сабақты қорытындылау. Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру.

1.Машина инесі не үшін қызмет етеді?

2. Тігін машиналары инесін таңдау қалай жүргізіледі?

3. Машина инесінің орнату реттілігі қандай?

Баға қою.

Үйге тапсырма §13-14


© 2010-2022