Разработка на тему «Киіз үй бейнелеу. »

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Елек орта мектебі















Ашык сабақ тақырыбы:

«Киіз үй бейнелеу .»

6 класс









Өткізген: Шакеева А.К.

2015-2016 оқу жылы

6 класс

Сабақ тақырыбы: Киіз үй бейнелеу .

Сабақтың мақсаты:

Қазақ халқының киіз үйді жылдар бойы баспанасы етіп келгенін, мал шаруашылығы -

мен айналысып, көшпелі өмір сүретін адамдар үшін киіз үй қыста да жазда да қолайлы көшіп жүруге ыңғайлы баспана екенін, маңыздылығын, ерекшелігін оқушыларға түсіндіру.

Тәрбиелік мәні :

Ұлттық көркем өнердің дәстүрін, қазіргі әлеуметтік тұрмыстық жағдайы пайдалану, төл баспанамызда танып білуге, қастерлеуге үйрену.

Сабақтық көрнекілігі :

Сызба плакат, суретті кітапшалар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

А)Оқушыларды сабаққа дайындау белсенділі-

гін көтеру.

2.Үй тапсырмасы:

Жаңа тақырыпқа дайындау мақсатында сұрақтар қою.

Киіз үй жайлы не білесіңдер ?

Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі елтаңбада киіз үйдің қандай элементтері бейнеленген?

Оларды алу себептері неде?

Киіз үйдің керегесі қандай геометриялық фигураға ұқсайды. Білім алуға дайындау кезеңінде.Дидактикалық міндет танымдық білімін білу,бағыт беру.Жаңа білімді меңгеру кезеңі суретті плакат, интерактивті тақта арқылы жаңа тақырып түсіндіріледі.

Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Қазақ халқы да киіз үйді сан мындаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келеді."Қол өнер - мол өнер " дейді халық. Киіз үй құрылымдық ерекшелігіне байланысты сүйегі және жабуы деп бөлінеді. Киіз үй көлемінің кеңеюі оның кереге санының өсуіне байланысты.

Киіз үйдің сыртқы көрінісі

1.Киіз үй деген не?

Киіз үй сонау ежелгі заманнан бері көшпелі тайпалардың баспанасы болып келеді. Оның

арғы тегі арба үстінде күйме үй. Ол көбіне жел өтінен қағаберіс,шаңы шығып кетпейтін көк майса тегіс жерге тігіледі. Киіз үй қазақтың тұрағы,құтты мекені,баспанасы ғана емес,ол сәулет,құрылыс,сурет,қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып,мақтан тұтатын өнер туындысы. Киіз үйдің қазақ даласында пайда бола бастауының өзіне үш мың жыл уақыт өтті. Оның Киіз үй аталу себебі сырты киізден,ішіндегі бүкіл тұрмыстық бұйымдардың барлығы киізден жасалған. Киіз үй аптап ыстық шілдеде сая,ызғырық суықта баспана болуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ дөңгелек киіз үйдің ішінде ауа тез алмасып, тазарып отырады. Астрономиялық тұрғыдан алғанда киіз үйдің сыртқы көрінісі жарты шар болып көрінетін шаңырақтан төмен салбырап тұрған айды және алып жерге сәулесін шашып жылуын беріп тұрған күнді нұқсайды. Киіз үй шеңберлене құрастырлатын бірнеше керегеден, оның үстінен күмбез еңсесін құрайтын уык пен шаңырақтан тұрады. Киіз үйді бір-біріне жалғастыра тігіп, бірнеше бөлме жасауға болады. Киіз үйдің тамаша желдеткіш «терезелері» бар.

Ол - көлеңке жақтан түрілетін ірге, күннің жылуына қарай ашылып отыратын - түндік. Түндік - күннің суығында мұржа қызметін атқарады

2. Киіз үйдің түрлері:

Киіз үйдің қазақы және қалмақы деген екі түрі бар. Қазақы үй - дөңгелек, толық күмбезді.

Қалмақы үй - төбесі шашақтау келген. Қазақы үйлер пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

  1. Қара үй - 3 қанатты.

  2. Қоңыр үй - 4 қанатты.

  3. Боз үй - 5 қанатты.

  4. Ақ орда - 6 қанатты.

  5. Ақ ала орда - 8 қанатты.

  6. Алтын үзік - 12 қанатты.

  7. Алтын орда - 18 қанатты.

Киіз үйдің іші 4 бөлмеге бөлінген:

  1. Төр - мұнда жүк жиналады, қонақтар орнала-

сады. Бұл киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны.

2. Кіргенде оң жақ - үй егесінің отыратын,

жататын орны. Оны шимен жауып қояды.

  1. Кіргенде сол жақ - балалар орналасады. Боса-

ғаға жақын ер тұрмандар, киімдер ілінеді.

  1. От орны - қасиетті орын болып саналады.

Мұнда от жағылып, қазан асылады.

  1. Киіз үйдің құрылымы:

Киіз үйдің құрылымы 3 бөліктен тұрады:

  1. Киіз үй сүйектері (ағаштар тұратын бөлектері)

  2. Киіздерді (ши де осыған кіреді).

  3. Бау-құрлар (баулар мен басқұр, арқандар)

  4. Киіз үйдің қаңқасы:

Киіз үйдің қаңқасы шаңырақ, кереге, уық, сықырлауықтан тұрады. Шаңырақ - киіз үйдің қасиетті, еңсесін ұстап тұра- тын күмбезі. Шеңбер түріндегі шаңырақтың қақ ортасы қосу

белгісі сияқты бір-бірімен айқасқан. Бұл бір жағынан төрткіл дүниені төрт бөлікке тең бөлген. Сондай-ақ шаңырак күн сағатының қызметін атқарған. Шаңырақтың суреті көрсетіліп, елтаңбамыздың құрлысы, түстік шешімі талқыланады. Шаңырақ - киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп

ұстап тұрады. Кереге - киіз үйдің негізгі қанқасы құрайтын сүйегі. Киіз үйдің аталуы осы керегеге байланысты. Уық- Керегемен шаңырақты ұстап тұратын ағаш. Есік (сықырлауық) - киіз үйдің есігі. Уық керегемен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығына байланысты. Уық саны үйге жайылған кереге басының санына байланысты.

Киіз үйдің есігі екеу болады:

Ішкі есік - сықырлауық. Ағаш есік арнайы ағаштардан дайындалып жасалады. Киіз есік - киізден жасалады, сықырлауықтың сыртынан жылуды сақтап тұру үшін жабылады. Күн ыстық, ашық күндері киіз есік шиыршықталып, жиналып, маңдайшаға екі жағынан жиналып байланады. Жай күндері оның бір жағы бақан арқылы ашык тұрады. Сондай-ақ киіз үйдің бір бөлшегі - кәдімгі ши. Ши сыртынан құрт-құмырсқа, жәндіктерді кіргізбей тұратын үлкен қызмет атқарады.

  1. Практикалық жұмыс:

4.кезең бойынша балалар сурет дәптерлеріне киіз үйдің суретің салады.

Балаларға түсінікті болуы үшін киіз үйдің салыну кезендері слайдтар арқылы көрсетіліп, тақтада салынып көрсетіледі. Оқушылар киіз үйдің сызықтық суретін салу Барысында мұғаліммен бірге сурет дәптерлеріне кезең бойынша орындайды.

  1. Сергіту сәті:

«Жалғасын тап!» ойыны. Өнерге байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын табу.

  1. Қорытынды кезең.

Өтілген сабаққа қорытынды жасау екі кезең бойынша жүргізіледі.

  1. Өтілген сабаққа байланысты 2 түпнұсқамен

Құрастырылған 5 сұрақтық тест алынады.

  1. нұсқа

  1. Қазақы үй қандай болады?

А) дөңгелек, толық күмбезді

ә) шошалар тәрізді, шаңырақсыз.

Б) киіз үй, төбесі шошақтау келеді.

2. Қара үй неше қанатты болады?

А) 5 қанатты ә) 4 қанатты б) 12 қанатты

3. Шанырақты жауып тұратын киіз қалай

аталады?

А) түндік ә) белбау б) шаңырақ жапқыш

4. Кереге мен шаңырақты ұстастырып тұратын

ағаш қалай аталады?

А) кереге ә)уық б) сықырлауық

5. Киіз үйдің күн суығанда мұржа қызметін

атқаратын бөлігі

а) түндік ә) есік б) уық

2-нұсқа

1. Алтын орда қанша қанатты киіз үй?

А) 8 қанатты ә) 18 қанатты Б)6 қанатты

2. Киіз үй іші неше бөлікке бөлінген?

А) 3 ә) 1 б) 4

3. Киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайтын сүйегі

А) шаңырақ ә) уық Б) кереге

4. Ішке есік неден жасалады?

А) киізден ә) ағаштан б) шиден

5. Киіз үйдің ішіне сырттан құрт-құмырсқа,

жәндіктерді кіргізбейтін бөлшегі

а) кереге ә) ши б) сықырлауық

Тест қорытындысы бірін-бірі бағалау әдісі арқылы бағаланады. Insert әдісін тақтада, оқушылар дәптерлеріне орындап болған соң мұғалім өзі өтілген жаңа сабаққа слайдттар және тест сұрақтары арқылы қорытынды жасайды.

6.Үйге тапсырма: Оқулықтан «Киіз үй» тақырыбын оқып келу. Салынған суреттің 4 кезеңін үйден толықтырып, аяқтап келу және кескіндемелік суретті аяқтап келу (Киіз үйдің сыртқы көрінісін түрлі түсті қарандаштардың көмегімен бояп аяқтап келу).











© 2010-2022