Презинтация по технологии на тему Құрақ құрау

Сабақтыңтақырыбы: «Құрақ құрау ». (8 сынып)Сабақтың мақсаты: құрақ құрау әдісін үйрету,құрақтың түрлері мен танысу.Білімділік: құрақ туралы жалпы түсінік беру.Дамытушылық: оқушылардың шеберлік қабілетін арттыру,құрақ құрау туралы алған білімдерін, дағдыларын нығайту.Тәрбиелік: құрақ құрау өнері арқылы қыз баланы әсемдікке, кез келген затты қиюластыра білуге, үнемділікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақПәнаралық байланыс: Геометрия, сызу,  дүниетану, бейнелеуөнері.Сабақтың көрнекілігі: құрақ...
Раздел Технология
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Құрақ құрау ». (8 сынып)

Сабақтың мақсаты: құрақ құрау әдісін үйрету,құрақтың түрлерімен танысу.
Білімділік: құрақ туралы жалпы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушылардың шеберлік қабілетін арттыру, құрақ құрау туралы алған білімдерін, дағдыларын нығайту.
Тәрбиелік: құрақ құрау өнері арқылы қыз баланы әсемдікке, кез келген затты қиюластыра білуге, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Геометрия, сызу, дүние тану, бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекілігі: құрақтың түрлі үлгілері, түрлі маталар, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, бор, өлшегіш, ине, жіп, дәптер, қалам т.б.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа сабақты түсіндіру
Қазақ халқының қолөнердің ең көп тараған түрі-құрақ. Құрақ-мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымдарының бірі. Құрақтың ерекшелігі сол, геометриялық фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі. Құрақ құрау екі мақсатты көздейді:бірінші мата қиындыларын кәдеге жарату,екінші үйге сәнді бұйым құрақ көрпеше,құрақ жастық,шәйнек қойғыш, дорба және т.б жасау. Құрақ құрау кезінде қойылатын талап-ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы,матаның түс үйлесімділігі және матаның арқау және негізгі жіптерін ескеруіміз керек. Құраққа пайдаланатынматаның түсі 3-5 түрлі болуы керек және мата жұқа қалыңдығына қарай іріктелініп алынады,егер мата арасында жұқа мата болса онда оған астар салып тігеді. Құрақтың 200 -ден астам түрі бар. Құрақшы шеберлер өзі шығарған құрақ түрлеріне атау беріп отырған . Мысалы: қыз жасауына Ботакөз, ай мен күнге табынып жұлдыз құрағын,жыл мезгіліне байланысты тырнақатар құрағын,ж/е аққу, қайшы,араның ұясы,шатыр,оюлы құрақтар және т.б ойлап тапты. Матаны құрау үшін ең бірінші, қандай өрнекті құрайсың, сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз.

Екінші, матаның түр - түсінің үйлесімділігін анықтау.

Осыдан кейін геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз. Қиылған матаны сызба үлгіге қарап белгіленген өрнек бойынша рет - ретімен: әуелі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерін орналастырып аламыз, содан соң тігеміз.

III. Сарамандық жұмыс.

Жасалу жолдары:
а ) композициялық орналасуы, симметрия сақтауы;
ә )түстерінің үйлесуі, жарасымды болуы;
б ) қағазға геометриялық элементтерін түсіру, дұрыс және бірдей орналасуын қадағалау.

IV. Сабақты бекіту:оқушы түсінігін сұрақ беру арқылы байқау, бағалау.
1. Қандай ұлттық құрақ түрлерін білесіңдер?
2. Құрақ дегеніміз не?
3. Құрақ түрлері қандай топқа бөлінеді?
4.Орыс тілінде құрақ құрау қалай аталады?
5. Ағылшын , Жапон тілінде құрақ құрау қалай аталады?
6. Қандай құрақ бұйымдарын білесіңдер?
Әр ұлттың өзіне тән тіл, өнері, дәстүрі болатынын, құрақ өнері жайлы білдік. Қандай өнер болса да оған шеберлік, іскерлік, білгірлік бір сөзбен айтқанда технологияны білу қажет.

V. Үйге тапсырма. Үйге құрақ көрпешелер тігудің технологиялық картасына қарап көрпеше тігу тапсырылады.

© 2010-2022