Бозбала мен бойжеткен сайыс

Тақырыбы: Бозбала мен бойжеткен Мақсаты:  Оқушылар арасынан қабілетті, өнерлі, ынталы, жігерлі жеткіншектерді анықтау; ұлтымыздың салт - дәстүрін құрметтеуге, тілімізді сүюге, тапқырлық пен шешендікке тәрбиелеу. Оқушыларды қазақ қызы мен ер баланың бойына тән өнерлік тәлімдік қасиеттермен таныстыру, мұны ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптармен байланыстыра білу. Ұл бала мен қыз баланы бір-бірін шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйласымдылықты, достық қарым-қатынасты қалыптастыру; Оқушылардың бойында әдептілік қасие...
Раздел Технология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Бозбала мен бойжеткен

Мақсаты: Оқушылар арасынан қабілетті, өнерлі, ынталы, жігерлі жеткіншектерді анықтау; ұлтымыздың салт - дәстүрін құрметтеуге, тілімізді сүюге, тапқырлық пен шешендікке тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе қағаздар, асықтар.

Барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 5 - 10 сыныптан 1 бозбала мен 1 бойжеткені арасында өткізілгелі тұрған «Бозбала мен бойжеткен» сайысына қош келдіңіздер.

Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып, тасып,

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық,-

деп сайысқа қатысқа қатысатын бойжеткендерді ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық,

Ата жолын жалғамақ.

Ел дәстүрін қолдамақ.

Жігіттер шықсын ортаға, -

деп жігіттерді ортаға шақырамыз.

(Әр қатысушының бойындағы өнері мен жетістігі аталып, жеке - жеке таныстырылады)

Жүргізуші:

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.

Кім өнерлі, кім тапқыр - шешу қиын

Қазылар алқасы болмаса, нақ сын айтар, -

демекші, кез - келген сайыс бағалануы тиіс. Яғни, сайыстың ара - жігін ажыратып, әділдік айтып, тура шешім қабылдайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Мектеп басшысы:Досанова Балкумис Газезовна

2.Тәрбие ісінің орынбасары:Жұбатқан Темірлан Сапарғалиұлы

3. Психолог Абильдина Асем Жаңалыққызы

Енді, мына қоржыннан асық таңдап алып, кезек номерлеріңізді анықтаймыз.

Номерімізді анықтап алдық, ендеше, орындарыңызға жайғасуларыңызға болады. (Әр жұп номерлеріне сәйкес орындарына отырады)

Байқау 9 кезеңнен тұрды.

1.«Таныстыру» аталымында сайыскерлер арнайы дайындап келген слайд арқылы таныстырады.

2.«Тосын сый» аталымында сайыскерлер салт-дәстүрге байланысты 5 сұраққа жауап берді. 3.«Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» аталымында бозбалалар мен бойжеткен үй тапсырмасы ретінде өздері жасап келген қолөнер бұйымдарын әділқазыларға табыстап, олардың жасалу әдістеріне, мән-мағынасына тоқталып өтеді.

4.«Әсемдік қыздарға жарасады» аталымында бозбала мен бойжеткен кешкі сән үлгілерін көрсетеді.

5.«Нұрлы талант» аталымында сайыскер топтар өздерінің өнерлерін көрсетіп, жырларымен, күмбірлеген күйлерімен, бұратылған билерімен, әуелеген әндерімен көрермендерге паш етеді.

6. Ас үйде қандаймын?

Бұл кезеңде бозбала мен бойжеткен ас үйде каншалықты шебер екендігін көрсету керек. (салаттын бір түрін сол мезетте дайындап шығару керек)

7. «Сұлу би - сымбат мүсін айғағы» бөлімі

Барлық вальс ырғағында билейді.

8.«Селт еткізер» бөлімі

Бұрын қазақтың қыз - жігіттері бір - бірінің достықтарын нығайта түсу үшін сыйлық тарту еткен.Әр жұп бір-біріне жақсы тілекпен бірге сыйлықтарын ұсынады.

Жүргізуші:

Армысың, айналайын дархан халқым,

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Тіл ұшына оралар кездескенде,

«Сәлем - сөздің анасы» деген халқым.

Топ алдына шыққанда басын иіп,

Сәлемдесу парызы әрбір жастың.

Өнерлерін паш етер сайыскерлермен,

Сәт те келіп қалғандай танысатын,-

Әр жұп өздерін таныстырады.

2.«Тосын сый» ата Шуақ сыйлар адамға ән кешінде

Бұл ғажайып бағалар сән кешіне

Бұл білімділік ой көкпар тарттыратын

Кезек бердік сұрақ жауап бәйгесңне. лымында сайыскерлер салт-дәстүрге байланысты 5 сұраққа жауап берді.

Қазақтың тәлім-тәрбие тарихы-қазақтың теңдесі жоқ даналықтың қасиетті мектебі десек артық айтқандық емес.ақсақалдардың ақылын тыңдау,жөн сөзге тоқтау,үлкеннің айтқанын иек қаққызбай тыңдау-инабаттылықтың,кішіпейілдіктің,бауырмалдылықтың,иманжүзділіктің көрінісі.Осындай халқымыздың салт-дәстүрлерін ұмыт қалдырмай жалғастыру негізгі мақсатымыз.

1.Атадан балаға мирас болып келе жатқан қандай әдет-ғұрып салт-дәстүрін білеміз?

/Балаға ат қою, Атқа мінгізу, Тоқым қағу, Сүйінші, Сәлемдеме, Көрімдік, Базарлық, Жеті ата, Шашу, Ерулік, Енші, Аманат. т.б./

2.Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болып, қартайғанға дейінгі халқымыздың дәстүрлі той мерекелерін кім атайды?

/Бесікке салу, Қырқынан шығару, Тұсау кесу, Сүндет той, Мүшел той,

3.Киіз үйдің жабдықтарын атаңдар?

4.Киіз үй неше қанатты болады?

5.Кереге дегеніміз не?

6.Уық дегеніміз не?

7.Шаңырақ дегеніміз не?

8.Халқымыздың қандай ұлттық ойындарын білеміз?

(Алтыбақан, Қыз қуу, Көкпар, Қыз қуу, Алтын сақа, Ақ сүйек т.б)

9.Халқымыздың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?

(Ет асу, Қазы, Ірімшік,Жент, Қымыз, құрт т.б)

10.Қандай туыстық атауларын білесің?

Қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша азаматтардың үш жұрты болады Олар өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты. Қазақ үш жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенімен бірін бірі бөтен санамайды. «Қарға тамырлы қазақпыз», - деп жақын тартыпжүрген. Сұраса келе қазақ туыс болған.

Ата, Әже, Апа, Әке, Бала, Тұңғыш бала, Кенже бала, Немере, Қарындас, Іні, Аға, Қайны, Абысын, Келін, Жеңге, Бөле, Бажа, Құдаша, Күйеу, Жезде, Балдыз, Дос, Сырлас, Құрдас

11. Байғазы деген қандай дәстүр?«Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.

12."Шілдехана" деген қандай дәстүр?

Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын алғашқы тойды шілдехана тойы деп айтайды.

13."Тұсаукесер" деген қандай достүр? Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын гұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді.

14. Сыбаға дегеніміз не? Сыбаға (дәстүр). Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп аталады.

15.Айдар

Айдар (ғұрып). «Тұлымдысын тұл қылды, Айдарлысың құл қылды» («Қобыланды»).Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластыра өріп қояды. Мұны -«айдар» дейді. Бұрын ел бұл ғұрыпты көп қолданған. Мысалы Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың айдары болған. Балаға Айдар деп те ат қойылады, ол осыдан шыққан. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

16.Базарлық

Базарлық (дәстүр). Алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.

17.Байғазы

Байғазы (дәстүр). -«Уа, сатира сарбазы, Алырнаңа байғазы!» (С. Әбілкәкімов).Байғазы - балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы қамшы, шана, ер-тоқым) берілетін ақшалай, заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ.

Қазіргі таңда көп жағдайда байғазыны жеңіл көлік, үй (пәтер) немесе көрнекті бір зат алғанда қайырлы болсын, жаңа үйге кіргенде үйінің іші құтты болсын деп жатады.

18.Жеті ата

«Жеті ата» (ғұрып), «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» (Мәтел).Әр адам өзінің жеті атасын білуі - көргенділік пен білімділігін, ата көргендігін танытады. Білмесе «жеті атасын білмейтін жетесіз»-деп сөккен. Жеті атаны үйрету әр ата-ананың басты борышы. Мысалы: өзі, әкесі, атасы, бабасы және онан арғы ата-бабасының есімдерін білу жеті атаны білу деген сөз.

19.Айттық

Айттық (дәстүр). «Бір топ ауыл қыдырып «айттық» алып жүр». (Б. Майлин).Айт күні «айттық»-деп сұраған адамдарға берілетін сыйлық. Оны ақшалай да, заттай да беруге болады. Бұл айтты да, дәстүрді де, сұраған адамды да құрметтеудің белгісі болып табылады.

3.«Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» аталымында бозбалалар мен бойжеткен үй тапсырмасы ретінде өздері жасап келген қолөнер бұйымдарын әділқазыларға табыстап, олардың жасалу әдістеріне, мән-мағынасына тоқталып өтеді.

4.«Әсемдік қыздарға жарасады» аталымында бозбала мен бойжеткен кешкі сән үлгілерін көр

5.«Нұрлы талант» аталымында сайыскер топтар өздерінің өнерлерін көрсетіп, жырларымен, күмбірлеген күйлерімен, бұратылған билерімен, әуелеген әндерімен көрермендерге паш етеді.сетеді.

«Өнерлі өрге жүзер» дейді халқым,

Өнерлі болсаң егер бұл да бір сын.

Қане жұртым көрелік өнерлерін,

Қағып таңдай, тамсанып, десіп шіркін, -

Біздің сайыскерлеріміздің бірі ән айтса, бірі билейді, бірі күй тартса, бірінің ағаштан түйін түйетін шеберлігі бар. Ендеше, әр жұптың өз бойларындағы өнерлерін тамашалайық.

6. Ас үйде қандаймын?

Бұл кезеңде бозбала мен бойжеткен ас үйде каншалықты шебер екендігін көрсету керек. (салаттын бір түрін сол мезетте дайындап шығару керек)

«Сұлу би - сымбат мүсін айғағы» бөлімі

Ән мен күйді қатар берген санамызға,

Құштармыз - ау өнерге баршамызда.

Өнердің ең әсемін би деп айтсақ,

Қыз - жігіттер, биден құр қаламыз ба?-

Барлық жұптың көздері байланады. Сайыскерлер бір - бірін тауып алып, вальс ырғағында билейді.

«Сыйлық тарту» бөлімі

Бұрын қазақтың қыз - жігіттері бір - бірінің достықтарын нығайта түсу үшін сыйлық тарту еткен. Мінекей, сіздерге де қазақы дәстүрмен өз жұптарыңызға сыйлық табыстау қажет деп шарт қойылған болатын. Ендеше, сыйлық тарту кезегі де келіп жетті. Қанекей, өз жұптарыңызға жақсы тілекпен бірге сыйлықтарыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.

Қорытынды:

Қазылар алқасы қортынды шығарады, сайыскерлерді марапаттап, сыйлықтар табыстайды.









.







© 2010-2022