Работа с бисером 9 класс

Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 9 сыныптар. Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Бисермен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік.Бисердің шығу тарихымен таныстыру.

2. Дамытушылық. Бисермен жұмыс жасау ең қажетті қолөнер кәсібінің бірі болып табылатынын, барлық кезеңдерде де өз ісінің шеберлері болғанын түсіндіре отырып, бисерден жасалатын өнер туындыларымен таныстыру.

3. Тәрбиелік.Оқушылардың бисермен жұмыс жасауға деген деген қызығушылығын арттыру,қыз балаларды еңбектену арқылы шыдамдылыққа,ептілікке, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс : бейнелеу өнері, тарих ,сызу,математика.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі:Баяндау,сұрақ-жауап,сарамандық.

Сабақтың көрнекіліктері : Бисер жасалған өнер туындылары ,кесте түрлері,сызбалар,интерактивті тақта,сән журналдары

Қажетті құрал-жабдықтар:Моншақтар ,бисер түрлері,леска, ине

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі .

Оқушылармен сәлемдесу,арнайы киімдері мен көрнекі құралдарын тексеру.

Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Біз өткен сабақтарда жүннің түрлерімен, жүннен жасалатын картиналарды жасаудың әдіс-тәсілдерімен таныстық.Сол алған білімдеріңді сынау үшін тапсырмалар беремін.

1 сұрақ.Картина жасауға үлгіні қалай таңдаймыз ?

2 сұрақ Жүннің қандай шикізат түрі?

3 сұрақ .Құрғақ және ылғалды өңдеу әдістерінің айырмашылығы неде?

4 сұрақ Жүннің қандай қасиеттері бар ?

Сұрақ-жауап арқылы қайталау, Жүннен жасаған моншақтарынан шағын көрме ұйымдастыру.

Жаңа сабақ : Бисермен жұмыс.

Өткен сабақтарда жүннен жасалатын бұйым түрлерімен ,картина жасаудың әдіс-тәсілдерімен таныстық. Бүгінгі сабақта бисермен жұмыс жасау өнері жайлы көптеген мағлұматтармен танысамыз.

І. Бисердің шығу тарихы: Бисер ертеде кеңінен таралып,танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі.Бисермен жәй суреттерден бастап өте күрделі жұмыстар жасауға (тоқуға),алқа,тұмарша ,шаш буғыш,сырға,білезік,белдік,сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады,сонымен қатар ойыншықтар да тоқуға болады.Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде,шет елдерде өте жоғары бағаланады.Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде,дамудың сатысында.Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті,әдемілікті,шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді.Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты.Финикия елі мен Египетті «бисер» отаны деп атауға болады,бірақ ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елінің «Бусра»,яғни арабша «Бусер» деген сөзінен шыққан,мағынасы «жалған маржан» деген сөзді білдірген.

Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер,аяқ киімдер,сөмкелерді жиі кезместіруге болады.

ІІ.Бисермен жұмыс кезіндегі сақталатын санитарлық-гигиеналық талаптар :

1.Бисермен жұмыс істейтін жер өте жарық болуы керек.

2.Жұмыс үстелінің бетіне түкті (барқыт,велюр,вельвет) жабылуы керек.

3.Сапасыз бисерді қолдануға болмайды..

4. Кестелегенде бисерді инеге тізіп алады.Оны қажет болғанда қолмен ұстайды..

5.Бисермен жұмыс жасағанда көз шаршайды ,сондықтан көзді демалдырып үзіліс жасайды..

6.Көз бен моншақ ара қашықтығы 30-35 см болу керек..

ІІІ . Сарамандық жұмыс .

1.Бисер түрлерімен танысу.

2. Бисермен жұмыс жасау кезіндегі санитарлық-гигиеналық талаптармен танысу.

3.Дәптермен жұмыс жасау.

Жаңа сабақты жүйелеу қорытындылау кезеңі : Біз бүгін бисер түрлері мен бисерден жасалған бұйымдармен таныстық.Бүгінгі сабақтан көптеген жақсы мағлұматтар алып ,болашақта өз кәделеріңізге жарата білерсіздер деп сенемін.Ол үшін тек ұшқыр ой мен шеберлік қажет.Сабағымызды бекіту үшін :

1. Бисер дегеніміз не?

2.Бисермен жұмыс жасау кезінде қандай жарықтандыру ұтымды?

3.Бисермен жұмыс кезінде сақталатын санитарлық-гигиеналық талаптарды санамалаңдар.

Оқушылардың жұмысын бағалау.

Үйге тапсырма : Бисер түрлері мен ине,леска алып келу.




© 2010-2022