Ағаш материалдары 5 сынып

Раздел Технология
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 сынып

Пән: Технология

Сабақ № 10

Тақырып: Ағаш материалдары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ағаш материалымен таныстыру

Дамытушылық: Ағаш түрлері мен құрлысынажырата білуге ой өрісін дамыту

Тәрбиелік: оқушылардың ағаштан жасалатын бұйымға деген қызығушылығын арттыру .

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: макет, сурет т.б.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап

І. Үйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу

ә) тізім бойынша оқушыларды түгендеу

б) оқушының сабаққа дайындығын тексеру

ІІ.Жаңа білімдерді қалыптастыру:

Ағаш табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өсетін жерді халық орман, тоғай деп атаған. Орман мен тоғай жануарлар мен құстардың және жәндіктердің өмір сүретін ортасы.Алғашқы адамдардың өздері ағашты өздерінің тіршілік материал ретінде пайдаланған. Мысалға ағаштан аң аулауға құрал саймандар, аша таяқ, үшкір ағаш найза, қада, жебе т.б.Ертедегі алғашқы кемелер қайықтар, ат арбалар бәрі осы ағаштан жасалған болатын.қазіргі таңда технология дамыған кездің өзінде біз ағаштан көптеген шикі заттар алып оны күнделікті өмірде пайдаланып келеміз.

Ағаш материалын өңдеу үшін оның табиғи түр - түсінің ерекшеліктері, тығыздығы, жұмсақ- қаттылығы, жылу мен ылғал өткізгіштігі т.б. қасиеттері ескеріледі. Ағаштаң негізгі екі тобы көп тараған олар негізгі жапырақты ағаштар мен қылқан жапырақты ағаштар.

Жапырақты ағаштарға жататындар: емен, терек, қара ағаш, үйеңкі, шаған, ақ қайың,тобылғы, ұшқат т.б.

Қылқан жапырақтыларға жататындар: шырша, қарағай, май қарағай, самырсын, балқарағай, арша, тис т.б.

Ағаштың құрлысы: өзегі, өзек сәулесі, камби қапбаты, флоема қабаты, ағаш қабығы, жылдық сақина.

Жаңа білімді бекіту:

  1. Ағаш дегеніміз не?

  2. Ағаштан не жасауға болады?

  3. Ағаштың түрлерін атаңыз

Сабақты қорыту:

  1. Жапырақты ағашта

  2. Қылқан жапырақты ағаштар

  3. Ағаштың құрлысы

Үйге тапсырма беру: ағш түріне қысқаша сипаттама жазып келу, сіріңке талшықтарын әкелу

Оқушыларды бағалау

© 2010-2022