Технология пәні бойынша Тоқыма әліппесі ашық сабақ

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША

Сабақтын тақырыбы: Тоқыма әліппесі.

Білімділік: Тақырып бойынша білімдерін жетілдіру, жаңа сабақ материалдарын өздерінің ізденісі бойынша шығармашылық жұмыстар арқылы меңгерту, тоқыма түрлері бойынша түсінік беру.

Тәрбиелік: Оқушылардың көркемдік іс-әрекет дағдыларын қалыптастыра отырып , шығармашылық көз-қарастарын қалыптастыру

Дамытушылық: Мектептегі еңбекке баулу және технология пәндеріндегі тоқыма әліппесі және тоқыма түрлері жайлы түсініктеме беру және оқытуда электрондық ақпараттық технологияларды пайдалау әдістерімен таныстыру

Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту, сұрақ-жауап.

Сабақтың әдісі: әр оқушы өз бетінше жеке жұмыс.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, сызу, матемтатика.

Сабақтың көрнекілігі: тірек- сызбалар, компьютерлік слайдтар.

Сабақтың барысы :

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Ой толғау ойыны»

Мақта -неше жылдық өсімдік?

Мата -қандай талшықтан тұрады?

Мақта, мата және жүн айырмашылығы неде?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау, жаңа сабаққа оқушылардың зейінін аудару.

ІV. Жаңа сабақ

Жоспары:

1.Тірек-сызбалармен жұмыс

2.Танымдық жұмыс

3.Өзара тоқыма жұмысы.

V. Сабақты бекіту.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Тоқыма әліппесі

Тоқу өнері - қазақ халқының ежелден келе жатқан ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер.

Тоқу барысында адамның түрлі түсті сән таңдау, бояулар әлемнің үйлесімділігімен түрлі тоқу әдістері, талғамы,, шеберлігі, ой-өрісі жетілдіріліп, іскерлігі қалыптасады.

Тоқыма тоқуға таза жүннен, матадан, вескоздан, синтетикадае аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Жіңішке, биязы жіптерден көбінесе балалар киімдерін - өрнекті жеңіл жейделер, орамалдар, т.б. жеңіл бұйымдар тоқиды.

Тоқуға жақсылап тегістелген жеңіл сым темірлер қажет. Олардың ұшы үшкір де, доғал да болмауы тиіс. Сондай-ақ пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасалған сымдар да қолданылады. Сымның ең тәуірі никельді болат сым. Әр сымның нөмірі диаметрінің миллиметріне сәйкес келеді. Мысалы, № 3 нөмірлі сымның диаметрі 3 мм, № 5 нөмірлінікі - 5 мм болады. Тоқымашыда 1-ден 10-ға дейін нөмірлі сымдардың бәрі болғаны жөн. Себебі, тоқылатын заттың өрнегіне, жіптің сипатына қарай әр түрлі нөмерлі сымдар қолданылады.

Жұмыс үшін ең қолайлысы 1,5-2,5 мм, ұзындығы 30-40 см сымдар. Сымдар тоқылатын жіптен екі есе жуан болуы керек.

Тоқыманың оң және теріс жағы болады. Өрнекті түсіндірілдеме тақ қатарлар тоқыманың оң жағы, жұп қатарлар теріс жағы болып есептеледі. Бастапқы қатарға қажет шалулар санын есептеп шығу үшін, оны 10 см тоқып көру керек. Ол үшін тоқылатын өрнекпен 30-40 шалудан 8-10 см тоқу үшін қажет шалу санын есептеп шығарып алады. Бірінші қатарды бастау үшін тоқылатын заттың енінен үш есе артық жіп өлшеп алады.

Тоқымашы әуелі шалу түрлерін жете, терең меңгеру қажет. Негізгі шалу түрлері мыналар:

  • Жиекті шалу (сымға тізіп ілінген жіптер);Технология пәні бойынша Тоқыма әліппесі ашық сабақ

  • Оңға шалу;

  • Теріс шалу;

  • Қосымша шалу;

  • Тоқылмай алынатын шалу;

  • Ұзартылған шалу.

Шұлықша тоқу әдісі: 5 бізбен айналдыра тоқиды. Әдетте өрнек салынған манжетадан немесе резинкадан бастап, шұлықша әдіспен тоқылады(1-суретте көрсетілгендей).

Тоқудың тығыздығына қарай бәр пар әйелдер шұлығына - 100-120 гр., ерлер шұлығына - 120-150 гр.,балалар шұлығына - 70-80 гр.жіп қажет, егер өрнек көп салынатын болса жіп көбірек жұмсалады.

Есебін шығару: Тобықтың тұсынан аяқты айналдыра өлшеп алу керек. Бұл әдісте бірінші қатар оңға, шалу әдісімен тоқылады да екінші қатар теріс, яғни оң жағында теріс шалу әдісімен тоқылады. Тақ қатарлар тоқыма бұйымының оң жағына (1,3,5,7,9,11) сәйкес келеді де, жұп қатарлар бұйымының теріс жағына (2,4,6,8,10) сәйкес келеді.Технология пәні бойынша Тоқыма әліппесі ашық сабақ

Резинка әдісі: бұл әдісте тоқыма сымнан тақ шалулар алынады. Бірінші қатар бір оң, бір теріс әдісімен қайталана береді, келесі қатарлар оң шалу оңға, теріс шалу теріс шалу әдісімен тоқылады. Резина әдісімен тоқыма бұйымның жең ұшы, жағасы, етегі, белдеменің белі, шұлықтың қонышы т.б. тоқылады. Тоқу барысында тоқу ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл әдісте негізгі өрнектерге қарағанда жіңішке сымдар қолданылады.Технология пәні бойынша Тоқыма әліппесі ашық сабақ

Өкше шығару әдісі: тоқыманы екіге тең бөліп, тек екі біздің 3-және 4-біздің шалуларын ғана тоқу керек (1- және 2- біздегі шалулар өкше шығаруға қатыспайды. Тоқу ыңғайлы болу үшін екі (3-және 4-) біздегі шалуларды бір бізге өткізіп, шұлықша тоқумен өкшенің биіктігіндей етіп тоқып шығу ұсынылады. Тоқыма шетіндегі шалу саны 10-ға жеткенде (20 қатар) оң шалумен аяқтап өкше шығаруға кірісеміз. Ол үшін сымдағы екі жағына 6 шалудан ортасына 8 шалу қалдырып тоқимыз. Тоқу барысында екі шеткі 6 шалудан бір-бірте ортадағы 8 шалудың соңғы шалуына қосып тоқып, қысқартамызда, жұмыс соңында тек орындағы 8 шалу ғана қалады.Технология пәні бойынша Тоқыма әліппесі ашық сабақ

Тоқу үлгісі:

1-қатар (тоқыманың теріс жағы):

бірінші жағының 6 шалуы тоқылады. Сосын ортадағы 8 шалудың ең соңғысынан басқасы тоқылып, соңғы шалу екінші жақтың көршілес, шалуымен қосылып теріс тоқылады. Қалған 5 шалуды тоқымай, тоқыманы кері айналдырады.

2-қатар(тоқыманың оң жағы):

  • шеткі шалуды сымға тартып іледі де, ортаңғы сымдағы шалулардың ең соңғысынан басқасын тоқып шығып, соңғы шалуды бірініш жағының көршілес шалумен қосып тоқиды. Тоқыман кері айналдырады. Осылайша 1-2 қатардағы қайталап тоқи береді. Соңында сымда тек ортадағы 8 шалу қалады. Өкше шығару аяқталады.Технология пәні бойынша Тоқыма әліппесі ашық сабақ

Технология пәні бойынша Тоқыма әліппесі ашық сабақТехнология пәні бойынша Тоқыма әліппесі ашық сабақ




Шұлықтың басын шағыру әдісі:

Бұл бөлікте № 5 сыммен, оң тоқылады. Ортаңғы бөліктің шалулары тізілген сыммен өкшенің шеткі шалуларынан 10 шалу ілініп алынады. Сонан соң сыммен бірінші сымдағы 10 шалуды тоқиды. Келесі бір бос сыммен тоқыма шеоінен жаңа шалулар теріліп қарама-қарсы бетінде қанша шалу болса, сонша шалу сол сыммен ортаңғы бөліктегі шалудың жартысын тоқиды. Яғги 4-сымға да шалулар тізіліп үшінші, төртінші сымдардағы шалулар саны бірінші, екінші сымдардағы шалулардан көбірек болуы қажет. Бұдан әрі айналдыра, қуыстап тоқи отырып, 3-4 сымдағы артық шалуларды әрбір екінші қатарда кеміте береді. Сымның әр қайсысында 10 шалудан қалғанда кемітуді тоқтатып, шұлықтың басы шығарылады. Ол үшін әр қатар сайын сымның соңғы екі шалуы біріктіріліп, теріс шалынады. Осылайша әр сымда бір-бір шалу қалғанша кемітіп, жіп үзіледі де шалулар қатты тартылып бекітіледі немесе тігіледі. Жіптің қалған бөлігін ілмекпен шұлықтың іш жағына өткізіп жасырады.

Технология пәні бойынша Тоқыма әліппесі ашық сабақТехнология пәні бойынша Тоқыма әліппесі ашық сабақ




Жұмыс аяқталады. Дайын бұйымды жылы суға жуып кептіреді.

Халықтың дәстүрлі өнер сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным түсінігінің жарқын айғағы. Мемлекетіміз мектептің алдына жаңа бір міндет қойып отыр - өмірге қадам басқан жастар жаңа заман талабына сай, өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, нарықтық жағдайда алдындағы мақсатын анықтай алатын экономикалық білім алуы тиіс.Технология пәні бойынша Тоқыма әліппесі ашық сабақ

Бүгінгі болашақ ұрпақ ертеңгі қоғам иесі, сол қоғамның иелері халқымыздың тұрмыс қажеттілігінен туындаған ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, қазіргі уақытта сәнді етіп, ұлттық мәдениетімізді қолданбалы сәндік қолөнермен өркендету.

V. Сабақты қортындылау.

VІ. Үйге тапсырма беру./жұмысты аяқтау/


© 2010-2022