Қыздар сайыс 9 сынып

Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2014-2015 оқу жылы технология пәнінен сайыс

Технология пәні мұғалімі:

Р.М.Мырзаканов



«Қыз еркем, кестесімен көркем»

(қыздары арасындағы қолөнер сайысы)

Мақсаты: Қыз балалардың қолөнеріне деген ынтасын арттыру, шеберлігін жетілдіру, бейімділігін дамыту, осы уақытқа дейін үйренген, меңгерген білімдерін іс жүзінде орындап, көрсету.

Жоспары:

1. Ұйымдастыру бөлімі

2. Негізгі бөлім

2.1 «Ой жинақтау» (қағаздан аппликация)

2.2 «Белес» (ермексазбен жұмыс)

2.3 «Асу» (матамен жұмыс)

2.4 «Өткел» (білім сайысы)

2.5 «Шың» (мектеп формасынан киім үлгісін көрсету)

3. Қорытынды бөлім



С а й ы с т ы ң б а р ы с ы


  1. Ұйымдастыру бөлімі


Сәлеметсіздер ме, оқушылар, қымбатты әріптестер! Бүгінгі апталығы аясында ұйымдастырылып отырған қыздары арасындағы «Қыз еркем, кестесімен көркем» атты сайысымызға хош келіпсіздер деймін.




Сайысты ұйымдастырып отырғандағы мақсатым, қыз балалардың қолөнеріне деген ынтасын арттыру, шеберлігін жетілдіру, бейімділігін дамыту, осы уақытқа дейін үйренген, меңгерген білімдерін іс жүзінде орындап, көрсету.




Қыздар сайыс 9 сынып
Сайысымызға әділ баға беретін қазылар алқасын тағайындап алайық:

Мусан К

Байгожинов А.Т

Черьязданов Е.М

«Шеберлікке шек жоқ» дейді халық даналығы. Енді барлықтарыңызды қыздарымыздың шеберлігіне куә болуға шақырамын
Негізгі бөлім




2.1 «Ой жинақтау» (қағаздан аппликация)
Қыздар сайыс 9 сынып


Негізгі бөлімімізге көшейік. Сайысымыздың бірінші бөлімі қағазбен жұмысқа арналған. Шарты: топтарға 3 минут уақыт беріледі. Осы уақыттың ішінде топтар өз тобының эмблемасын түрлі қағаздардан жасап шығып, болғаннан кейін топтарымен таныстыру керек.


2.2 «Белес» (ермексазбен жұмыс)

Келесі бөлім: Ермексазбен жұмыс. Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

Шарты: топтарға 5 минут уақыт беріледі. Осы уақыттың ішінде әр топ өзіне берілген тақырып бойынша жұмысты орындап шығу керек.

Ұсынылатын тақырыптар:

. Құмырадағы гүлдер

. Ыдыстағы жеміс-жидектер.

Қыздар сайыс 9 сынып
Оқушылардың жұмыс үстіндегі сәттерінен фотосуреттер:



2.3 «Асу» (матамен жұмыс). Бұл бөлімнің өзі екі кезеңнен тұрады. Шарты:

1) Әр топ алдымен тақырып таңдайды (мысалы, зооморфтық ою-өрнектер, өсімдік тектес), кейін таңдаған конверттердің ішіндегі оюлардан өздері таңдаған тақырып бойынша оюларды іріктеуі керек.

2) Дайын киім үлгісіне 10 минуттың ішінде матадан ою ойып, оны киімге бекіту керек.

Қыздар сайыс 9 сынып

2.4 «Өткел» (білім сайысы)

Шарты: Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.



І блок:
Қыздар сайыс 9 сынып


  1. Иық бұйымдары дегеніміз не? (иыққа киілетін барлық киім түрлері)


  2. Матаның пайдалы қасиеттеріне не жатады? (мата талшығының құрамы, денсаулыққа пайдасы, ауа мен ылғал өткізгіштігі, тез жуылуы, , кебуі, өңінің түспеуі, қыртыстанбауы)


  3. Қазақ қыздарының ұлттық бас киімдерін ата? (бөрік, тақия, сәукеле, жаулық, орамал, кимешек, т.б.)


  4. Ою-өрнек дегеніміз не?

  5. Өсімдік тектес өрнектерге қандай өрнектер жатады? (ағаш, жапырақ, гүл, бүршік, бәйшешек, т. б.)


ІІ блок:


  1. Иық бұйымдарына не жатады? (көйлек, халат, шапан, қамзол, тон, жейде, костюм, т.б.)


  2. Матаның сәндік қасиеттеріне не жатады? (матаның түсі, сапасы, тігістің әдемі түсуі, қатпарлардың дұрыс жатуы, созылмауы, түтілмеуі)


  3. Ер адамдардың ұлттық аяқ киімдерін ата? (етік, мәсі, саптама, кебіс, т.б.)


  4. Ою-өрнектер қандай төрт топқа жіктеледі? (жануарлар тектес не зоомортық, өсімдік әлеміне байланысты, аспан әлеміне қатысты және геометриялық)


  5. Аспан әлеміне қатысты өрнектерге қандай өрнектер жатады? (шеңбер, шимай, шұғыла, жұлдыз, айшық, бітпес, т.б.)

2.5 «Шың» (мектеп формасынан киім үлгісін көрсету)

Шарты: Әр топтан екі мектеп формасының киім үлгісі көрсетілуі керек.



Қорытынды бөлім







КММ «Юбилейное орта мектебі»



«Қыз еркем, кестесімен көркем»

Технология пәнінен сайыс





Өткізген: Р.М. МЫРЗАКАНОВ



© 2010-2022