Машинатану элементтері негізінде конструкциялық материалдардың өңдеу технологиясы презентация

Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Машина тану элементтері негізінде конструциялық материалдардың өңдеу технологиясы

  1. Кез келген машина неше негізгі механизімнен тұрады?

а) 2 ; ә) 3; б) 4; в) 5;

  1. Беріліс механизімінің қозғалмайтын бөлігін … деп атайды:

а) трек; ә) буын; б) жетекші буын; в) жетектегі буын;

  1. Металдар негізінен неше топқа бөлінеді?
    а) 2 ; ә) 3; б) 4; в) 5;

  1. Қара металдарды ата:

а) алюмини,мыс; ә) мырыш,қорғасын; б) жез, қола; в) шойын, болат;

  1. Құрамындағы көміртегі 2% -дан аспайтын темір қорытпасын … деп атайды

а) болат; ә) шойын ; б) темір; в) баббит;

  1. Құрамындағы көміртегі 2% -дан асатын темір қорытпасын … деп атайды.

а) баббит; ә) темір; б) болат; в) шойын ;

  1. Мыс пен мырыштың қорытпасын ата:

а) баббит; ә) жез; б) қола ; в) күміс;

  1. Металдардың түскен күш тоқтаған соң өздерінің алғашқы қалпына келуін … қасиеті деп атайды.

а) беріктік ; ә) қаттылық; б) серпінділік; в) қарсылық;

  1. Қыспақтың негізгі бөліктері қандай металдан жасалады?

а) қола; ә) жез; б) болат; в) шойын;

  1. Металды шабатын негізгі құрал;

а) шаппа шот; ә) шапқы; б) балта; в) кескіш;

  1. Металдың бетін кесу арқылы тегістейтін құрал:

а) егеу; ә) кескіш; б) шапқы ; в) пышақ

  1. Ағаш негізінен неше бөліктен тұрады?

а) 2; ә) 3; б) 4; в) 5;

  1. Ағаштың негізі - ядросы қалай аталады?

а) өзек сәулесі; ә) камбий; б) флоэма; в) ағаштың өзегі;

  1. Жүмсақ ағашты ата:

а) емен ; ә) үйеңкі; б) жөке ; в) қызыл қарағай;

15 Ағашпен темір өңдейтін шеберлерді кім деп атайды?

а) ұста; ә) балташы; б) зергер ; в) ісмер;

Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде материалды көркемдеп өңдеу.

  1. Ағашты кесуге қажетті ең басты құрал :

а) балта ; ә) шаппа шот; б) қол ара ; в) сүргі;

  1. Жалпақ беттерді тегістеу үшін қолданылатын сүргілеу аспабы:

а) шерхебель; ә) фуганок; б) сүргі; в) түрпі;

  1. Ағаш бұйымдарының беті тегіс болу үшін:

а) шабады; ә) қырады; б) сүргілейді; в) түрпілейді;

  1. Сүргілеу барысында ағаштың бетінен жұқа қабатының алынып тасталуын … деп атайды.

а) жоңқа; ә) үгінді; б) бұтақ; в) қабық;

  1. Алғашқы, дөрекі өңдеу жүмыстарын жүргізетін сүргілеу аспабы:

а) фуганок ; ә) сүргі; б) шерхебель; в) түрпі;

  1. Ағашты кез келген бағытта кесе алатын ара :

а) қыл ара ; ә) қол ара; б) кернеу ара; в) жақ ара;

  1. Ағашты тесу үшін пайдаланатын құрал:

а) қашау; ә) бұрғы; б) шапқы; в) тескіш;

  1. Бұрғының ең көп тараған түрі:

а) спираль типтес; ә) орталықты бұрандалы;

б) жай бұрандалы; в) қасықша бұрандалы;

  1. Ағаш өңдейтін үстел неше бөліктен тұрады:

а) 2 ; ә) 3; б) 4; в) 5;

  1. Көлденең кесу үшін ара тісінің кескіні қандай болуы керек?

а) тік үшбұрыш; ә) қиғаш; б) ірі тісті; в) майда тісті;

  1. Қиғаш кесу үшін ара тісінің кескіні қандай болуы керек?

а) тік үшбұрыш; ә) қиғаш; б) ірі тісті; в) майда тісті;

  1. Сүргіленген бұйымның сапасын немен тексереді?

а) көзбен ; ә) карындашпен; б) сызғышпен ; в) циркульмен;

  1. Ағаш материалдарын оюға қажетті басты құралдар:

а) балта; ә) сүргі; б) бұрғы; в) қашау мен үшкір пышақ;

  1. Өрнек салынатын қаңылтыр қатаң болса, не жезден жасалса, онда оны өрнек салар алдында …

а) отқа қыздырып жасытады; ә) 10%-дық күкірт қышқылы араластырылған суға салады;

б) төс темірге қойып сағады; в) суға салып қайнатады;

  1. Әсемдік бұймдарын жасайтын шеберді … деп атайды;

а) шебер; ә) ұста; б) зергер; в) ісмер;

Үй мәдениеті және тұрмыстық техника

  1. Тоқ көзінің бірі:

а) элетр шамы; ә) электр тізбегі; б) ажыратқыш; в) аккумулятор;

  1. Электр өндіруші:

а) электр қозғалтқыш; ә) электр тізбегі; б) генератор; в) ажыратқыш;

  1. Оқшаулағыш материал:

а) мыс; ә) пластмасса; б) қорғасын; в) қалайы;

  1. Электр энергиясын тоқ көзінен тұтынушыға жеткізу үшін арнайы … қажет.

а) қабылдағыш; ә) тұтынушы; б) өткізгіш; в) оқшаулағыш;

  1. Ең қарапайым электр тізбегі неше элементтен тұрады?

а) 2 ; ә) 3; б) 4; в) 5;

  1. Шартты белгілермен көрсетілген жүйелерді … деп атайды.

а) электр тізбегі; ә) электр бейнесі; б) электр сызбасы; в) электр схемасы;

  1. Электр энергиясын жылу энергиясына айналдыратын қондарғы:

а) үтік; ә) қозғалтқыш; б) желдеткіш; в) шаң сорғыш;

  1. Монтердің құралдарына қандай ортақ талаптар қойылады?

а) өткір болу керек; ә) сапалы болаттан жасалу керек;

б) саптары оқшаулағыш материалдарымен қапталған болу керек;

  1. Өткізгіш сымдардың байланысқан жерлері … оралады.

а) резенкемен; ә) оқшаулағыш таспамен;

б) полиэтилен пленкамен; в) шүберекпен;

  1. Қалта шамының тоқ көзі не болып есептеледі?

а) аккумулятор; ә) генератор; б) конденсатор; в) гальваникалық элемент;

Жеміс, көкөніс дақылдарын өсіру технологиясының негіздері

  1. Топырақты ғылыми тұрғыдан зерттеу қай ғасырда басталды?

а) XVІІ ғ; ә) XVІІ ғ. аяғы; б) XVІІІ ғ.; в) XVІІІ ғ. аяғы ;

  1. Топырақтың ең негізгі қасиеті - оның …

а) құнарлылығы; ә) су өткізгіштігі; б) ылғал сыйымдылығы; в) ауа өткізгіштігі;

43.Қара топырақтың 1 гектарында қанша тонна органикалық заттар болады?

а) 100-200 т; ә) 200-300 т; б) 300-400 т; в) 400-500 т;

  1. ПЛН-5-35 соқасы топырақты қанша см тереңдікке дейін жыртады?

а) 30 см; ә)35 см; б) 40 см; в) 45 см ;

  1. Жер қыртысмен кесек топырақтарды қопсытып, майдалауға арналған техника:

а) соқа; ә) тырма; б) таптауыш; в) культиватор;

  1. Арам шөптерді отауға, тыңайтқыш шашуға , түптеуге арналған техника:

а) соқа; ә) тырма; б) таптауыш; в) культиватор;

  1. Органикалық тыңайтқышты ата:

а) шымтезек; ә) азот; б) фосфор; в) калий;



© 2010-2022