Планирование по технологии на тему Қалдықтардан пайдалы заттар

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Алматы облысы.

Іле ауданы

№14 орта мектеп

технология пәні мұғалімі

Жигитахметов Б.К.

8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қалдықтардан пайдалы заттар.


Сабақтың мақсаты:

1. Практикалық тапсырмаларды орындауда қажетті құрал - жабдықтарды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

2. Қалдық заттармен жұмыс істеуде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.
3. Үнемшілдікке, қоршаған ортаны ластамауға, қорғауға тәрбиелеу және еңбексүйгіштікке, бауырмалдыққа үйрету.

Сабақтың типі: Практикалық сабақ.

Көрнекілігі: Презентация, пластикалық ыдыстардан жасалған заттар, суреттер.

Қажетті құрал- жабдықтар: Пластикалық ыдыстар, СД диск, қайшы, желім, бояулар, түсті қағаздар, нұсқау карталары.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеп, сынып тазалығы мен қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру.

ІІ. Танымдық кезеңі: Презентация арқылы мұғалім қалдық заттардың қор-шаған ортаға қандай зияны бар және ол заттардан не істеуге болатының мәлімдеп, жасалған бұйымдарды көрсетеді. Оқушыларды үш топқа бөлу. Әр топ өздеріне ат қояды. Мұғалім ой қозғап, қандай бұйымдарды жасауға болатыны туралы пікірлерін тыңдай, әр топ не жасайтынына тоқтайды.

ІІІ. Қіріспе нұсқаулық: нұсқау карталар таратылады, карта бойынша жұмыстың қалай жүргізілетіні түсіндіріледі. Пластикалық және синте-тикалық бұйымдарды көркемдеп өңдеу үшін композициялық пішін жасау үшін дайындамалар мен суреті беріліп, қауіпсіздік ережесімен танысты-рылады: пышақпен (резак), қайшы, супер желіммен жұмыс істеу қолдану ерекшеліктері.

ІV. Практикалық кезең: әр топ берілген қолда бар материалдардан суретке қарап тұрмысқа қажетті заттар жасар алдында атқаратын жұмыстарын бөліп алады. Жұмыс істеу кезінде мұғалім аралап жұрып әр оқушының істеп жатқан жұмыстарын мүқият қадағалап отырады. Оқушыларға бағыт - бағдар береді. Қажет болған жағдайда жұмыс барысында жекелей оқушыларға қосымша нұсқаулықтар беріледі.

V. Практикалық кезеңді қортындылау: әр топтың жұмыстарының презентациясы.

VІ. Сабақтың қортындысы: мұғалімнің сабақты жалпы қортындылауы; бағалау: бірінші топ екінші, екінші топ үшінші, үшінші топ бірінші топты бағалайды;

үй тапсырмасын беру:

1. Басқа елдерде қалдық заттарды жою жолдары туралы мәлімет;

2. Қалдық заттардан құстарға арналған жемсалғыштарды даярлау.

V. Рефлексия (кері байланыс): стикер арқылы әр оқушы өз ойын жазып арнай тақтаға іледі.

- сабақта жеңіл болды, түсіндім, қолдана аламын

- жалпылама түсіндім

- қиын болды, игере алмадым





I. Гүл отырғызуға арналған ыдыс.

Технологиялық карта.

Планирование по технологии на тему Қалдықтардан пайдалы заттарПланирование по технологии на тему Қалдықтардан пайдалы заттар

Планирование по технологии на тему Қалдықтардан пайдалы заттар

1

Пластик құмыраны 3/1 бөлігін өрнектеп кесеміз

Қайшы. пышақ

2

Акрил бояуымен бояп қоямыз.

Бояу, кист

3

CD дискіге құмыра қақпағын желімдейміз.

Желім

4

Құмыраны қақпаққа бұраймыз.


5

Пластикалық боялған құмыра сыртына ою-өрнектер саламыз

Гуаш, кист







II. Сүтке арналған пакеттен желкенді қайық жасау.

Технологиялық карта.



Планирование по технологии на тему Қалдықтардан пайдалы заттар





1

Қорапты ортасынан екіге бөлу.

Қайшы. пышақ

2

Сыртын баяу.

Бояу, кист

3

Қағаздан шиыршықтап желкенге тірек дайындау.

Қағаз

4

Ақ қағаздан өрнектеп желкен даярлау.

Гуаш, кист

5

Желім мен жіптің көмегімен желкеннің тіреуішін бекі-ту.

Желім. Гуаш, кист





III. Сүтке арналған пакеттен құстарға жем салғыш «Үкі» жасау.

Технологиялық карта.

Планирование по технологии на тему Қалдықтардан пайдалы заттар



1

Қораптың қақпағын тесіп ағашқа ілетін жіпті өткізу.

Қайшы, жіп.

2

Қораптың екі жағынан үкінің екі қанатын ою. Бояу.

Пышақ, бояу.

3

Үкінің көздерін даярлау.

Қақпақтар

4

Қораптың алдыңғы жағына қақпақтардан үкінің көздерін желімдеу.

Желім қақпақтар

5

Тұмсығының астынан құстар жем жейтін тесігін ойып, тұмсығын желімдеу.

Желім. Гуаш, кист



© 2010-2022