План урока Жиһаз фурнитурасын алмастыру

Сабақтың     тақырыбы : Жиһаз     фурнитурасын     алмастыру   Сабақтың     мақсаты : Жиһаздық    фурнитураны     алмастыру     арқылы      сарамандық      дағдыларды     қалыптастыру   Жұмысқа     қажетті     материалдар : Жиһаздық       фурнитураның     нұсқалары ( құлыптар , сұқпа , кілттер , ілмектер , ілгектер , магнитті     ілгіштер    т.б.), бұрандалы      бекіткіштер , балға , бұрауыш , тығындар , қол    бұрғысы , бұрандалар     т.б.   Жұмыстың      орындалу     реті : 1.     Босаңсыға...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Жиһаз фурнитурасын алмастыру

Сабақтың мақсаты : Жиһаздық фурнитураны алмастыру арқылы сарамандық дағдыларды қалыптастыру

Жұмысқа қажетті материалдар : Жиһаздық фурнитураның нұсқалары ( құлыптар , сұқпа , кілттер , ілмектер , ілгектер , магнитті ілгіштер т.б.), бұрандалы бекіткіштер , балға , бұрауыш , тығындар , қол бұрғысы , бұрандалар т.б.

Жұмыстың орындалу реті :

  1. Босаңсыған жиһаздық фурнитураны алмастыру .

  2. Магнитті ілгішектерді орнату .

  3. Жиһаздық фурнитураны орнату .

Сабақ барысы :

Ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін жиһаздық фурнитуралардың бұрандалы бекіткіштері босаңсиды .Бұл жағдайда оларды көлемі ірілеу бұрандалы бекіткіштермен алмастырады . Егер оның жағдайы болмаса , онда тесіктерге ағаш өзекшілерін қағады , солардың әрқайсысына қолданылған бұрандалы бекіткіштермен бұрайды .

Жиһаздық түйме - тұтқалары бұрандалар арқылы бекітіледі . Керек жағдайда олардың түбіндегі тесіктерді қол бұрғысымен бұрғылайды .

Фурнитура элементтерін жаңа орынға қондырудан бұрын олардың негізгі орын дәл анықтау қажет . Бұрандалы бекіткіштердің орнын бізбен теседі . Мысалы , магниттік ілгішекті былай орнатады. Ең алдымен жапсырманың негізгі орнын анықтайды .

Бекіту орнын бізбен белгілейді . Одан соң диаметрі кіші бұрғымен бекіту орнын бұрғылайды . Мұндағы мақсат - бұранданың бұралымен жеңілдету және оны тгелімен ағашқа кіргізу . Содан соң жапсырманы бекітеді . Корпусты есікпен біріктіру үшін есікті жапқан кезде жапсырмамен түйісетіндей ету керек . Ілгешектің корпусында бұрандаға арналған сопақша тесіктер бар .

Қорытындылау кезеңі .

Сұрақтар :

  1. Магнитті ілгішектің жүйелі орнатылуын айтыңдар .

  2. Жиһаздық фурнитураның бекітпе элементтері босап кетсе , оны қалай бекітуге болады ?

Ескерту :

Жиһаз фурнитурасының кейбір элементтерін таңдап алып , оны қалай орнатудың жобасын қарастырыңдар .

Материалды бекіту , үйге тапсырманы беру , баға қою .


© 2010-2022