Гигиена одежды и обувы. 5 класс

Раздел Технология
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Гигиена одежды и обувы. 5 классГигиена одежды и обувы. 5 классГигиена одежды и обувы. 5 классГигиена одежды и обувы. 5 классГигиена одежды и обувы. 5 классГигиена одежды и обувы. 5 классГигиена одежды и обувы. 5 классГигиена одежды и обувы. 5 классСабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты.Денсаулыққа зиян келтіретін факторлар,аяқ киім гигиенасы.

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: Аяқ киім жайлы, олардың гигиеналық талаптарын түсіндіру;

ә) дамытушылығы: Оқушылардың ой - танымдық, есте сақтау, іскерлік қабілеттерін арттыру;

б) тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей отырып, эстетикалық қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі: топтық сабақ

Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру, сарамандық

Пәнаралық байланыс: биология, сызу, бейнелеу

Сабақтың көрнекілігі: аяқ киім күтімі жөнінде әдемі суреттер, интерактивті тақта.

Керекті құрал - жабдықтар: картон, қалың бір түс мата, ине, жіп, қайшы, біз, қарындаш, сызғыш.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, құрал - жабдықтарының толықтығын тексеру. Топқа бөлу.

І. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру:

1-тапсырма. «Миға шабуыл»

І топ. «Шебер» тобы

  1. Тігін машинасы қай жылы шықты?

  2. Қол тігістерінің қандай түрлерін білесің

  3. Салт-дәстүрге байланысты қонақ күту ережесі?

  4. Қарапайым тігіс түрлерін ата.

5.Ас-уй ыдыстарын ата.

11 топ. «Ісмер тобы

  1. Тігін машинасына қойылатын талаптарды ата?

  2. Тігін машинасының неше түрі бар?

  3. Мақта және зығыр маталарына сипаттама бер.

  4. Талшықтардың жіктелуін ата

ІІ. Жаңа сабақ. Теориялық бөлім.

Аяқ киім - адамның аяғына киюге арналған бұйым. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды.

Мәселен, аяқ киім ыңғайлы, берік, сәнді, басқа киімдермен үйлесіп тұруы қажет. Ол табанды жарақаттанудан сақтап, адамның қимыл - қозғалысына кедергі келтірмей, табанға қысым түсірмейтіндей ыңғайлы болуы қажет. Жаңа аяқ киімді таңдағанда оны киіп, мүмкін болған жағдайда жүріп көріп барып алу керек.

Аяқ киімді кигенде башпайлар еркін қимылдайтындай болуы керек. Башпайдың аяқ киім тұмсығына сәл жетпей тұрғаны жөн. Мектеп оқушылары мен төменгі сынып оқушыларының аяқ киім өкшесінің биіктігі - 2-3 см. болуы шарт.

Өзіне үнемі қарап, сырт келбетін күту - әр адамның өзіне де, қоршаған ортаға да жағымды міндеті. Маусымдық қолданысқа қарай: жазғы, қысқы, көктемгі, күздік болып төрт топқа бөлінеді.

Аяқ киімді сатып алар кезіндегі ескерілетін талаптар:

  • Ыңғайлылығы;

  • Әдемілігі;

  • Мықтылығы;

  • Гигиеналығы.

Аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар:

  1. Аяқ киім қан айналуға кедергі келтірмейтіндей болуы қажет;

  2. Аяқ киім жеңіл, жұмсақ, иілгіш болуы керек (өкшесі тым биік болса, табанның пішіні өзгеріп, омыртқа жотасы қисаяды);

  3. Аяқты қыспайтындай, башпайлар (бас бармақ) тірелмейтіндей кеңістік болуы керек;

Аяқ киім күтімі:

Аяқ киімді шешкен кезде тазалау керек:

  1. Кірін, шаңын тазартады;

  2. Аяқ киімге сәйкес түсті май - крем жағып, түкті матамен ысқылап тазартады;

  3. Аяқ киімді арнайы қасық көмегімен киеді.

Ұлттық аяқ киімдердің жіктелуі:

  • Мәсі;

  • Кебіс;

  • Байпақ;

  • Етік;

  • Саптама етік.

Ұлтарақты етікке салмай тұрып, ұлтарақтың алдыңғы жағы, яғни жол бағытына қараған басын бойлата тіледі. Мұны ұлтарақтың иесінің «жолын ашу» дейді. Жолы ашылған ұлтарақты, етікке салып киеді. Ол аяқты сыз - суық өтуден, аяқты терлетуден сақтайды.

Тіл сұқ тиген баланы ұлтарақпен үш мәрте ұрса, ұшығы шығып, айығып кетеді деп есептейді қазақтар.

Аяқ киімді кептіру әдісі:

Су өткен аяқ киімді жылы жерге қойып, ішіне газет толтырып қойса, ертесіне қарағанда газет етіктегі дымқылды өзінің бойына сіңіріп, тартып алады да, аяқ киміміз құп - құрғақ болып кеуіп қалады.

Аяқ киімдегі иіс - қоңысты кетіру үшін сірке қышқылының ертіндісімен сүртіп, дезодарант шашамыз.

Аяқ киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар:

  1. Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Себебі, адамның жолы болмайды, ырымға жатпайды.

  2. Қазақ аяқ кимінің табанына қарамайды. Аяқтың баспайтын жері жоқ, аяқ киім таза емес, сондықтан көз ұшынады деп есептейді. Егер табанына көзі түсетін болса, үш мәрте түкіреді. Онысы көзім ұшынбасын дегені.

  3. Жорықта, алыс сапарда жүргенде түнде ұйықтайтын жағдай туса, басқа жастанатын ештеңе болмағанда, қазақта етігін жастанған. «Етік жолға бастайды», етек немесе шалбар салмайды. Яғни етіктің басқа киімдерге қарағанда мәртебесі жоғары болған.

Сарамандық жұмыс: Тәпішке қалта тігу.

Қауіпсіздік ереже, қол жұмыстарын орындаудағы ережені еске түсіру. Үлгі бойыншы жұмыстану.

Жаңа сабақты қорытындылау.

Топтастыру әдісі.

АЯҚ КИІМ


Бағалау: Жұмыстың орындалу сапасына қарай бағаланады. Жақсы орындалғаны мадақталады. Сапасыз орындалған топқа ескерту айтылады.

Үйге тапсырма: Бұйымды аяқтап келу.


© 2010-2022