Ашық сабақ құрақ құрау

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы, Көксу ауданы, Кеңарал ауылы

С.Қырықбаева атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп

8-сынып

Пәні: технология

Пән мұғалімі: Калиева Алия Сайлаубекқызы

Сабақтың тақырыбы: Құрақ құру «Жұлдызды көрпеше»

Ашық сабақ құрақ құрау

Құрақ құру «Жұлдызды көрпеше»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға құрақ құрау технологиясы туралы түсіндіріп, жұлдызды құрақтың дайындау жолдарын үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, сабаққа

Қызығушылығын және өздігінен ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, іскерлікке.

Ата-бабамыздың салт-дәстүрін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Біліммен іскерлікті игеру.
Сабақтың әдісі: Интерактивті тақтамен жұмыс сұрақ - жауап.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Көрнекілігі: нұсқау картасы, лекала, құрақүлгілер, құрақкөрпеше.
Қажетті құралдар: фломастер, сызғыш, қарындаштар, мата қиындылары, дәптер.
Пәнаралық байланыс: тарих, сызу, сурет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- амандасу, түгендеу
- сынып тазалығын тексеріп, оқушыларды сабаққа даярлау.
Өткен тақырыпты пысықтау:
1. Матаға сурет салу бояуын қалай атайды?
2. Тоқыма бұйымдарының картинасын қалай атайды?
3. Белдемшетүрлерін ата?
4. Тігіс түрлерін ата?
5. Әрлеу тігісіне үшін қолданады?
6. Пердетүрлерін ата?
7. Мататүрлерін ата?
ІІ.Жаңа сабақ
Құрақ құрау ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Құрақ құрау әдісі көшпенді халық арасында осыдан 2500 - 3000 жылдар бұрын дамып тарады. Құрақ «құрау» деген сөз даналынған. Құрақ өнері белгілі бір наным-сенім негізінде пайда болуыда мүмкін. Әжелеріміз садақаларда жыртыстан түскен мата қалдықтарын қалдырмай, іске жаратып отырған. Жаман рухтан қорғау үшін - жаңа туған сәбиге көйлекті қырық құрақтан тігетін, ал ересек балаларға қырық құрақтан шапандармен тақиялар дайындайтын. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутноешитье» деп аталады. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «Pachwork» деп аталады.Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады.Қазіргі кезде құрақ көрпе қолданыстан шыққан жоқ. Оныдиванға, орындыққа, төсеніш ретінде пайдаланып жүр. Құраққа қойылатын талап біреу-ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы. Шеберлер геометрияны оқымасада бір бөлігін 5 - 6 рет қайталау арқылы үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш, ромб формаларының әдемі үйлесімін тауып құрастырған. Құрақ сұлулығы түсіне қарай және әрбір түс белгілі бір тәртіппен кездесіп отырса өрнек сұлулана түседі, ал ретсіз орналасса солғынданады.
Құрақтан тігілген тұрмыста қолданылатын бұйымдар:
• көрпеше
• төсеніш
• сырмақ
• жастыққап
• қоржын
• түрлікәдесыйлар
Құрақ құрауға пайдаланылатын геометрикалық формадағы қиындылар:
Ромб
Тіктөртбұрыш
Трапеция
Омарта
Шаршы
Үшбұрыш
Құрақ түрлерін слайд бойынша көрсету.
Нұсқау картасы
Еңбек объектісі: «Жұлдыз» өрнегін сызбасын орындау жолдары.

Таблица
ІІІ.Қорытынды:
Бекіту сұрақтары. Құрақтарды өз орындарына орналастыр
ІV.Бағалау:
«5» егерде жоғарыда берілген талаптардың барлығы орындалса ғана қойылады.
«4» егерде жұмыста аз ғана қателіктер жіберілген болса.
«3» егерде жасалған бұйым талапқа сай болмаса, бірақ алған жоғарыда аталған талаптар дұрыс орындалса қойылады.

Конец формы



© 2010-2022