Жұмсақ ойыншықтарды модельдеудің экономикалық тиімділігі

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Шәкәрім» атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп

Технлогия пәні мұғалімі:Рахимжанова М.М. Жұмсақ ойыншықтарды модельдеудің экономикалық тиімділігі

Семей қаласы

Сабақтың тақырыбы:. Жұмсақ ойыншықтарды модельдеудің экономикалық тиімділігі

Сабақтың мақсаты: Оқушылар бойына сәндік қолданбалы шығарма бұйымдарына деген сезімталдылықты,қызығушылдықты ояту. Жұмсақ ойыншықтардың тігу жолдарын үйретіп,дайын бұйымдарға экономикалық сараптама жасап,тиімділігін түсіндіру.

Білімділігі: Оқушыларға жұмсақ ойыншықтардың тарихы мен жасалу жолын және мата, жіптерді дұрыс таңдай білуге үйрету.

Тәрбиелігі: Оқушылардың халықтық өнерге деген қызығушылығын ояту, өзіне деген сенімділікті, іздену,жұмысты өз бетінше орындауға, ұқыптылыққа, тәрбиелепеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, қызығушылығын арттыру, тапсырмалар беріп,ойыншықтарды безендіруіп, әшекейлегендегі эстетикалық талғамдарын дамыту.Нарықтық эканомика заманына сай, дайындаған бұйымдарын сауатты өндіруге үйрету.

Көрнекілік:Жұмсақ ойыншықтар, үлгі-сызбалар, мата түрлері,тоқыма жіп, ине, қайшы, қарындаш, қатты қағаз, моншақ, су моншақ.

Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу, экономикалық негіздер,математика

Сабақтың әдісі:Аралас сабақ,теориялық білімді сарамандық негізінде жалғастыру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II.Оқушылардың сабаққа келуі мен қатысуын тексеру

III.Техникалық қауіпсіздік ережелерін еске сақтау.

Жаңа сабақ.

Ойыншықтың не екенін бәрімізде білеміз...- Кімнің қандай сүйікті ойыншығы бар?

-Ойыншықты кім сыйлады?

Ойыншық жасау өнері-ежелден келе жатқан халық өнерінің бірі болып табылады.Өзіндік ерекшелікпен жасалған әр ойыншықтан, оның шыққан жерін,табиғатын,ұлттық үрдісін,табиғи жағдайларынан мәлімет алуға болады.Орманға бай өлкеден-ағаш ойыншықтар,топыраққа бай жерден-қыш ойыншықтар т.б.

Біздің жерден алғашқы ойыншықтар, б,э,д.II ғасырда табылған.Бұлар: кішкене, әдемі аңшылық бұйымдар-садақ, жебе, балта, ыдыс-аяқ,сылдырмақ т.б.Сондай-ақ ойыншықтар ежелгі Египет, Греция,Қытай т.б.кесенелеріненде табылған.Бұлар:қуыршақтар ағаштан, теріден, матадан жасалған, тері доптар,жануарлардың мүсіндері,тастан, сүйектен жасалған.Сондайақ мата,тері қалдықтарынан дәстүрлі тігістері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берілген.Ойыншықтарды ырым-наным үшінде пайдаланған.Сылдырмақты-жын-шайтандарды кетіреді деп сенген. Ойыншықтардан халықтың материалдық, рухани дүниесі мен тұрмысын көреміз.

- Бүгінгі күннің ойыншықтары қандай? .

Ойыншқтар балаға тек қуаныш қане әкеп қоймайды, оның өзіндік орындау функциялары бар.

-ойыншықтар баланың жасына лайықты болуы керек,

-ТҚЖ,санитарлы-гигиеналық талаптарға сай болуы,

-баланың ой өрісінің дамуына,фантазиясының кеңейуіне ықпал етуі керек,

-өзін-өзі танып білуге,

-өз заманының талабына сай,эстетикалық талғамына сай безендірілуі керек.

Өнер тамған он саусақ,- Жас күніңде өнер қусаң,

Үзілмейтін ырыссың Тоқтасқанша толығарсың

Өнері жоқ он саусақ, Тоқтасқансоң өнер қусаң,

Бар болмай-ақ құрысын. Толыққанша зорығарсың.

.

Енді біз осы ойыншықтардың жасалу жолдарымен танысамыз.

Ойыншықтарды жасау үшін алдымен үлгі даярлап аламыз,тоқыма бұйымдары болса, схемасы бойынша, қандай біз керек екендігіне қараймыз.

Матаны,жіпті бұйымның түсіне қарай таңдаймыз.Ішіне губка,синтефон,мақта т.б. көлемді заттар салуға болады.Сонымен қатар жұмыс дарысында қажетті заттар мен құрал-саймандарды түгелдеп алған жөн. ТҚЕ ережелерін естен шығармау керек.

Сарамандық жұмыс

Бота мен аққу ойыншықтарына ақ түсті флиз,жұқа драп маталары жақсы,.шеттері сөгілмейтін.Үлгілерді таратып,матаға сызбасын түсірту. Көктеу, үлгі бойынша кесу. Машина тігісін жүргізу.І шін толтыру, астын жауып бекіту.Маңдай,төс жүндерін тігу. Бақа, тасбақа, қоңызды схемалары бойынша, түстерін таңдап, тоқу.

Даярлаған бұйымдарымыздың өзіндік қынын шығарамыз.Мысалы: түйеге кеткен шығын көлемін есепттеп шығарайық..

Мата: 20см*20см, -15т.(1м-600т.,ені-150м.)

Мақта 100г, -50т.

Ұсақ түйектер -50т.

Барлығы: -115т.

Сату құны: 500т.

Пайда: 385т.(уақыты есептелген жоқ).

Сабақты бекіту.

1.Бүінгі жасаған бұйымдарың өздеріңе ұнады ма?

2.Ойыншықтарыңды бұйым деп айтуға ертерек. Бұйым болу үшін толық әшекейленіп бітуі керек.Қазір осындай ойыншық бұйымдарды кәсіп қылып отырған кәсіпкерлер де бар..

3.Жұмыстарын көріп, кемшіліктерін түсіндіріп, бағалау.

Үйге тапсырма.

Жұмыстарын үйде аяқтап, әшекейлеп келу.

Жұмыс орындарын ретке келтіру. Кезекші қабылдап алу.


ЖҰМСАҚ ОЙЫНШЫҚТАР

Жұмсақ ойыншықтарды модельдеудің экономикалық тиімділігіЖұмсақ ойыншықтарды модельдеудің экономикалық тиімділігіЖұмсақ ойыншықтарды модельдеудің экономикалық тиімділігі

Жұмсақ ойыншықтарды модельдеудің экономикалық тиімділігіЖұмсақ ойыншықтарды модельдеудің экономикалық тиімділігіЖұмсақ ойыншықтарды модельдеудің экономикалық тиімділігі

Жұмсақ ойыншықтарды модельдеудің экономикалық тиімділігіЖұмсақ ойыншықтарды модельдеудің экономикалық тиімділігі



© 2010-2022