Сабақ жоспары: «Ұлттық киімдер»

Сабақтың мақсаты: «Сән үлгілері» модуліндегі  берілген  тақырыптар бойынша танымдылық қабілеттерін арттыру. Оқушыларға грамматикалық тақырып бойынша өткен сабақтарды пысықтай отырып, оларды практикалық жұмыстарда қолдану. Сабақтың міндеті: а) Білімділік:  «Сән үлгілері»  модуліндегі  берілген  тақырыптар бойынша танымдылық қабілеттерін арттыру. Оқушыларға зат есім емлесін қайталай отырып, оларды практикалық жұмыстарда қолдану;  б) Дамытушылық: Қазақша сауатты сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптасты...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 17.01.2015ж.

Сабақтың лексикалық тақырыбы: «Ұлттық киімдер».

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: «Зат есім түрленуі».

Сабақтың мақсаты: «Сән үлгілері» модуліндегі берілген тақырыптар бойынша танымдылық қабілеттерін арттыру. Оқушыларға грамматикалық тақырып бойынша өткен сабақтарды пысықтай отырып, оларды практикалық жұмыстарда қолдану.

Сабақтың міндеті:

а) Білімділік: «Сән үлгілері» модуліндегі берілген тақырыптар бойынша танымдылық қабілеттерін арттыру. Оқушыларға зат есім емлесін қайталай отырып, оларды практикалық жұмыстарда қолдану;

б) Дамытушылық: Қазақша сауатты сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту,оқушылардың ой өрісін дамытып тілді еркін меңгеру қабілеттерін арттыру;

в) Тәрбиелік: тазалыққа,жинақылыққа және мейірімділікке баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, СТО стратегиясы,суретпен және кестемен жұмыс.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер, тірек сызбалар. Пәнаралық байланыс: тарих,өнер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгелдеу,өлең шумақтары арқылы топқа бөлу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Киіну әдебі.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

а) Халық арасында белгілі топтар қалай киініп жүрген?

ә) Оларға кімдер жатады?

б) Киіну әдебіне орай кей елдерде нелер болған?

в) Ресейде қандай арнаулы заңдар болған?

Үйге берілген сабақты тексеру,пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық киімдер» Тақтадағы суретпен жұмыс. Суретте көрсетілген киім түрлеріне байланысты түсінік беру.

1-тапсырма.

Ұлттық киімдер

Сыртқы киім

Бас киімдер

Аяқ киімдер

Күнделікті киетін киімі

Мереке күндері киетін киімі


Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Зат есімнің түрленуі жайында төменгі сыныптарда өткенді қайталау.

2-тапсырма. Берілген зат есімдерді қолданып, сөйлемдер құрастырыңдар.

Сәукеле, құлақшын, байпақ, шәлі.


3-тапсырма. Мына төмендегі сөздерді жұптастырыңдар

Жиһаз дүкені мәсі

Көкөніс дүкені өлеңдер жинағы

Аяқкиім дүкені сүт

Азық-түлік дүкені орындық

Кітап дүкені қырықжапырақ

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына киім атауларын қойып жазыңдар. Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

Анам киімдер дүкенінен .... сатып алды. Інім .... барды. Ағамның баласына .... сатып алдық. Әжемнің ... әдемі. Атамның .... таза.

ІV. Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей: Тест тапсырмалары.

ІІ деңгей: Үлестірмелі парақшалармен жұмыс.

V.Бекіту.

5-тапсырма.

Жастарға ұлттық киім кигізуге қалай қарайсың?

Болашақта жастар қалай киіну керек?

.Оқушыларды бағалау.

VІІ.Үйге тапсырма: Ұлттық киімдер жайында шағын әңгіме жазу.



© 2010-2022