Сабақтың тақырыбы: Оригами өнері

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» комуналдық мемлекеттік мекемесінің технология пәні мұғалімі Джылкаманова Алтынай

Сабақтың тақырыбы: Оригами өнері
Сабақтың мақсаты: қағаз бүктеу өнері-оригами туралы түсінік беру, тарихына шолу жасау, және аққу макетінің жасалу жолдарымен таныстыру.
1. Оқушыларға қағаздан дайындалған бұйымдарды көрсетіп, жасалу жолдарын түсіндіру.
2. Қағаздың бүктеу тәсілдерін үйрету, бүктеу барысында икемділігін, шеберлігін дамыту.
3. Эстетикалық талғаммен ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: тарих, ән - күй, бейнелеу өнері, математика, әдебиет.

Көрнекілігі: дайын бұйымдар,слайдтар,суреттер,видео сабақ,нұсқаулықтар.
Сабақтың құрал - жабдықтары: Қайшы, желім, ақ қағаз А-4, сызғыш, қарындаш.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгелдеу,сабаққа дайындықтарын тексеру.
Ой шақыру
Өнерге, еңбекке байланысты мақал - мәтелдер айту.

Қағаз

Жазу жазады
Бүктеу арқылы бұйымдар жасайды
Кескіндемелер салады
Ыдыс - аяқтар жасайды

Қағазды және қандай мақсаттарда пайдаланады?

Мағынаны ажырату.

Жапон мақалы
Маған айт - мен естимін,
Маған көрсет - мен есімде сақтаймын,
Маған істеуге бер - мен түсінемін.
- Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Қағаз бүктеу өнері ».

Қағаз бүктеу өнері оригами деп аталады.
Ал осы жерде бізге таныс емес сөз - оригами. Қағаздарды бүктеу арқылы жасалған бұйымдарды оригами деп атайды. Бұл өнердің өзіндік тарихы бар
Оригамидің Отаны - Жапония.
Жапонияда оригами Хэйан заманынан (794 - 1185ж. ж.) бастап келеді. Бұл заманда қағаз қолдан істеу әдісімен өндірілген, құнды және әсем материал болды, негізінен діни рәсімдерде қолданылды. «Ори» - «қағаз» және «ками» - «құдай» сөздерінің дыбысталуындағы ұқсастық маңызды роль атқаруы мүмкін. Оригами Жапонияда пайда болған. Жапон қағазы - айрықша қағаз. оны шығаратын кішкене зауыттарда электр қуатының орнына су, күн және жел қуатын пайдаланады. Оригамиді қайшыны пайдаланбай, бүктеу арқылы жасау тән. Соңғы уақыттарда тек Жапонияда ғана емес, сондай - ақ басқа елдерде оригами өнерімен айналысады.
Қарапайым оригами - оригамидің стилі, британ оригамисті Джон Смит ойлап тапқан, бұл бүктемелердің тек төбешік пен жазықтыққа жиналуымен ғана шектеледі. Айналдыра бүктеу - оригами диаграммаларының бір түрі, дайын модельдің бүкіл бүктемелері бейнеленген сызба Оригамидің танымал түрлерінің біріне модульдік оригами жатады, мұнда тұтас фигура көптеген ұсақ бөліктерден (модульдерден) жиналады, олардың әрқайсысы қағаз парағынан бүктеліп жасалады. Сулы бүктеме - бүктеу техникасы, Акира Иошизава ойлап тапқан және суланған қағазды фигуралардың түзу шығу үшін, көрікті болу үшін, сонымен қатар қатты болу үшін қолданады.

Бүгін біз сендермен аққуды оригами техникасында қағазбен бүктеу арқылы жасаймыз.
1. Аққу туралы қандай аңыз білесіңдер?
2. Аққу қандай құс?
3. Аққу туралы қандай өлең жолдарын білесіңдер?

Сарамандық жұмыс
1.Қағазды схема бойынша бүктеу әдістерін үйрету.
2.Аққудың бүктелу жолын видео сабақ арқылы көрсету.

Оқушылар қолдарына жеке схемалар беріледі.

Оқушылар аққуды бүктейді.

Сабақтың тақырыбы: Оригами өнері

Сергіту сәті.
Музыкалық үзіліс. Оқушылар билейді
Ой толғаныс кезеңі
Ал енді, балалар бүгінгі сабақты қорытындылай келе мына кестені толтырамыз. INSERT әдісі.

Білемін

Білдім

Білгім келеді


Оқушылардың білімін бағалау.
1. Оқушылардың сабақтағы белсенділігін атап көрсету.
2. Жасаған жұмыстарын бағалау.

Үй тапсырмасы: Аққудың өзгеше бүктелу жолдарын іздестіру.



© 2010-2022