Ілмекпен тоқу (9 - сынып)

Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ілмекпен тоқу (9 - сынып)

Сабақтың тақырыбы: Ілмекпен тоқу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ілмек бізбен тоқу туралы түсінік беру. Ілмек бізбен тоқу әдістерін меңгерту, халқымыздың ұмытылып бара жатқан тоқыма өнерін жаңарту.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту ,сарамандық іс- әрекеттері мен эстетикалық сезімдерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап

Сабақтың көрнекілігі: Ілмек біз, тоқыма жіп, тоқылған бұйымдар

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Өткен сабақты пысықтау

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру

«Миға шабуыл» сұрақтары

1.Тоқу өнері қандай өнер түріне жатады?

2.Қазақ қолөнершілері тоқу ісін қандай жіптерді пайдаланған?

3.Тоқу түрлерін атаңдар?

4.Жүннің қандай қасиеттері бар?

5.Ұршық дегеніміз не?

ІІІ.Жаңа сабақ

Ілмекпен тоқу

Ілмек бізбен тоқу өте ертеде Солтүстік Африкада ХІІІ-ХІV ғасырда ұзын ілмекпен тоқудан, одан Шығыс Еуропада, кейінірек Ресей елінде дамыған. Ілмек бізбен киімдер, әр түрлі сан алуан бұйымдар, столға дастарқан, салфеткалар, төсек жапқыштар т.б. тоқыды. Тоқу барысында ілмектің болаттан, пластмассадан және ағаштан жасалынған түрлерін және олардың жіптің жуан - жіңішкелігіне сәйкес түрлі нөмерлері пайдаланылады. Ілмекпен тоқу үшін кез-келген жіпті пайдалануға болады.

Видеоролик көрсетіледі

Қауіпсіздік ережесі

  1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.

  2. Орындыққа арқаны сүйеп, тік отыру қажет.

  3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.

  4. Ілмек біздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек.

  5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірім жіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу керек.

  6. Жұмыс соңында барлық құрал - жабдықтарды жәшікке жинап салу керек.

  7. Ілмек бізді қорабымен алып жүру қажет.

Сарамандық жұмыс : Ілмек бізбен іліп тоқу

Қажетті құрал- жабдықтар: ілмек біз , иірім жіп

Бекіту кезеңі

І топ

Ілмекпен тоқу

Ілмек бізбен тоқу өте ертеде Солтүстік Африкада ХІІІ-ХІV ғасырда ұзын ілмекпен тоқудан, одан Шығыс Еуропада, кейінірек Ресей елінде дамыған. Ілмек бізбен киімдер, әр түрлі сан алуан бұйымдар, столға дастарқан, салфеткалар, төсек жапқыштар т.б. тоқыды. Тоқу барысында ілмектің болаттан, пластмассадан және ағаштан жасалынған түрлерін және олардың жіптің жуан - жіңішкелігіне сәйкес түрлі нөмерлері пайдаланылады. Ілмекпен тоқу үшін кез-келген жіпті пайдалануға болады.

Сұрақ 1

  1. Ілмекпен тоқу үшін қандай жіптер пайдаланады?

  2. Ілмекпен тоқу арқылы қандай бұйымдар жасалады?

  3. Іліптоқу неліктен ер адамдардың кәсібі деп саналады?

Әрбір пайымдауды "Иә" немесе "Жоқ" жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз. А) Ілмекпен кілем тоқуға бола ма? (иә/жоқ)

В) Ілмекпен тоқуға жібек жіп пайдаланады ма? (иә/жоқ)

С) Ілмекпен тоқу мен білтегешпен тоқуда айырмашылықтар бар ма? (иә/жоқ)

Тест

1.Ілмекпен тоқу қай ғасырда пайда болған?

А) ХІ-ХІІ В) ХІІІ-ХIV C) XV-XVII

2. Ілмекпен тоқу үшін пайдаланбайтын жіп түрін көрсетіңіз?

А) Жібек жіп В) Синтетикалық жіп С) Арқау жіп

3. Алғашында тоқу кімдердің кәсібі болған?

А) Әйел адамдардың В) Ер адамдардың С) Тек тоқымашылардың

ІІ топ

Жіп

Жіп - қысқа талшықтардан ширатылған, мата және трикотаж тоқуға, киім, кесте, т.б. тігуге , арқан есуге, т.б. пайдаланылатын жеңілөнеркәсіп өнімі. Жіп біртектес талшықтан (мыс, мақта талшығы, зығыр талшығы) немесе әр түрлі талшықтан (мыс, жүн мен вискоз штапелі талшықтарынан) иірілуі мүмкін. Жіптің ең басты сапалық сипаттамасы - жіңішкелілігі (нөмірі) мен механикалық қасиеттері (беріктігі, созылымдылығы, ширағыштығы, тазалығы т.б). Өндіру тәсіліне қарай тарақтап иірілген жіп, иіру машинасында әзірленген жіп болып бөлінеді

Сұрақ 1

  1. Тоқу өнеріне қандай жіптерді пайдаланамыз?

  2. Жіптің ең басты сапалық сипаттамасы қандай?

  3. Табиғи жіп пен синтетикалық жіптің ерекшелігі неде?

Әрбір пайымдауды "Иә" немесе "Жоқ" жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.

А) Жүн иірім жібі тек сым темірмен тоқуға арналған ба? (иә/жоқ) В) Зығыр берік әрі тоқылған бұйымдармен салыстырғанда ылғалды жақсы сіңіреді ме? ә/жоқ)С) Кашемир құрамына қарай ауыр, тығыз, созылмайтын болып бөлінеді ме? (иә/жоқ)

Тест

Жіп өндіру тәсіліне қарай қандай түрге бөлінеді?

А) Тарақтап иірілген,иіру машинасында әзірленген

В) Талшықтан иірілген, табиғи

С) Өңделген, өңделмеген

2. Тегіс, бедерлі, әр түрлі өрнектерді тоқу үшін қандай иірім жіп қолданылады?А) Фасонды иірім жіп В) Жүн иірім жібі С) Мақта иірім жібі

3. Фасонды иірім жіп қандай жолмен дайындалады?А) Табиғи жолмен

В) Ерекше технологиямен С) Химиялық жолмен





Сәйкестендіру

Иірімжіп түрлері Иірімжіп атаулары

Ілмекпен тоқу (9 - сынып)Вискоза

Ілмекпен тоқу (9 - сынып)Ангор

Ілмекпен тоқу (9 - сынып)Зығыр

Ілмекпен тоқу (9 - сынып)Кашемир

Үйге тапсырма§ 20. Ілмекпен тоқу. Ілмек бізбен әртүрлі бұйымдар тоқу Бағалау

Жалағаш ауданы

№ 201 мектеп -лицейінің

Технология пінінің мұғалімі Г.Ержанова



© 2010-2022