Табиғи және химиялық талшықтар -ашық сабақ

Г.С. Суюнова,  арнайы пәндер оқытушысы. МКҚК  «Технологиялық  колледж »  БҚО, Орал қаласы. Тақырыбы: «Тігін  өндірісіндегі  материалтану»  сабағында, «Сыни тұрғыдан ойлау», технологиясын пайдалана отырып , студенттердің білімдерін жан-жақты тексеріп,  жүйелеп , ой-өрісін, шығармашылық  қабілеттерін   дамыту.   Сабақ тақырыбы: Табиғи  және химиялық талшықтар. «Тігін  өндірісіндегі  материалтану»  сабағы. Сабақ мақсаты: Білімділік мақсаты:Табиғи  талшықтар  мен химиялық талшықтардың қасиеттері, қ...                           Жасанды-вискоздыңшикізатышырша,  қарағай,  көпжылтырамайды, жануы Мақтағаұқсас, қышқыл мен сілтігесезімтал. Триацетат  талшығы- шыны мен металл жіптерден  алынады, техникалықмақсатпенсәндіматаларшығаруүшінпайдаланады.         Ацетаттың -шикізатымақтақалдығы, мықтылығы  төмен, аздапұзарады 22-30%, күнсәулелерін  өткізеді. Синтетикалық  талшық-шикізаты тас көмір, капрон  талшығы алынады. Синтетикалық  жіптерді, арқан шығаруға пайдаланады. Созғанға мықты, тозбайды, суыққа,...
Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Г.С. Суюнова, арнайы пәндер оқытушысы.

МКҚК «Технологиялық колледж » БҚО, Орал қаласы.

Тақырыбы: «Тігін өндірісіндегі материалтану» сабағында, «Сыни тұрғыдан ойлау», технологиясын пайдалана отырып , студенттердің білімдерін жан-жақты тексеріп, жүйелеп , ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Сабақ тақырыбы: Табиғи және химиялық талшықтар.

«Тігін өндірісіндегі материалтану» сабағы.

Сабақ мақсаты:

Білімділік мақсаты:Табиғи талшықтар мен химиялық талшықтардың қасиеттері, құрамы жөнінде білімдерін жетілдіру. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін жан-жақты тексеру, білімдерін жүйелеу.

Дамытушылық мақсаты: Ой-өрісін, шығармашылық қабілетін, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: қызығушылықтарын арттыру, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбек сүйгіштікке, зейін қоюға тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: Бекіту сабағы.

Сабақ түрі : аралас сабақ

Көрнекілігі : табиғи, химиялық талшықтар коллекциясы, интерактивті тақта, тәжірибелік жұмысқа қолдалынатын құралдар.

Күтілетін нәтиже: «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын пайдалана отырып ,студенттер табиғи және химиялық талшықтардың түрлерін,түсін пайдасын , тиімділігін, қайдан алынатынын үйренді.Топпен бірлесіп ынтымақтастықта жұмыстануға дағдыланады.

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру бөлімі. 1. Оқушылардың қатысымын журнал бойынша тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Өткен тақырыптар бойынша үй тапсырмасын сұрау.

1. Талшықтар дегеніміз не?

- Талшық деп ұзындығы көлденең көп есе артық иілгіш, жіңішке, әрі мықты затты айтады.

2.Талшықтар нешеге бөлінеді?

- Талшықтар табиғи және химиялық болып екіге бөлінеді.

Табиғи және химиялық талшықтар -ашық сабақ.Табиғи және химиялық талшықтар -ашық сабақ.3.Табиғи талшықтарға жатады және сипаттама бер? Табиғи талшықтарға: мақта, жүн, зығыр, жібек, минералды талшық асбест жатады.



Мақта-өсімдіктің ұрығын жауып тұратын "коза"деп аталатын өте жіңішке

Бір жылдық талшық. Ұзындығы мен жуандығы сортына байланысты, мықтылығы пісіп жетілуіне байланысты, ылғалды тез сіңіріп, тез шығарады,

Сілтіге қарсы тұра алмайды, қағаз сияқты жыртылып қалады. Күн сәулесі 940 сағатта 50% мықтылығын жоғалтады.

Зығыр-өсімдік сабағынан, қабықты бөлігінен алынатын талшық. Ұзындығы өсімдік сабағына байланысты, мықтылығы үзу күшімен сипатталады ,ылғалды тез сіңіріп, тез шығарады, қышқыл мен сілтіге қағаз сияқты тез жыртылып қалады. Күн сәулесі 990 сағат, 50%мықтылығын жоғалтады.

Жүн-жануарладың тері жамылғысы. Дене түгі 3 қабаттан тұрады : қабықты, қабыршақты, өзекті және 3типтен тұрады: түбіт, ауыспалы өлі шаш және қылшық. Жуандығы талшық түріне байланысты, мықтылығы -жуандығы мен құрылымына байланысты. Органикалық еріткіштерге жүн төзімді. Күн сәулесіне 1120 сағатта 50% мықтылығын жоғалтады.

Табиғи және химиялық талшықтар -ашық сабақ.Табиғи және химиялық талшықтар -ашық сабақ.



Таза жібек-жібек құртынан шығатын өте жіңішке жіптер. Какон жібінің ұзындығы 1500м, жетеді. Пайдаға асатыны 600-900 метр. Таза жібек аз қыртыстанады. Органикалық еріткіштерге төзімді. 1100температурада мықтылығын жоғалтады. 200 сағатта 50% кемиді.

Асбест-отқа төзімді электр және жылу өткізгіштік қасиеті бар, техникалық мақсаттарға пайдалынатын таза минералды талшық.

Концептуалдық кестелерді пайдаланып, дұрыс жауаптарға белгі қою.

Табиғи және химиялық талшықтар -ашық сабақ.



Зығыр - құрамындағы белок лигнин, түсі ашық сұрдан, қара сұрға дейін.

Жүн- құрамындағы белок кератин , түсі сұр, қызғылт, қара. 1120 сағатта 50% мықтылығын жоғалтады.

Мақта - түсі ақ,сары, жасыл.

Жібек- құрамындағы белок серицин және лигнин,түсі ақ , ептеп ақ сары. 200 сағатта мықтылығы 50% кемиді.

Осы концептуалды кесте арқылы , дұрыс жауаптарын белгілеп береді.

ІІІ. Химиялық талшықтар -жасанды, синтетикалық, органикалық емес болып 2 -гебөлінеді

Табиғи және химиялық талшықтар -ашық сабақ.



Табиғи және химиялық талшықтар -ашық сабақ.



Жасанды-вискоздың шикізаты шырша, қарағай, көп жылтырамайды, жануы

Мақтаға ұқсас, қышқыл мен сілтіге сезімтал. Триацетат талшығы- шыны мен металл жіптерден алынады, техникалық мақсатпен сәнді маталар шығару үшін пайдаланады. Ацетаттың -шикізаты мақта қалдығы, мықтылығы төмен, аздап ұзарады 22-30%, күн сәулелерін өткізеді. Синтетикалық талшық-шикізаты тас көмір, капрон талшығы алынады. Синтетикалық жіптерді, арқан шығаруға пайдаланады. Созғанға мықты, тозбайды, суыққа, химиялық әсерге төзімді. Жалыны көкшіл, үгітілмейтін қара түйршік пайда болады. Полиэфирлі- шикізатты мұнай, лавсан алынады.Тігін жібін, жасанды мех, кілем түктерін дайындауға пайдаланады. 1400температурада түсін өзгертеді, мата бетінде кетпейтін дақтар пайда болады. Полиуретанды - спандекс алынады, үйкеліске , жылуға төзімді. Трикотаж бұйымдарын, спорт киімдерін , емдеу бұйымдарын жасауға пайдаланады, иілгіш талшық. Полиакрилонитрильді /нитрон/ шикізаты мұнай, газ, жұмсақ, жібектей талшық . Жылусақтау қасиеті жүннен артық. 2000-2500температурада балқиды, түтіндейді, сары жалынмен лапылдап жанады, көйлек, костюм маталарын шығаруға пайдаланады. Поливинилхлоридті, хлорин - серпімді, сілтіге қышқылға шыдамды, шірімейді. Жылусақтау қасиеті жүннен кем емес. Хлорин жанбайды, жанғанға қосылмайды. Поливинилхлоридті-винал. Жарыққа, үйкеліске шыдамды. Жылуда отырады, балқиды. Мақта, жүн талшықтарына қосып мата шығаруға қолданылады. Органикалық емес-металл, әйнек -13700электр пештерінде балқытады. Өте жіңішке, иілгіш, жарық өткізетін, отқа төзімді жіңішке жіпкеайналады.



Семантикалық кестені толтыру.

Студенттер тапсырманы жұпта орындап тақтаға шығып , химиялық , табиғи талшықтардың шикізатын салыстырмалы түрде толтырады.



Табиғи және химиялық талшықтар -ашық сабақ.





Химиялық талшықтардың шикізаты : ағаш, мақта қалдықтары, темір, газ, мұнай, әйнек. Табиғи талшықтардың шикізаты: мақта , зығыр, жүн, жібек.

Венн диограммасын толтыру.

Табиғи мен химиялық талшықтардың ерекшелігі мен ұқсастығын ашып жазу.

Табиғи және химиялық талшықтар -ашық сабақ.



Табиғи және химиялық талшықтар -ашық сабақ.

Табиғи талшықтардың ерекшеліктері

1.Табиғаттан алынуы.

2. Жанғанда үгітілетін қара түйршіктер пайда болады. 3.Органикалық еріткіштерге төзімді.

Химиятық талшықтардың ерекшеліктері

1.Химиялық жасанды жолмен алынады. 2.Үгітілмейтін қара түйіршіктер пайда болады.

3.Органикалық еріткіштерге төзімді

Ұқсастығы:

1.Жіп алынады.

2.Мата алынады.

3.Адам денсаулығын сақтауға бағытталған бұйымдар тоқылынады.

ІV.Табиғи, химиялық талшықтардың жануы жөнінде ерекшелігін тәжірибелік жұмыс арқылы көрсету.

Мақта мен зығырдың жануы-сары түсті жалын мен түгел жанып , сұр түсті күлге айналады. Қағаз иісі сезіледі, үгітілетін қара түйіршік пайда болады.

Жүннің жануы-жалында піседі, жалыннан алсақ жанғаны басылады, ұшында үгітілетін қара түйіршік пайда болады, күйген қауырсын иісі сезіледі.

Химиялық талшықтың жануы-плассмас иісі сезіледі, үгітілмейтін қара түйіршік пайда болады , жалыны сары.

V. Тест сұрағын өткізу және оқушылардың бірін-бірі бағалауы

1. Талшық дегеніміз не?

А. Иілгіш, жіңішке, мықты зат

В. Байланысқан талшық

С. Құрама талшық

Д. Қарапайым талшық

Е. Техникалық талшық

2. Табиғи талшық дегеніміз не?

А. Завод жағыдайында алынады

В. Табиғатта кездесетін талшық

С. Жасанды талшық

Д. Синтетикалық талшық

Е. Химиялық талшық

3. Гигроскопиялық дегеніміз не?

А. Талшықтардың химиялық құрамы

В. Сыртқы ортаның әсеріне қарсы тұру қабілеті

С. Денсаулық сақтауға бағытталған

Д. Ауа өткізу қабілеті

Е. Талшықтардың су буын бойына сіңіру қабілеті

4. Жүннің құрамындағы белок:

А. Фиброин

В. Серицин

С. Кератин

Д. Асбест

Е. Лигнин

5. Хлорин қай талшықтан алынады?

А. Полиуретанды

В. Полиэфирлі

С. Поливинилхлоридті

Д. Полиакрилонитрилді

Е. Полиамидті

6.Органолептикалық әдіс дегеніміз не?

А. Көзбенкөру

В. Матаның талшықтық құрамын сезім органдары арқылы анықтау

С. Иісін сезу

Д. Қолмен ұстап көр

Е. Барлығы жатады

7.Сары жалынмен түгел жанып, сұр түсті күлге айналады және күйген қағаздың иісі шығады, бұл қай талшық?

А. Капрон

В. Жүн

С. Таза жібек

Д. Мақта

Е. Асбест

8. Жасанды талшықтарды алу жөнінде алғаш ашқан ғалым :

А. Гук

В. Ч.Дарвин

С. Менделеев

Д. Карл Маркс

Е. Платон

9. Талшықтың құрамын сезім органдары арқылы анықтау, бұл қандай әдіс?

А.Тарақтық

В. Аппараттық матаның өң, түсін анықтау

С. Матаның өң, түсін анықтау

Д. Оргонолиптикалық

Е. Жауабы жоқ

10. Бұл талшықты алу үшін электр пештерінде 13700t - да балқытады….

А. Ацетатты

В. Вискоза

С. Шыны

Д. Мыс талшықты

Е. Полинозды

VI. Қортындылау Оқушылардың білімін бағалау.


© 2010-2022